Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 10:27

Облыстық чемпионат өтті

«Дені саудың – жаны сау» – деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Спортты жанына серік еткендер ауру-сырқаудың не екенін білмейді әрі саламатты өмір салтын насихаттайды. Шыны керек, бүгінгі жастарымыз зиянды әдеттерден аулақтап, спортпен шұғылдануда. Түрлі жарыстар ұйымдастырып, бүлдіршіндерге үлгі болуда. Жақында осындай мақсатта Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде баскетболдан Алматы облысының чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарысқа облыс аумағындағы 10 ауданнан 10 команда қатысты.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған чемпионаттың ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков жастардың спортқа көптеп тартылуына қуанатындығын жеткізді:

– Бүгін тәуелсіздік ақ таңының атқанына да ширек ғасырдың жүзі болды. Осындай жас мемлекеттің ертеңін жарқын етушілер – дені сау жастар ғана. Сіздер спортпен айналыссаңыздар біз соған қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Оның бір көрінісі – өздеріңіз көріп тұрған хан сарайы-на бергісіз спорт кешені. Осы ғимараттың иесі өздеріңіз – дей келе жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Төрешілер ойыншыларды ойын ережесімен таныстырып, жұп-жұпқа бөлді. Екі күн бойы сақинаға доп лақтырған спортшылар жоғарғы дәрежедегі ойын үлгісін көрсетті. Ауданымыздың құрамасы Ұйғыр ауданынан басым түсіп, өз жанкүйерлерін қуантып тастады. Іле ауданының баскетболшылары келмегендіктен, тағы бір жеңісті қанжығаладық. Десе де, ептіліктерінің арқасында Қапшағай құрамасы мен талдықорғандықтар аудан баскетболшыларынан басым түсті.

Сайыс нәтижесі бойынша, Талғар ауданының баскетболшылары бірінші орынды иеленді. Қарасайлықтар екінші орынға жайғасса, үздік үштікті қапшағайлықтар қорытындылады. Талдықорған қаласы төртінші, еңбекшіқазақтықтар бесінші орынды еншіледі. Жеңімпаздар кубокпен, медальдармен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3806 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Облыстық чемпионат өтті Облыстық чемпионат өтті »

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет