Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 10:20

Тарихи тұлғалар есімдері жаңғырды

Ауданымыздың үш мектебіне батыр бабамыздың, алаш ардақтысының,

еңбек ерінің есімдері берілді

Қазақтың ұлан өлкесі сынға түскен сонау бір сұрқай шақтарда басын бұғауға бермей, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы азаттық үшін арпалысқан оғландар есімі ұрпақ жадынан сөнбейді. Соның бірі – ХVІІІ ғасырда ғұмыр кешкен жоңғар басқыншылығына қарсы Хангелді, Наурызбай сияқты батырлармен бірге азаттық жолында күрескен – Бөлек батыр. Бүгінде Аңырақай аталып кеткен Далатау жазығында болған қалмақтардың бас батыры Аңырақайды тізе бүктірген баһадүр бабамыздың есімін енді жас ұрпақ мәңгі атап жүрмек. Себебі, өзінің туған өлкесі Ақшидегі мектеп Бөлек батыр есімімен аталды. Игі шараға аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, Алматы облыстың мәслихатының депутаты Жангелді Осан қатысып, ақшиліктерді торқалы тойымен құттықтады.

Алдымен сөз алған Бинәлі Әбдіқапасұлы: – Міне, бүгін мектептің аты беріліп, өнегелі өткенімізден ұлттығымызды айшықтайтын тұнып тұрған жәдігерге айналған бабамыздың есімі тарих беттерінде осылайша алтын әріптермен жазылып, халқымыздың жан сырын тербеткен ізгі арман-тілектері орындалып отыр.

«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр», – демекші қашанда ер есімі ел есінде болуы қажет. Өйткені, осындай ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен алмағайып заманда қазақ жерінің тұтастығы жолында жан алысып, жан беріскен атақты тұлғалардың ғибратқа толы өмір жолы – жастарымызға үлгі-өнеге, – деп барша жиылған қауымды мерейлі тоймен құттықтап, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.

Сөз алған ауылдың ақсақалы, Батыр есімі мектепке берілуі үшін 10 жылдан астам бір кісідей тер төккен Махмұт Андақбай: – Бүгін ауылымызда торқалы той. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кешудеміз. Батыр атында бір округ, көше бар. Енді бүгін жас ұрпақ білім нәрімен сусындайтын алтын ұяның да есімі берілді. Осындай қуаныштың басында тұрған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлына тұрғындар атынан алғыс білдіремін, – деп, аудан басшысының иығына қазақы салт бойынша шапан жапты. Кейіннен мектеп директоры Салтанат Жошыбаева да ақжарма тілегін жеткізді. Батыр есімі берілгендігі туралы маңдайшаны ашу құрметі қонақтар мен ауыл ақсақалдарына берілді.

Мектеп ішінде Батырға арнайы стенд әзірленіпті. Онда Бөлек батырдың портреті, орталық мұражайда сақталған дулығасының суреті және Елбасы «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласында айтып өткен «100 жаңа есім» идеясы негізінде ауылдан шыққан тарихи тұлғалардың есімі мен жеке суреттері қойылған. Ұста Дәркембай Шоқпарұлы, ақын Тұманбай Молдағалиев, академик Жолмұхан Түрікпенұлы, физика-математика ғылымдарының профессоры Әділхан Әбілдаев, жаратылыстану ғылымдарының академигі Анарбек Бекботаев секілді елге белгілі азаматтар стен-діде таңбаланып тұр. Осындай атқарылған жұмыстарды барлаған аудан әкімі ауыл ақсақалдары мен тұрғындарына алғысын білдірді.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 9064 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 15, 2025

Кәсіптік аурулардың алдын-алу…

 Кәсіптік аурулар — адамның еңбек қызметі барысында зиянды және қауіпті өндірістік…
Мам 15, 2025

День семьи: многодетная мать из…

В городе Конаеве более 600 многодетных матерей получают поддержку от общественного…
Мам 15, 2025

Вдвое больше воды, чем за…

Всего с начала текущего поливного периода местные фермеры получили 44 млн кубометров…
Мам 15, 2025

Суару кезеңі басталғалы Жамбыл…

Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі…
Мам 15, 2025

Астанада қазақстандық өндірушілердің…

Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің…
Мам 15, 2025

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫН МАҢЫЗДЫ…

Бүгінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесінің негізгі…
Мам 15, 2025

Т.Молдағалиев атындағы аудандық…

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияның премьері Уинстон Черчилльге қаржы министрі ел…
Мам 15, 2025

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік…
Мам 15, 2025

Шебердің қолы - алтын

Сағат Қалыбек ҚХР-ның Мұңғұл күре ауданына қарасты Ақсу ауылында 1972 жылдың 15…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет