Бейсенбі, 18 Ақпан 2016 15:14

Бағдаршамды кім бұзды?

Түрген ауылындағы Құлан аян Құлманбет көшесі мен  Д.А.Қонаев көшесінің қиылысында мектеп  оқушыларының қауіпсіздігі үшін аудандық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бағдаршам орнатты. Бірақ, бүгінгі таңда бағдаршамның сынып тұрғандығы көңілге мұң ұялатса, мектеп оқушыларының ата-аналары үшін үлкен үрейге айналған.

3,5 млн теңгеге мектеп оқушыларының қара жолды қауіпсіз кесіп өтуіне арналған бағдаршам орнатылған болатын. Сол бағдаршамды ақпан айының 6-шы жұлдызынан 7-іне қараған түні сындырып кеткен. Бағдаршамға бағынғысы келмеген әлдекімнің әрекеті ме, жоқ шайтан суға мас болған адамның ісі ме?... Анығын тергеу қызметі анықтауда. Жолау-шы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Ысқақовтың айтуынша бұл әрекетімен белгісіз қастық ойлаушы 500 мың теңгеге залал келтірген мемлекетке. Өздігінен басқарылып тұрған, автоматтандырылған бағдаршам мектеп оқушыларының қауіпсіздігін күндіз-түні күзетіп тұрған еді. Кейбір жүгенсіз жүрген шу асау көлік жүргізушілері қызыл жанғанда қызара бөртіп, тежегішті тездетіп басуға асығатын. Жоғарыда қастық ойлаушы деген сөзді де дәл қолданып отырғанымды дәлелдеп өтейін. Белгісіз қылмыскер мектеп оқушыларына қастық жасап отыр.

 Қауіпті жолды кесіп өткен мектеп оқушылары Д.А.Қонаев атындағы орта мектепке жол тарта- ды. Байпаң басқан балапан тәріздес бүлдіршіндер үшін бағдаршамның тұсы ағысы қатты өзеннің өткеліндей-тұғын. Айтып өтейік, Д.А.Қонаев атындағы орта мектепте бүгінгі таңда мектепал- ды даярлық сыныптарын қоспағанда 900-ден аса оқушы білім алуда. Мектеп директоры Шымберген Пірімбаевтың да пікірін білдік. «Бұл бағдаршамды ауыл тұрғындары асыға күтті. Өйткені, жол – қашанда қауіп пен қатерге толы. Көпшілік көлік мінетін заман. Бағдаршам орнатылмай тұрып біз балалардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында таңертең, түсте және кешкі уақыттарда кезекшілік қойып жүрдік. Бағдаршам орнатылғалы біз де, ата-аналар да уайымнан арылғандай едік. Бағдаршамды бұзған адам саналы түрде қастандық жасап отыр» – деп, өз ойын ортаға салды. Бейбіт Ысқақовтың айтуынша ауылдық округтерді айтпағанда аудан орталығы Есік қаласында орнатылған бағдаршамдарды тапанша және мылтықпен атқан бұзақылар. Бұл әрекеттерін олар түнгі уақыттарда жүзеге асыраған. Салдары белгілі...

Техника жылдамдығын тежеп тұрған бағдаршамдар – заманның талабы. Бұл заман қара дүрсін күш пен адам өмірінің алма-кезек арпалысқан кезі. Осы дүлей күш пен адамның нәзік ғұмырын реттеуші бағдаршамдар және тағы басқа құрылғыларсыз тас көшеде тап- талып жататынымыз айқын. Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Елімізде бірде-бір бағдаршам жоқ, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар жоқ. Мектеп бүлдіршіні көліктер легі қашан толас табар екен деп жолдың жиегінде тұр. Кенет, сабаққа асыққан ол жүгіре жөнелді. Бірақ, техника тежегіші тоқтап үлгергенше... Алла сақтасын. Қолыңа тас, тапанша немесе мылтық алмас бұрын ойланғайсың... Сөз соңында, басбұзар бұзықтарды тауып жазалап қана қоймай, жалпақ елге жариялау керек-ақ. Сабақ болсын, арам ойлы пасықтарға.

Әділет САРЫБАЙ.

Оқылды 3150 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бағдаршамды кім бұзды? Бағдаршамды кім бұзды? »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет