Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 11:51

Сұлулар сынға түсті

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Иә, қазақ халқы үшін қыздың орны ерекше. Қызды қырық үйден тыйып, оған болашақ ана ретінде қараған жұртымыз бүгінде де сол дәстүрінен жаңылған емес. Оның бір дәлелі, жақында Бәйдібек би ауылдық округінде өткен «Бәрінен де сен сұлу» байқауы. Гүлнұр Назарбаева және Райхан Тұрсынбаеваның идеясымен өмірге келген жоба аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен       жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімінің қолдауымен өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметов пен бөлім басшылары, округ әкімдері қатысты.

 

Облыстық байқаудың аудандық кезеңінде аудандағы жүз арудың ішінен іріктелген он бойжеткен өздерінің ақыл-парасатын, өнері мен қазақ қызына тән ибалығы мен инабаттылығын сарапқа салды. Олар «Өз өнерін көрсету», «Үй тапсырмасы» және «Фобия» кезеңдері бойынша сынға түсті. Олардың өнеріне идея авторы Райхан Тұрсынбаева, «Астана» арнасының продюсері Маржан Сәдуақасова, «Достар» прдюсерлік орталығының директоры, актер Еркебұлан Молдашев, әнші Асан Санат пен Мұхтар Әскербек қазылық етті. Құттықтау сөзінде Бекет Ахметов қатысушы қыздарға сәттілік тілеп, шара ұйымдастырушыларына алғыс білдірді. Шара барысында көрермендер сұлулардың өнерін тамашалап қана қоймай, белгілі әншілер Асан Санат, Нұржан Керменбаев тағы да басқа эстрада жұлдыздарының әндерін қосыла шырқады.

Нәтижесінде, бартоғайлық Умида Айсрахунова жүлделі үшінші орынды иеленді. Есік қаласының аруы Хатуна Маметова екінші орынға жайғасып, ЕГЭК студенті Толғанай Нұрсапа І орынға табан тіреді. «Бәрінен де сен сұлу» байқауының гран-при иегері бәйтеректік Назым Жұмағали ханшайым тәжін киіп (суретте), облыстық байқауға жолдама алды. Шара соңында қатысушылар мен жеңімпаз аруларға қомақты қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4692 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сұлулар сынға түсті Сұлулар сынға түсті »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет