Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 11:51

Инновацияның алтын өнімі

Өткен жұмада Түрген ауылдық округіне  қарасты егістік алқабында «ЧАФ «Түрген» ЖШС-нің басшысы Маншүк Жексембекованың  және «АгроТехСила» ЖШС-нің  ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін ауылшаруашылығына арналған мерекелік жиын өтті. Аталған саланың қызметкерлері бас қосқан шараға ауданнан,  облыстан, шетелден келген фермерлер, ірі аграрлық компания өкілдері, өсімдік және микробиология институтынан 70-ке жуық  делегаттар  қатысты.

 

Мерекелік шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Елеусізова «ЧАФ «Түрген» ЖШС-і бүгінгі таңда шетелдік әріптестерімен бірлесе еңбек етіп жатқандығын айтып, басқа шаруаларға да осы бағытта жұмыс жасауға кеңес берді:

– «ЧАФ Түрген» ЖШС-нің соңғы  алты жылдан бері  өткізіп келе  жатқан  «егістік күні» жылдар бойғы қызығы мен қиындығы көп еңбектерінің арқасында  екенін  айтып өткім келеді. Ауылшаруашылығы секторы –  ауданның негізгі  салаларының бірі. Бізде  өсірілетін жоғарғы сұрыпты майбұршақ, арпа, бидай, тары, асбұршақ, жүгері өнімдері Түргенді  ғана емес барлық ауданды қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан, өткізіліп отырған ауқымды шараның жергілікті шаруаларға берері мол. Бұл жерде тек өздерінің ауылшаруашылық техникаларын жарнамалап қана қоймай, мамандар өзара тәжірибе алмасады – деді Бота Серікқызы.

Мерекелік шара барысында  ірі агрохолдинг  басшылары ауылшаруашылық саласын дамытуға арналған өздерінің бағдарламаларын баяндады. Соның ішінде, Алматы қаласынан арнайы келген «Агротехсила» ЖШС-і өздерінің тракторға арналған «Сириус 10», «Астра С3 3,6», «Вега 8», «Веста 6 (УПС6)», «Альтаир 5,6», «Антарес 6х4», «Паллада 4000» тіркеуіштері  мен  автобөлшектерін  ұсынды. «КосАгроКоммерц» ЖШС-і дәнді-дақылдарға, көкөністер мен жеміс-жидектерге қолданылатын минералды тыңайтқыштар, түрлі препараттар, бактериялды күйікке  қарсы сұйықтықтарымен ерекшеленді. 

Шетелден  келген компаниялар да өз тыңайтқышарын жарнамалады. Атап  айтқанда, «SeedSpor» сұйықтығы өнімді жиып алғанға дейін қорғайтын препарат. Бірнеше  күн  сусыз қалған өсімдіктердің өзін қурап қалудан  сақтап қалатындығын және  бұл препаратты Қазақстанның басқа облыстарында пайдаланып  жатқандығын айтып  өтті компания өкілдері.  Сонымен қатар,  шетелден келген қонақтар да өздерінің тәжірибелерімен алмасып, Қазақстандағы ауа-райының ауылшаруашылығына қолайлылығын айтып, бірге  жұмыс жасауға  дайын  екенін де жасырмады.

Осылай  бастау  алған  шара, одан әрі өскен дәнді-дақылдар мен трактор тіркеуіштерінің  қалай жұмыс жасайтынын көрумен  жалғасын тапты. Заман талабына сай инновациялық технологиямен жасалған ауылшаруашылығы техникасының бөлшектері жұртшылықтың қызығушылығын туығызды.

Айта кетейік, Түрген экономикасы дамуының  негізігі  көзі  болып  саналатын ауылшаруашылық жерінің жалпы  көлемі 10 мың гектардан астам. Соның  ішінде 515  шаруа қожалығы. Көш бастап тұрған «ЧАФ «Тургень» ЖШС,  «Интеграция-Тургень» ЖШС және «Apple Word» ЖШС жаңа әдіс-тәсілдерді  пайдаланып, жемісті өнім алып ауданды  қамтып  отыр. Осындай жемісті әрі табысты ортада  өткен жиын соңында М.Жексембекова келген қонақтарға алғысын  айтып, «Құрбан айт» мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Ботакөз  ӘБІШЕВА.

Оқылды 3858 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Инновацияның алтын өнімі Инновацияның алтын өнімі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет