Қазіргі таңда күз келісімен, әлем халқын әбігерге салып, дүниежүзін дүрліктірген коронавирус, ғалымдар болжағандай қайта күшейе бастады. Бұл індет Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Күніге тәж вирусын жұқтырған науқастар анықталуда. Бұл тұрғыдан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында атап өткендей қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.
Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларын орындай отырып, экономикалық өсімге қол жеткізу және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық шаралар қабылданды. Соның негізінде бағытты жұмыстарды барынша ықпалды түрде атқару басты назарда болды. Аудан көлемінде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, жергілікті тұрғындармен байланысты нығайту, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бағытындағы жұмыстар уақыт талабына сай жүргізілуде.
2020 жылы белгіленген межелерді әдеттегідей жоғары деңгейде жүзеге асыруда оңай болмағындығы сөзсіз. Бүкіл әлемде орын алып отырған дертпен күресте халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен азаматтарымыздың орасан еңбектері мен ерліктерін бағалау қажет.
Ауданымыздың экономикалық даму көрсеткішінің негізгі қантамырларының бірі ауылшаруашылығы мен шағын және орта бизнес атқаратындығын жақсы білесіздер. Сондықтан бағытты бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласында да бірқатар үлкен жобалар жүзеге асырылды.
2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 85 млрд. 720 млн. теңге жетті, ал өнеркәсіпте 34 млрд. 656 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді.
Бау-бақша шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру сәтті жалғасуда. Биыл 537,7 гектар бақ отыр-ғызылды, оның 375 гектары интенсивті бақтар.
Бұдан бөлек жыл басынан бері 865,8 млн.теңгеге 113 дана ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру аясында 500,8 млн.теңгеге 12 жоба мақұлданған болатын.
Қазіргі уақытта 2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарла-малары жаңа форматта әзірленді.
«Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында жан-жақты жұмыстар іске асырылуда.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы халықты жұмыс-пен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленіп, әлеуметтік, инже-нерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге жағдай жасады.
Аталған бағдарлама аясында 8,9 млрд. теңгеге 2020 жылы аудан бойынша барлығы 109 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Бұл Алматы облысында ғана емес, жалпы еліміз бойынша ең көп нысанды қамтып отырған көрсеткіш екендігін де айта кеткеніміз жөн.
Оның ішінде Есік қаласындағы 1500 орындық мектеп, Көктөбе және Қорам ауылдарында ауысымына 50 келушілерге арналған ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бар.
Бұдан бөлек 8 нысанның күрделі жөндеуі қолға алынуда, олардың қатарында «Шелек политехникалық колледжі», Шелек ауылындағы аурухананың ғимараттары, Т.Молдағалиев ағамыздың атындағы Есік қаласындағы аудандық мәдениет үйі, Көлді ауылының мәдениет үйі, Бижанов ауылдағы спорт кешені бар.
Аймен орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының, Қайрат ауылындағы И.Саттаров атындағы орта мектеп ғима-ратының бір бөлігіндегі балабақша, О.Жан-досов орта мектебінің шатыры жөнделуде. Бүгінгі таңда өздеріңіз байқағандай 88-ге жуық нысанда жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілді.
Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 217,8 млн.теңге сомасына 20 жоба іске асырылуда, оның ішінде 12 ауылдағы жолдарды ағымдағы жөндеу, 3 ауылдағы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеу және 5 ауылдағы спорт алаңдары мен стадиондарды абаттандыру қолға алынды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Есік қаласында 30 пәтерлі тұрғын үй салынуда, сондай-ақ инженерлік-коммуника-циялық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізілуде.
Шелек ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары мен ИКЖ дайындалып, қосымша 60 пәтерлік 2-і тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда, 237 га жер учаскесіне жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға жобалық-сметалық құжаттама жасалды.
Алға ауылында 30 га жер учаскесінде және Қайназар ауылында 24 га жер учаскесіне жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұры-лымды салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Кез-келген қала – тұрғындарымен көрiктi. Сондықтан қалалардың кең мағынадағы рухани-әлеуметтiк келбетiн қалыптастыру мемлекеттiк саясаттың құрамдас бiр саласы ретiнде ерекше бақылауға алынған. Бұл тұрғыдан Еңбек-шіқазақ ауданының әкімшілік орталығы Есік қаласында соңғы кездегі атқарыла бастаған жұмыстардың оң нәтижесі жетерлік.
Есік қаласының дамуы ауданымыздың күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының айнасы іспеттес. Қала мәдениетiн қалыптастыру жолында кешендi шаралар да жүзеге асырылуда.
Қаланың тазалығы – ол тұрғындардың рухани тазалығына байланысты екендiгiн әрқашан атап көрсету қажет. Биыл қала аумағында тазалық жұмыстары кең ауқымда жүргізілді. Есік қаласының аумағындағы ескі ағаштар кесіліп, жасыл желекті жас ағаштар отырғызылуда.
Осы бағытта биыл күзгі ағаш отырғызу акциясы аясында жол бойлары мен саябақтарға, аллеяларға 2135 түп көшет отырғызды, қаламыздың кіреберісіндегі арка аумағында да көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сай алда тағы 1020 түп ағаш егілмек.
Жалпы, игiлiктi iстер, жақсы өнегелер қазiрден бастап бастау алғаны абзал. Осыған орай, қаланың барлық аумағында тұрақты түрде жиi сенбiлiктер өткiзiп тұруды дәстүрге айналдырған жөн. Дегенмен, кеше ғана қоқыстан арылған жердi таза ұстау мәдениетiн игере алмай, жатқанымыз өкінішті.
Жаздың аптап ыстығында жанға сая болып, тыныштықты жаны сүйетіндер үшін бой сергітіп, таза ауамен тыныстауға таптырмас орын болған Жамбыл атындағы жастар саябағына қосымша орталықтағы даңқ аллеясы, аудандық мәдениет үйінің алаңы да сүйікті орындардың біріне айналды.
Қазіргі таңда Есік өзенің бойында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Атамыз қазақта «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген сөзі осыдан шықса керек. Алдағы жылдары өзен бойын жанға жайлы ерекше орындардың біріне айналдыру жоспарда бар.
Бұдан бөлек жол қозғалысына да көңіл бөлінуде. Жол жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында және Есік қаласындағы интенсивті қозғалысқа сәйкес жол кептелісін болдырмас үшін Алтын Адам аллея және Уәлиханов көшелерінің қиылысы кеңейтілді. Қала бойынша жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынуда, бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізу үшін 323,2 млн теңге бөлінді.
Оған қоса Еңбекшіқазақ аудан әкімдігі мен «Бастрейд автобус» ЖШС бірлесіп Алматы қаласына және кері бағытта жолау-шыларды үздіксіз әрі қауіпсіз қолжетімді бағамен тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсетуде.
Аудан басшылығы тарапынан атқарылып жатқан бұл игі бастамалардың маңыздылығы тұрақты дамудың экономикалық жағынан ғана емес, әлеуметтік-экологиялық жағдайды жақсартуға да оң септігін тигізетіндігін жақсы түсінуіміз қажет.
Сондай-ақ ауыл – елдің алтын бесігі, ұлттың тамыры. Әр адам үшін ауыл – ыстық, қасиетті мекен. «Ауылына қарап – азаматын таны» дегендей, ауылдың көркі елге сын.
Осы негізде ауылды жерлерде қолайлы өмір сүру ортасын құруға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы үлкен мүмкіндіктер береді. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Шелек ауылында 15 тротуар төсенішімен 15 көшедегі 10 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Бижанов атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Алты алаштың дарасы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлт жұмысы үлкен жұмыс. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға күш керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді. Сондықтан аудан әкімдігі, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері бірігіп, өңіріміздің дамуы жолында табанды еңбектерді жалғастыра бермек. Еліміздің дамуы мен халқымыздың амандығы – бағытты, жүйелі әрі табанды шараларға және тұрақтылығымыздың тұғыры бірлігімізге байланысты.
Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы, һәм дара Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!
Бекет Ахметов,
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың хатшысы