– Қазіргі кездері жаңа жылды қалай қарсы аласың?
– Соңғы жылдары көбінде Есіктегі ата-анамның жанында қарсы аламыз жаңа жылды. Дегенмен, қазір Тәуелсіздік тұсында Кеңестің «көзіндей» болған жаңа жылды сол кездегідей тойлау жоқ. Әдеттегідей күн көреміз. Шағын дас-тархан жайып, отбасымыз бір-бірімізді құттықтаймыз. Тілегімізді білдіреміз.
– Бүгінде еліміздің бас командасы «Астана Арланс» сапында өнер көрсететінің баршаға аян. Құрамамен бірге жаңа жылды қарсы алған сәттерің болған шығар?
– Әрине, ондай сәттер болады. Айталық, 2013 жылы қаңтардың басында Польшаға баруымыз керек болды. Содан дайындықтан қол үзбеу мақсатында жаттықтырушыларымыз жаңа жылды жаттығу алаңында қарсы алу керектігін айтты. Бәріміз жиналып, кішігірім дастархан басында ақ тілегімізді айтып қарсы алдық.
– Биылғы жылғы «Астана Арланстың» аяқ алысын бәріміз көрдік, бақыладық, жеңісіне риза болдық. Мешін жылы қазақстандықтарды немен қуантпақшысыңдар?
– 23 қаңтарда Қарағандыда Әзірбайжан командасымен кездесу өтеді. Алла бұйыртса, байрақты бәсекеде жеңіске жетеміз деген зор үміт бар.
– Жерлестеріңе жаңа жылдық лебізің...
– Еңбекшіқазақ ауданы оның ішінде Ащыбұлақ ауылы мен үшін қашанда ыстық. Осы киелі тарихи өңірден түлеп ұшқан, шыны керек, менде арман жоқ. Қазірдің өзінде көбіне Есікте боламыз. Ондағы спортқа көрсетіліп жатқан ерекше қамқорлық мені шынайы қуантады. Әрдайым ынтымақ-бірлігіміз ыдырамасын, жаңа жыл құтты болсын, құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары!
– Рахмет Мардан, саған да жаңа жылда толағай табыстар тілейміз.
Әңгімелескен
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.