Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:08

«Біз үшін бұл да бір белес»

– Құрметті Сейітхан Есенбайұлы, Елбасының бұл мақаласы жөнінде өзіндік пікіріңіз...

– Тарих қойнауына енген Тәуелсіздікке дейінгі 70 жыл ішінде шыны керек, ұлттық санамыз шытынап, мәуелі мәдениетіміз мүжіліп үлгергені ақиқат. Оған кінәліні кеңестік идеологиядан көргенімізбен, өткен өтті. Ол да қатпар тарих қойнауына қазақ қоғамының зілді жылдары болып еніп кетті. Ал сол Тәуелсіздікке биыл міне, 26-шы жыл десек, осы уақыт аралығында Елбасымыз өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында атағандай екі белесті аттадық. Оның бірі – сонау 1991-де Тәуелсіздігімізді алғанымыз болса, екіншісі, «Қазақстан-2030» стратегиясын мерзімінен бұрын сапалы орындағанымыз. Бұл зор жетістік. Ендігі асуымыз – «Қазақстан-2050», яғни, әлем бойынша үздік дамыған 30 елдің қатарынан орын алу. Көшбасшымыздың тілімен айтқанда бұл – Қазақстанның үшінші жаңғыруы. Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық өсім елімізде қарқынды көрініс бергенімен, рухани тұрғыда тұмшаланып тұрғанымызды Көшбасшымыз ұғынды. Сөйтіп, рухани жаңғыруға жол ашты. Бұл – ісімізден ой-санамыз озып жүруін талап етеді. Сон-дықтан мақала шыққан күні егемендігіміздің тағы бір белесі қол созғандай қуандық.

 

– Әлемде ең бай адам – рухани бай адам деген қағидат бар. Келісесіз бе?

– Әрине, жан дүниесі таза, жүрегіне мейірім ұялаған адамның ой-санасы да тыныш. Ал адам баласы еркін өмір сүрсе, ешкімнің ала жібін аттамаса, айналасына қамқорлықпен қараса – санамыздың өскендігі. Абай айтпақшы өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – санамыздың өшкендігі. Бұндай адам елге де, жерге де опа бермейді. Бажайлап байқасаңыз, әлеуметтік, экономикалық және рухани жаңғыру – ошақтың үш тағаны іспеттес. Бір-бірінсіз сапалы даму болмайды. Өркенді, өркениетті өсім болмайды. Сондықтан оларды ажырату – әбестік.

– Ұлттық кодымызды сақтау – рухани жаңғырудың алғышарты екенін ашып айтты Елбасы. Отан – отбасынан басталатынын ескерсек, әулетіңізде қазақы салт-сананы қаншалықты ұстанасыз?

– Тамырымыз қазақ боп қалыптасып, ата мен әженің ақылын алып өскендіктен сол арнадан бір сәт те алыстаған күніміз болған жоқ. Ұл-қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеп келеміз. Ана тілін, Отанын сүюді, ұлттық мәдениетімізді, ұлттық әдебиетімізді ұғынып, табиғатымызды аялауды санасына барынша сіңірудеміз. Тек айтып қана қоймай, өз іс-әрекетімізбен де көрсетудеміз. Қолымыздан келгенінше қайы-рымдылық жасап, құлағанға сүйеу, сүрінгенге демеу болуға дайынбыз.

– Мемлекет басшысы осы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сіз үшін бұл бағыт таңсық емес қой?

– Кіндік қаның тамып, өсіп-өнген өлкеңе қолдан келсе көмек бергенге не жетсін, шіркін. Ондағы тау-тасың мен әрбір азаматы сенің балалық шағыңның куәсі. Асыр салып жүргеніңде саған мейіріммен қарады, қолындағысын бөліп берді. Ұғынған адамға бұл толассыз махаббаттың үлгісі. Сен сол ыстық сезімнің құшағында құндақталып өстің. Елбасы «Адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі» деп айтқаны өте тамаша. Сондықтан жоғарыда атап өткенімдей, туған жерім, оның әрбір азаматы үшін қолымнан келсе көмек беруге әзірмін. Әрине, бұл кәсіпкер боп асып-тасқаннан айтқаным емес, тамырымнан бойыма тараған, негізін тегім қалаған қасиет.

– Сіз 4, 5 және 6 шақыры-лымда аудандық мәслихат депутаты боп сайландыңыз. Халықпен жиі кездесесіз. Тү-сінік жұмыстары қалай жүріп жатыр мақала аясында?

– Бізді өсіретін де, өшіретін де – халық. Сондықтан нені үйренсек те халықтан үйренеміз. Қазір тұрғындарымыз бәз-баяғыдай күйбең тірлікпен жүрген жоқ. Бірен-саран болмаса. Бәрінің көзі ашық, көкірегі ояу. БАҚ арқылы оқып, көріп отыр. Бұл әлеуметіміздің әлеуетінің өскендігі. Есіңізде болса, Мемлекет басшысы 2012 жылы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту. Қазақстан дамуының басты бағыты» деп Жолдау жариялады. Міне, нәтижесі! Мемлекетіміздің экономикалық әл-ауқаты жолға түсті. Әлеумет-тік саясат та ретімен бой түзеп келеді. «Бәріне уақыт емші» деуші еді көнекөздеріміз. Шынды-ғында, тұрғындарымыз тұрмысы түзелген сайын мемлекеттік саясатты ұғынып, өзіндік пікірлерін білдіруде. Бұл бізді қуантады. Қазір депутат ретінде өткізетін қоғамдық қабылдауларымыздың өзінде келушілердің басым көпшілігі жеке бас қайғысын емес, тұтас ауылдың мәселелерін айтады. Іштей бұған да шүкіршілік айтып отырамыз.

– Елімізді латын әліп-биіне көшіру бойынша сіздің пікіріңіз...

– Латын әліпбиі қазақ қоға-мына таңсық емес. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы тарихымыздан өте орынды деректер келтірді. Сондықтан бұған үреймен шұқшиып қараудың қажеті жоқ. Заман ағымына сәйкес бейімделе білу – өсудің белгісі. Онсыз біз дамуға бет алмаймыз. Тек бәріне уақыт керек. Бұл әсіресе, жаңа буынға, жас буынға қанатын кең сермеу-ге жарқын жол ашады. Бәрі де болашағымыз үшін емес пе?

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3070 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет