Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2015 13:40

«Астана Арланс» құрамасының мүшесі, кәсіп-қой боксшы Мардан БЕРІКБАЕВ: «Тарихи өңірден түлеп ұшқан менде арман жоқ»

– Бала кездегі жаңа жылдық қызықты сәттерің есте ме?

– Балалықтың бал дәмі естен кетсін бе. Тәтті күндердің талайын Ащыбұлақта өткіздім. Бала достарым, сыныптастарымның көбі де сонда. Әлі есімде 5 сынып кезім. Ең алғаш сол кездері үш қарақшы киімін кидім. Қолда қылыш. Достарыммен тай-құлындай тебісіп, шыршаны айналып, ән салған сәттер күні бүгінге дейін көз алдымда.

 

– Қазіргі кездері жаңа жылды қалай қарсы аласың?

– Соңғы жылдары көбінде Есіктегі ата-анамның жанында қарсы аламыз жаңа жылды. Дегенмен, қазір Тәуелсіздік тұсында Кеңестің «көзіндей» болған жаңа жылды сол кездегідей тойлау жоқ. Әдеттегідей күн көреміз. Шағын дас-тархан жайып, отбасымыз бір-бірімізді құттықтаймыз. Тілегімізді білдіреміз.

– Бүгінде еліміздің бас командасы «Астана Арланс» сапында өнер көрсететінің баршаға аян. Құрамамен  бірге жаңа жылды қарсы алған сәттерің болған шығар?

– Әрине, ондай сәттер болады. Айталық, 2013 жылы қаңтардың басында Польшаға баруымыз керек болды. Содан дайындықтан қол үзбеу мақсатында жаттықтырушыларымыз жаңа жылды жаттығу алаңында қарсы алу керектігін айтты. Бәріміз жиналып, кішігірім дастархан басында ақ тілегімізді айтып қарсы алдық.

– Биылғы жылғы «Астана Арланстың» аяқ алысын бәріміз көрдік, бақыладық, жеңісіне риза болдық. Мешін жылы қазақстандықтарды немен қуантпақшысыңдар?

– 23 қаңтарда Қарағандыда Әзірбайжан командасымен кездесу өтеді. Алла бұйыртса, байрақты бәсекеде жеңіске жетеміз деген зор үміт бар.

– Жерлестеріңе жаңа жылдық лебізің...

– Еңбекшіқазақ ауданы оның ішінде Ащыбұлақ ауылы мен үшін қашанда ыстық. Осы киелі тарихи өңірден түлеп ұшқан, шыны керек, менде арман жоқ. Қазірдің өзінде көбіне Есікте боламыз. Ондағы спортқа көрсетіліп жатқан ерекше қамқорлық мені шынайы қуантады. Әрдайым ынтымақ-бірлігіміз ыдырамасын, жаңа жыл құтты болсын, құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары!

– Рахмет Мардан, саған да жаңа жылда толағай табыстар тілейміз.

 

Әңгімелескен

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3316 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет