Бейсенбі, 06 Қазан 2016 15:08

Болашағымыз біртұтас

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын  құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз». Байлығымыз – берекеміз, бақытымыз – бірлігіміз екенін осылай жеткізген еді Елбасымыз «Қазақстан – 2050» стратегиясында. Расында, Тәуелсіздігіміздің ғұмырын мәңгілік ету үшін татулығымыздың шарайнасына сызат түсірмеу керек.

 

Осы бағытты ту еткен «Елім-ай» қоғамдық қоры Қайназар мәдениет үйінде «Мәңгілік ел: болашағы біртұтас ел» тақырыбында фестиваль өткізді жақында. Ел Тәуелсіздігінңі 25 жылдығы аясында жалауы желбіреген шараға округ әкімі Ахмет Жолдыбаев, қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов, округ ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, белсенді     жастар қатысты. Шара шымылдығын Ахмет Арыстанбекұлы өзінің алғысөзімен түрді:

– Ел Тәуелсіздігінің биылғы мерекесі баба-лардың сан ғасырлық арман-мұраты. Сондықтан аналардың зарымен, әкелердің қанымен келген егемендігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау – борышымыз, – дей келе баршаны мерейлі мерекемен құттықтады.

Ал Жаңаберген Мұхамедұлы жастарға айтқан өнегелі ойлары-ның түйінін үндеумен жеткізді:

– Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ, яғни Сіздер – Мәңгілік қазақтың перзенттерісіздер. Ендеше патриотизм – ел үшін жасалған нақты істерден тұратынын ұмытпаңдар! Бұл – «Мәңгілік Елдің» басты сипаты. Мен ауданымыздың жастарына үндеу тастаймын! Қасиетті       Отанымызды сүйіп, құрметтейік. Жақындарымызға көмектесейік! Лайым жерімізден бейбітшілік пен келісім кетпесін!, – деді.

Шара өнерпаздардың кон-церттік бағдарламасына ұласты.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Оқылды 3061 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Болашағымыз біртұтас Болашағымыз біртұтас »

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет