Бейсенбі, 24 Қараша 2016 13:33

Табысты мемлекет – табысты ел

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Райымбек батыр атындағы орта мектептің конференцзалында «Табысты мемлекет – табысты ел» тақырыбында конференция өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шараға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Талқамбаев, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, қор төрағасы Ж.Мұхамедов, мектеп директоры Ә.Түбекбаев және округтердің белсенді ақсақалдары мен жастар қатысты. Жиынды аудандық ішкі   саясат бөлімінің басшысы М.Исламов жүргізіп отырды.

 

Алғаш сөз алған Әділбай Айнабекұлы: – Жастық жалынымды еліміздің, оның ішінде ауданымыздың өркендеуіне арнадым. 50 жылға жуық тынбай еңбек еттім. Соның 25 жылы кеңестің құзырында кетті. Кейінгі 25 жылы осы Тәуелсіз Қазақстанымның өркендеуіне арналды. Бұл үшін мақтанамын да, қуанамын да, – деп бастады әңгімесін. – Кеңестің саясаты өте жұқа еді. Бас-тысы, елімізді тілінен, дінінен айыру, яғни, барынан айыру болды. Оған дәлел, ауданымыздың өзінде бір мектеп қазақ тілінде болмады. Ондағы қуат сондай, партия айтты, бітті. Прокурор, басқа да құзырлы органдардың сөзі жүрмей-тұғын. Содан мен аудандық білім бөлімін басқардым. Алғаш Тәуелсіздік алар тұста бірнеше мектептердің атауларын қазақшаладық. Сол кезде мектеп оқушылары қызыл галстук тағатын еді. Әйтіп-бүйтіп, көкке ауыстырдық. Көсемдердің ескерткіштерін алдырдық. Әкімдікте жиын өткенде толық орыс тілде болатын. Себебі, 25 пайыз ғана қазақтар тұратын бұл ауданымызда. Қазір өздеріңіз байқағандай, бірде-бір жиынымыз толық орыс тілінде өтпейді. Мұның өзі – Тәуелсіздіктің жемісі. Осымен бірге ұлтаралық татулықты қатар алып жүру де – саясат. Осы міндетті де барынша адал орындадық, – деді. 

Ал Хайролла Қасымұлы: «Әр үйдің қожайыны болмай, ол әулеттен береке кетеді. Сол секілді аумалы-төкпелі тұста ел тізгінін ұстаған Елбасымыз аттан түспеді. Күні-түні болашағымыз үшін еңбек етті. «Тәуелсіздікті алу қаншалықты ауыр болса, оны ұстап тұруға да соншалықты қажыр-қайрат керек» деген сөзі де осының дәлелі» деп, ойын қорытты.  

Конференцияны түйіндеген Жаңабер-ген Мұхамедұлы: «Тірлік басқа болса да тілек бір, саусақ бөлек болса да білек бір» деген Бәйдібек би бабамыз. Әрісін зерделесек, Күлтегіннің «Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп» дегені еске түседі. Бейбіт күнге оралсақ, Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Татулық арқылы – тұтастыққа қол жеткіздік» деді. Осы орайда көреген Көшбасшымыздың:

«Отан-Ана,

От бердің жүрегіме,

Риза боп қараймын гүл өңіңе.

Бабаларым сомдаған бағзы бейнең,

Тәуелсіз боп түрленді,

Түледі де.

Менде қандай арман бар, Асыл Ана,

Жарай алсам халқымның тірегіне!» – деген өрелі өлең жолдары әр қазақстандық азаматтың көкірегінде сайрап тұруы тиіс. Себебі, патриоттық тәрбие деген осы. Ал Еңбекшіқазақ ауданы – құт қонған, бақ дарыған, ынтымағы ұйыған, береке орнаған киелі мекен, қасиетті аймақ. Сондықтан қай қырынан қарасақ та салты сара, дәстүрі дара тарихи өңірдің бүгінгі тұрғындары Елбасы салған сара жолға түсіп, «Мәңгілік елге» айналу тұрғысында тындырымды тірліктер жасап келеді. Жасай береді. Себебі, «Біздің күш-қуатымыз – бірлікте», – деді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4073 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…
Қырқ 30, 2024

70 процентов всех ТЭЦ Казахстана…

70 процентов тепловых электростанций в Казахстане устарели. Всего в стране насчитывается…
Қырқ 30, 2024

Астаналық инженер АЭС тиімділігін…

Алматы ядролық физика институты Астана филиалының инженері Мәлік Қалиекперов атом…
Қырқ 30, 2024

“Атомная энергетика помогает…

В пик своего развития атомная промышленность обеспечила более миллиона рабочих мест в…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет