– Әлемде ең бай адам – рухани бай адам деген қағидат бар. Келісесіз бе?
– Әрине, жан дүниесі таза, жүрегіне мейірім ұялаған адамның ой-санасы да тыныш. Ал адам баласы еркін өмір сүрсе, ешкімнің ала жібін аттамаса, айналасына қамқорлықпен қараса – санамыздың өскендігі. Абай айтпақшы өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – санамыздың өшкендігі. Бұндай адам елге де, жерге де опа бермейді. Бажайлап байқасаңыз, әлеуметтік, экономикалық және рухани жаңғыру – ошақтың үш тағаны іспеттес. Бір-бірінсіз сапалы даму болмайды. Өркенді, өркениетті өсім болмайды. Сондықтан оларды ажырату – әбестік.
– Ұлттық кодымызды сақтау – рухани жаңғырудың алғышарты екенін ашып айтты Елбасы. Отан – отбасынан басталатынын ескерсек, әулетіңізде қазақы салт-сананы қаншалықты ұстанасыз?
– Тамырымыз қазақ боп қалыптасып, ата мен әженің ақылын алып өскендіктен сол арнадан бір сәт те алыстаған күніміз болған жоқ. Ұл-қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеп келеміз. Ана тілін, Отанын сүюді, ұлттық мәдениетімізді, ұлттық әдебиетімізді ұғынып, табиғатымызды аялауды санасына барынша сіңірудеміз. Тек айтып қана қоймай, өз іс-әрекетімізбен де көрсетудеміз. Қолымыздан келгенінше қайы-рымдылық жасап, құлағанға сүйеу, сүрінгенге демеу болуға дайынбыз.
– Мемлекет басшысы осы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сіз үшін бұл бағыт таңсық емес қой?
– Кіндік қаның тамып, өсіп-өнген өлкеңе қолдан келсе көмек бергенге не жетсін, шіркін. Ондағы тау-тасың мен әрбір азаматы сенің балалық шағыңның куәсі. Асыр салып жүргеніңде саған мейіріммен қарады, қолындағысын бөліп берді. Ұғынған адамға бұл толассыз махаббаттың үлгісі. Сен сол ыстық сезімнің құшағында құндақталып өстің. Елбасы «Адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі» деп айтқаны өте тамаша. Сондықтан жоғарыда атап өткенімдей, туған жерім, оның әрбір азаматы үшін қолымнан келсе көмек беруге әзірмін. Әрине, бұл кәсіпкер боп асып-тасқаннан айтқаным емес, тамырымнан бойыма тараған, негізін тегім қалаған қасиет.
– Сіз 4, 5 және 6 шақыры-лымда аудандық мәслихат депутаты боп сайландыңыз. Халықпен жиі кездесесіз. Тү-сінік жұмыстары қалай жүріп жатыр мақала аясында?
– Бізді өсіретін де, өшіретін де – халық. Сондықтан нені үйренсек те халықтан үйренеміз. Қазір тұрғындарымыз бәз-баяғыдай күйбең тірлікпен жүрген жоқ. Бірен-саран болмаса. Бәрінің көзі ашық, көкірегі ояу. БАҚ арқылы оқып, көріп отыр. Бұл әлеуметіміздің әлеуетінің өскендігі. Есіңізде болса, Мемлекет басшысы 2012 жылы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту. Қазақстан дамуының басты бағыты» деп Жолдау жариялады. Міне, нәтижесі! Мемлекетіміздің экономикалық әл-ауқаты жолға түсті. Әлеумет-тік саясат та ретімен бой түзеп келеді. «Бәріне уақыт емші» деуші еді көнекөздеріміз. Шынды-ғында, тұрғындарымыз тұрмысы түзелген сайын мемлекеттік саясатты ұғынып, өзіндік пікірлерін білдіруде. Бұл бізді қуантады. Қазір депутат ретінде өткізетін қоғамдық қабылдауларымыздың өзінде келушілердің басым көпшілігі жеке бас қайғысын емес, тұтас ауылдың мәселелерін айтады. Іштей бұған да шүкіршілік айтып отырамыз.
– Елімізді латын әліп-биіне көшіру бойынша сіздің пікіріңіз...
– Латын әліпбиі қазақ қоға-мына таңсық емес. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы тарихымыздан өте орынды деректер келтірді. Сондықтан бұған үреймен шұқшиып қараудың қажеті жоқ. Заман ағымына сәйкес бейімделе білу – өсудің белгісі. Онсыз біз дамуға бет алмаймыз. Тек бәріне уақыт керек. Бұл әсіресе, жаңа буынға, жас буынға қанатын кең сермеу-ге жарқын жол ашады. Бәрі де болашағымыз үшін емес пе?
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбатты жүргізген Қайнар ЖҰМАҒОЖА.