Бейсенбі, 06 Қазан 2016 14:59

Мәдениет күндері Есікте. Өрге ұмтыл, өр елім, Өркенде, өс, өнерім!

«Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Ұлттық жаңғыртуды жүзеге асырып, жаңа құндылықтар қалыптастырдық. Ғасырлар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық». Елбасының бұл сөзі тәуелсіздіктің арқасында талай биіктерге қол жеткізгендігімізді айғақтайды. Міне, жоғымызды түгендеткен егемендікке биыл ширек ғасыр толып отыр. Осыған орай және Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы аясында «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында Алматы облысы аудандары мен қалаларының мәдениет күндері ұйымдастырылды. Ауқымды шара аудан орталығында жалғасын тауып, сәрсенбінің сәтінде «Тәуелсіз ел тарландары болу керек талантты» атты ауданымыздың мәдениет күні өтті.

 

Облыстан келген комиссия мүшелері мен аудан басшысы Бинәлі Ысқақ аудандағы этно-мәдени бірлестіктердің мәдениет үйінің алаңындағы көрмесін аралап, салт дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты. Атадан қалған кәсіптің ізін жалғаған құсбегілердің, ұлттық өнерді насихаттаған қолөнершілердің көрмесінен ерекше әсер алып, алғыстарын жеткізді. Мерекелік шара басында Бинәлі Әбдіқапасұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Кейіннен, жиылған жұртшылық пен құрметті қонақтар аудан өнерпаздарының өнерін тамашалап, дәстүрлі әнмен құлақ құрышын қандырды. Облыс орталығының өкілдері 54 этнос тату-тәтті күн кешкен ауданымызға қызыға қарап, оң бағасын берді. Мәдениеттің ошағына айналған еңбекшіқазақтықтардың өнеріне тәнті болып, ерекше әсерге бөленді.

Аудан орталығында өткен мәдениет күндері жайлы толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5118 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет