Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 10:20

Тарихи тұлғалар есімдері жаңғырды

Ауданымыздың үш мектебіне батыр бабамыздың, алаш ардақтысының,

еңбек ерінің есімдері берілді

Қазақтың ұлан өлкесі сынға түскен сонау бір сұрқай шақтарда басын бұғауға бермей, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы азаттық үшін арпалысқан оғландар есімі ұрпақ жадынан сөнбейді. Соның бірі – ХVІІІ ғасырда ғұмыр кешкен жоңғар басқыншылығына қарсы Хангелді, Наурызбай сияқты батырлармен бірге азаттық жолында күрескен – Бөлек батыр. Бүгінде Аңырақай аталып кеткен Далатау жазығында болған қалмақтардың бас батыры Аңырақайды тізе бүктірген баһадүр бабамыздың есімін енді жас ұрпақ мәңгі атап жүрмек. Себебі, өзінің туған өлкесі Ақшидегі мектеп Бөлек батыр есімімен аталды. Игі шараға аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, Алматы облыстың мәслихатының депутаты Жангелді Осан қатысып, ақшиліктерді торқалы тойымен құттықтады.

Алдымен сөз алған Бинәлі Әбдіқапасұлы: – Міне, бүгін мектептің аты беріліп, өнегелі өткенімізден ұлттығымызды айшықтайтын тұнып тұрған жәдігерге айналған бабамыздың есімі тарих беттерінде осылайша алтын әріптермен жазылып, халқымыздың жан сырын тербеткен ізгі арман-тілектері орындалып отыр.

«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр», – демекші қашанда ер есімі ел есінде болуы қажет. Өйткені, осындай ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен алмағайып заманда қазақ жерінің тұтастығы жолында жан алысып, жан беріскен атақты тұлғалардың ғибратқа толы өмір жолы – жастарымызға үлгі-өнеге, – деп барша жиылған қауымды мерейлі тоймен құттықтап, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.

Сөз алған ауылдың ақсақалы, Батыр есімі мектепке берілуі үшін 10 жылдан астам бір кісідей тер төккен Махмұт Андақбай: – Бүгін ауылымызда торқалы той. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кешудеміз. Батыр атында бір округ, көше бар. Енді бүгін жас ұрпақ білім нәрімен сусындайтын алтын ұяның да есімі берілді. Осындай қуаныштың басында тұрған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлына тұрғындар атынан алғыс білдіремін, – деп, аудан басшысының иығына қазақы салт бойынша шапан жапты. Кейіннен мектеп директоры Салтанат Жошыбаева да ақжарма тілегін жеткізді. Батыр есімі берілгендігі туралы маңдайшаны ашу құрметі қонақтар мен ауыл ақсақалдарына берілді.

Мектеп ішінде Батырға арнайы стенд әзірленіпті. Онда Бөлек батырдың портреті, орталық мұражайда сақталған дулығасының суреті және Елбасы «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласында айтып өткен «100 жаңа есім» идеясы негізінде ауылдан шыққан тарихи тұлғалардың есімі мен жеке суреттері қойылған. Ұста Дәркембай Шоқпарұлы, ақын Тұманбай Молдағалиев, академик Жолмұхан Түрікпенұлы, физика-математика ғылымдарының профессоры Әділхан Әбілдаев, жаратылыстану ғылымдарының академигі Анарбек Бекботаев секілді елге белгілі азаматтар стен-діде таңбаланып тұр. Осындай атқарылған жұмыстарды барлаған аудан әкімі ауыл ақсақалдары мен тұрғындарына алғысын білдірді.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 23686 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет