Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2015 11:54

Балалар шат-шадыман

Жаңа жылым еңселеніп еніп тұр,

Уа, жаңа жыл көп жақсылық беріп тұр.

Ширек ғасыр тәуелсіздік тойы деп,

Мешін жылы ортамызға келіп тұр.

Міне, көзді ашып-жұмғанша қазақ халқына ырыс пен береке әкелген қой жылы өте шықты. «Ескі жыл есірке» дейді мұндайда. Өткен жылдың қуанышы мен берген иглігіне алғыс айтып, жаңа мешін жылына қадам бастық. Жаңа жыл келсе алдымен балалар қуанары сөзсіз. Аяз ата, ақшақар, тәтті сыйлықтар мен жасыл шырша. Аудан бүлдіршіндері осының барлығына Бәйдібек би ауылдық округінің Мәдениет үйінде куә болды. Аталған мекемеде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің шыршасы өтті.

 

Оған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, орынбасары Бекет Ахметов, бөлім басшылары, округ әкімдері мен мектеп директорлары, аудан аумағындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Бірі ханшайым мен ханзада, енді бірі мультфильм кейіпкерінің кейпіне енген бүлдіршіндер мәдениет үйінің ішін қуанышқа толтырғандай болды. «Жаңа жыл» әнін бірге шырқап, би биледі. Балғындарды мерекемен құттықтаған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ:

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрге айналдырған шырша мерекесі талай баланың жүрегіне жылу беріп, шаттық сыйлады. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең». Адам болған соң, бала болған соң армандамау мүмкін емес. Сол армандарыңның кішкене бөлігінің орындалуына септігіміз тисе өзімізді бақытты сезінеміз. Себебі, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын келешегі мына сендерсіңдер. Сапалы білім мен саналы тәрбие алған бүлдіршіндер ғана  Мәңгілік елдің нығаюына өз үлесін қосады. Қой жылы біз үшін табысты жыл болды. Келер жылға да үлкен үмітпен қарап, еліміз үшін игілікті істер мол боларына сенеміз.

Құрметті балалар, өзімнің әкелік, аталық жүрегіммен сендерге тек жақсылық тілеймін. Қой жылы орындалмаған арман-тілектерің мешін жылы жүзеге ассын. Елге еңбегін сіңірер үлкен азамат болыңдар – деп ақ тілегін арнады. Ауданымыздың мектептерінен жиналған, жүректері алып ұшқан 80 балғынға сыйлықтарын табыстап, шаттыққа бөледі. Кейіннен, аудан өнерпаздары мен «Улыбка» би ансамблінің дайындаған концерттік бағдарламасы жиылған көпшіліктің көңілін көтерді. Сондай-ақ, Бинәлі Әбдіқапасұлы жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, оқушылармен бірге шыршаны айнала ән салды. Сахналық қойылымдар қойылып, ойындар ойнатылды. Жаңа жылдық мерекеге ерекше дайындықпен келген оқушылар өлеңдерін оқып, аяз ата мен ақшақардың сыйлықтарына ие болды. Сайқымазақтың әзіліне шынайы күлген балалар ән салып, би билеп, көңілді тарқасты.

 

С.НҰРАДИН. 

Оқылды 4759 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 14, 2024

Преодоление. Пять лет созидания

Касым-Жомарт Токаев, подлинный интеллектуал, искусный дипломат и эффективный…
Маус 13, 2024

Реформаның үштағаны: жасампаздық пен…

Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың…
Маус 13, 2024

145 юных гениев: Алматинская область…

Инвестиции в будущее: 145 школьников получили награды за достижения на международных и…
Маус 13, 2024

Құрбандық шалу – ежелгі салт

Күллі мұсылман қауымы зор құлшылықпен Һәм құрметпен атап өтетін діни мерекелердің бірі –…
Маус 13, 2024

Тынымбике ТӨЛЕУБАЕВА: Салаға реформа…

Дәрігерлік – мәңгілік мамандық болып есептеледі. Қызығы көп қызметтің қаншалықты…
Маус 13, 2024

ПМСП – основа здравоохранения

Одной из главных целей Национального проекта модернизации здравоохранения РК –…
Маус 13, 2024

Ізгі іс абырой әкеледі

Ауырған адамды емдеп, сырқатынан айықтыру – расында, нағыз бақыт, ерен еңбек. Ақ халатты…
Маус 12, 2024

«Наша семья нашла свое счастье на…

О большой уникальной семье кандасов из Монголии мне рассказали в Жамбылском районном…
Маус 08, 2024

ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН - это акция, направленная на очистку от мусора загрязненных территорий,…

Күнтiзбе

« Маусым 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет