Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:18

Ғасыр дертіне қарсы шаралар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірбиелік шараларды іске асыру бойынша Қорам ауылдық округінің әкімі аппаратында жоспар жасалынған. Жоспар бойынша мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен округ тұрғындарының қатысуымен семинар-кеңес, «Дөңгелек стөл» форматында жиындар өтіп тұрады.

 

 Оған жергілікті полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық қорғау инспекторлары және тиісті мамандар шақырылып, аталмыш заңды түсіндіру, насихаттау мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісіп тұрады. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары мен ауыл имамы Қали Тұрсынәлі ауылдың жиын-терінде, жұма намаз уақытында жастарды еңбеккке баулу, қоғамдық жұмыстар мен мәдени, спорттық іс-шараларға белсене атсалысуға шақыру туралы жиі айтып, назарда ұстайды. Қорам ауылдық округі әкімі аппаратында апта сайын «ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін» ұстануы туралы округ әкімі Тұрсын Еменбаевтың басшылығымен аппарат жиналысы өтеді. Онда мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі ұстауы, киім киюі, халықпен сөйлесуі, оларға қызмет көрсетуі, субардинация мәселесі жиі айтылып, ескертіліп отырады.

Жалпы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын қоғам болып қолға алсақ, отбасында тәрбиелік маңызы бар әңгімелер жиі айтылса, еліміздің әлеуметі мен экономикасының артуына зор үлесін тигізері анық. 

Сәбит Қошатаев,

Қорам ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Оқылды 3253 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ғасыр дертіне қарсы шаралар Ғасыр дертіне қарсы шаралар »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет