Жұма, 09 Қазан 2020 16:10

Үштілділік – заман талабы

Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім – деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров ақын айтқандай,  тілімізді құрметтеу- әрбір ұлттың негізгі борышы, парызы.

Қашықтықтан оқыту  барысында, мектебімізде    «Үштілділік – заман талабы»  тақырыптарына  сәйкес  іс-шаралар  өткізілді.

Іс-шара  өткізу  барысында, тіл ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі  екендігіне кең  түсінік  бере отырып, білім алушыларды  елжандылыққа,  туған тілін  құрметтеуге,  тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеу мақсатын алға қоя отырып, тіл айлығын оқушылар, ұстаздар, ата – аналар ZOOM  платформасы арқылы тамашалап, көрерменнің көзайымы болып, ризашылықтарын білдірді.

Тіл айлығының ашылу салтанатында  мектебіміздің директоры Ғазиза Молдабаева тіл құдіретін, үштілділік заман талабы екендігін кеңінен түсіндіріп, құттықтау сөзін тілге тиек етіп онлайн түрінде өз лебізін білдірді.

Қазақ тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі   бірлесіп, тіл  айлығының өткізілу іс-шарасын ұйымшылдықпен, жауапгершілікпен ұйымдастыра білді. Іс-шараның  ашылуында,  тіл туралы  әртүрлі шығармашылықпен қызықты әрі көңілге ой салатындай, жүрекке жол табатындай бейнероликтер дайындалды.

Тіл  айлығы барысында,  мәнерлеп  оқу  байқауы,  суреттер салу  байқауы,  викториналық  сұрақтар, үздік  эсселер  байқауы, жас тілшілер  байқауы, ашық  сабақтар,  дөңгелек  үстел, сынып сағаттары  онлайн  өткізілді.

22  қыркүйек  күні  үш тіл  бірлестігі «Үштілділік – заман талабы»  тақырыбында әдеби-сазды  кеш  өткізді. Әдеби кеште тіл туралы  өлеңдер, мақал-мәтелдер, әр ұлт өкілдері  қазақша ән  айтып, кештің керемет көрінісін  тарту етті.

Мектеп әкімшілігі  тіл айлығына  белсене  қатысқан  білім алушыларды мақтау қағаздармен марапаттады.

 

Айнур  Дунгешова,

Т. Әубәкіров атындағы  орта мектептің қазақ тілі  және  әдебиет пәнінің мұғалімі 

 

Оқылды 15709 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тектіліктің тамыры тереңде Шахматтың шарапаты көп »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет