Жұма, 03 Маусым 2016 13:56

Сынақ басталды

30 мамырда ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу комиссиясының соңғы жиынында сынаққа дайындық сәттері пысықталды. Түлектерді тасымалдаудан бастап, оларға жан-жақты жағдай жасауды, сын сәтінде тыныштықтың қамтамасыз етілуі жайы сөз болды. Тіпті, қонуға келетіндердің жатын орны мен тамақтануын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев. Сондай-ақ, қандай жағдай болмасын мәдениеттілікті сақтауды ескертті. Ол турасында: «Алаң көңіл жас-тар автобусқа енгеннен бастап жүргізушінің өзі ерекше ықыласпен қарсы алсын. Адамның рухын көтеретін әуезді әндерді қойсын жол  бойында. Бұл процесс жатақханада да жалғасын табуы керек. Түлектер ерекше ыстық мейірімді сезінуі ләзім. Бұл олардың сынаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына оң ықпалын тигізеді» деді комиссия төрағасы.

 

Ия, биыл аудан бойынша түлектеріміздің 55,4 пайызы ҰБТ-ға қатысады яғни, 1564 оқушының 865-і сынақ алаңында өз бақтарын сынайды. Оның 597-сі қазақ сыныбынан болса, 251-і орыс сыныбы. Сондай-ақ, 17 ұйғыр азаматының 14-і қазақ тілінде, қалған 3-еуі орыс тілінде тест тапсырады. Күні кеше өткен бірінші лекте 521 оқушы өз бағын сынады. Ал ертеңгі сынақ алаңына ауданымыздан 344 оқушы енетін болады. 6 маусымда өтетін үшінші лекте Талғар ауданының түлектері тест тапсырады.

Тест қорытындысын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2692 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сынақ басталды Сынақ басталды »

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет