Бейсенбі, 30 Наурыз 2017 10:13

Наурыз өтті дүркіреп

Ұлыстың ұлы күні – әз-наурыз мерекесі аудандық кітапханада ерекше форматта өтті. Кітапха-нашылардың ұйымдастыруындағы шараға ауданның құрметті азаматы, жазушы, ақын Шаяхмет Құсайынұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Нұрғиса Алишев қатысты.

 

Мерекелік шараның ашылуында құрметті қонақтар көпшілікті жаңа жыл мерекесімен құттықтап, баршаның отбасына амандық тіледі. Байқау негізінде өткізілген мереке барысында қазақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр, татар, түрік ұлт өкілдеріне бөлінген кітапханашылар сол ұлттардың тілдерінде өздерін таныстырып, ұлттық киімдерін киді. Салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, түрлі ұлттардың тағамдарын әзірлеп, дастархан жасады. Сайысқа қатысушылардың өнерін Шаяхмет Құсайынұлы, Нұрғиса Алишев пен кітапхана директоры Салтанат Мамырбекова бағалады. Мереке жоғары деңгейде өтті. Әр округтен келген кітапханашылар ән салып, би биледі. Өлең оқып, күмбірлеген қара домбыраның үнімен құлақ құрышын қандырды.

Байқау нәтижесінде, өздерінің киімдерімен, өнерімен талайды тамсандырып, ұлттық тағамдарымен көздің жауын алған қазақ тобы үздік деп танылды. Жеңімпаз бен орын алған барлық топ өкілдері алғыс хаттармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Шара соңында қатысушылар мен қонақтар ақ дастархан басында бас қосып, наурыз көжеден, түрлі ұлттардың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

 

Сардарбек НҰРАДИН. 

Оқылды 3828 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Наурыз өтті дүркіреп Наурыз өтті дүркіреп »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет