Бейсенбі, 30 Наурыз 2017 10:16

Ұлыстың ұлы күнінде

Бөлектіктер Ұлыстың Ұлы күнін Әймен ауылында жоғары деңгейде атап өтті. Думанды той Әймен орта мектебінен бастау алды. Сахна төрінде талантты  оқушылар ән салып, би билеп, театрланған қойылымдар көрсетіп, бар өнерлерін ортаға салып жұршылықтың қошеметіне бөленді. Әсіресе, қыс айындағы жаңа жыл мен наурыз айындағы жаңа жыл болып айтысқан Жасұлан Дүйсембі мен Асхат Мейрамханның өнерлері көрермендерді тәнті етті.

 

Мереке барысында сөз алған округ әкімі Асыл Изиев Наурыз еліміз үшін ұлттық құндылығымызды әспеттейтін, бабаларымыздан бүгінге дейін үзілмей келе жатқан ең маңызды әрі қасиетті мейрам екенін айтты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын жаңа жылдарымен құттықтап, наурыздан наурызға жақсылықтармен, қуаныштармен аман-есен жетулерін тіледі.

Мектептің айналасында ұлттық нақыштағы көрмелер қойылды, ауыл ағаларының ұйымдастыруымен, келген халықтың бәріне мол дастархан жайылып наурыз көже таратылды. Сондай-ақ, ауылдың төменгі жағындағы жазық далада көкпар, күрес ойындары өтті. Білектері мен жүректеріне сенген, аттың құлағында ойнайтын жігіттерді көріп жиылған жұрт бір марқайып қалды. Күреске қатысқан балуандар арқылы да қазақтың мейрамы керемет көрініс тапты.

Мереке соңында Ақтай Жақия, Шынарбек Сатыбалды, Бозтай Жақия, Тілейхан Солтанхан сынды ел ағалары жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, бұндай есте қалар күнді ұйымдастырған округ әкімдігіне, мектеп ұжымына, ауыл тұрғындары мен ауыл жастарына алғыс білдірді ақсақалдар.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 3873 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлыстың ұлы күнінде Ұлыстың ұлы күнінде »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет