Бейсенбі, 20 Қазан 2016 10:38

Есек сату. Кәсіп пе, кәнігу ме?

Ақын атаулылардың абызы Абай: «Есектің артын сүртсең де, жаныңды бақ» деп адал еңбек етіп, күн көруді меңзеп айтқан-ды. Қазіргі нарық заманында кәсібінің нәсібін көруден гөрі, «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүріп, амалын асыратындар жетіп артылады. Алға қойған мақсаты – арзанға алып, қымбатқа сатып, ақша табу.

Тәуелсіздікке талып жеткен өліара – өтпелі кезеңде, «екі қолға бір күрек» табылмай қиналғанда темір-терсекке дейін арзанқол саудаға салған кезді қалай ұмытарсың. Ауылдастарының ауласындағы темір ыдыс-аяғына дейін, тіпті бағандағы электр желілерін де қиып алып, қымқырғандарды қайтерсің. Бұл кәсіп емес,ұрлықтың ұсқынсыз түрі еді.

Қазір ше? Алып-сатарлықтан аса алмай жүргендер қаншама. Тіпті қоғамға, қоршаған ортаға кесірін тигізіп, алаяқтықпен арада жүріп, ақшаға құныққандар өздерін керемет кәсіппен айналысып жүрміз деп ойлайтыны анық. Мысалға, әріден қозғамай-ақ, дәрі-дәрмектік шикізат үшін трактормен топырағын қопарып, қызыл мияның тамырын жинаған «кәсіпкер» табиғатқа залал келтіргенін білмейді дегенге кім сенеді. Ал, бұғының мүйізін қымбатқа сатып алушылар ше? Дәрілік шөп пен сирек кездесетін аңның құрып кетуіне себепші болып жүргенін біле тұра, беттері бүлк етпейді. Оларды ардан бездірген – ақша. Бұндай көлеңкелі кәсіппен айналушылар аздай, енді есек терісін сатып алушылар пайда болыпты. Оған – Шелек ауылындағы әр көшедегі әр бағанаға жапсырылған мына суреттегі хабарландыру дәлел. «Ойпырмай, енді «күші адал, еті арам» есекті сойып, терісін сату қалған ба? – дерсің. Шыны солай... Кім есегін    сойып, терісін сата қойсын. Мұнда қоғамның кеселіне айналған тағы бір ұрлық-қарлыққа жол ашылған сыңайлы. Соңғы кездері ауылдардан бұрынғыдай қаптап жүрген есекті көрмейсің. Бірен-саран болмаса. Жылқы, ірі қара ұрланып жатушы еді, енді оған есек қосылды. Терісі керек есектің еті де «адал» болып жүрмесіне кім кепіл. Ақша табудың амалын асырған қайран нарықтың анайы табыс табудың әдеті асқынып барады. Мұндайға қайнайды қаның...

«Бұл бақытқа сенбе, келер, кетер демде» деп көреген қариялар бекер айтпаған ғой. Қазіргі таңда шынайы кәсіппен айналысушылардың арасында осындай тұрпайы кәсіпкерсымақтар да жиі кездесуде. Баспана саламыз, туристік, басқа да қызмет көрсетеміз деп елдің ақыларын жеп, қашып кететіндер, бір нысан салуға тендерді жеңіп алып, аяғын құрдымға кетіретіндер де баршылық. Сондықтан болар жақында үкімет отырысында жалған кәсіпкерлікпен айналысатындарға тосқауыл болу мәселесінің көтерілгені де. Сөзімізді осындай дүние қуып, құныққандарға ескертіп Ахмед әл-Иүгінеки бабамыздың мына сөзімен қорытындылауды жөн көрдік.

Дүние бірде бал береді, енді бірде у береді:

Күлім қаға бұ дүние, ым жасар,

Өз қолымен балын беріп, у қосар.

Ең әуелі бал жегізіп дәндетіп,

Іле-шала сол тостақтан зәр тосар. 

        

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 3659 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет