Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 12:01

Күн сөнгенше СӨНБЕЙТІН РУХТЫҢ алауы

Ауданымызда көк Туды желбіретіп атқа қонған ауыл азаматтары «Менің Отаным, менің Туым» ұранымен жаңа челленджге үн қосты.  Шараға өңіріміздегі   бүкіл ауыл тұрғындары қатысуда.  Көк Туды желбіретіп көсіле шапқан жігіттердің іс-әрекеті талайдың намысын оятты. Мұндай көріністі тек кинодан ғана көретін ауыл балалары да таң-тамаша. Ауданымыздағы көптеген ауылдардың  жасынан бастап, ақсақалдарына дейін шараға білек сыбана кіріскен. «Тәуелсіздігімізге тәу етіп, елдің  тұтастығын паш ететін шараны бар қазақ қолдаса екен», – дейді ұйымдастырушылар. Ұлан-ғайыр даламызды шарлап бара жатқан жорыққа біз де сәт сапар тілеп, қазақ танымындағы тудың қасиеті жайындағы ұғымын аздап пайымдауды жөн көрдік.

Ежелгі көшпенділер танымында ту қашан да қасиетті дүние саналған.  Сондықтан ту – ердің айбыны,  елдіктің құдіреті ретінде ежелгі дас-тандарда жиі суреттеледі. Белгілі зерттеуші Серікбол Қондыбайдың тілімен айтсақ, ту – тірі жанды сипатқа ие мифологиялық кейіпкер. Ту ұстаушы адам Туғаш деп аталған. «Ту – әскери магияның аса маңызды нысандарының бірі. Қазақта «ту қандау» деген әскери ғұрып бар. Жер тағдыры, ел тағдыры сынға түскен шешуші шайқастардың алдында ақ боз атты құрбандыққа шалып, ақ туға оның қанын жаққан. Серікбол Қондыбай қазақ туды сүймейді, бұл ғұрып – орыстық-еуропалық әскери дәстүрден ауып келгендігін, қазақ туға маңдайын тигізетіндігін жазады.

Дала дәстүрінде ту ұстау – аса даңқ  саналған. Сондықтан жаужүрек қолбасшылар мен айбыны асқан батырлар ғана ту көтеру мәртебесіне ие болған. Мағжан Жұмабаевтың әйгілі «Батыр Баян» поэмасында Абылай ханның қазақ қолының туын көтерту үшін Баян батырды қалың  қолмен үш күн тосып жатқаны айтылады. Себебі хан Абылай қазақ қолының туын Баян батыр көтерсе, оның айбатынан ата жаудың сағы сынады, қазақ жасақтарының мерейі үстем болады деп санаған.

Қазақ танымында желбіреген ту жеңіске жетелейді деген түсінік бар. Көтерілген  туды  көргенде  ерлер аруақтанып, тұла бойын күш-қайрат кернейді. Сондықтан атақты Ақтанберді жырау: «Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айқайлап», – деп жорық жырын толғайды. Ал айтыстың асқан  жүйірігі   Сүйінбай Аронұлы:

«Бөрілі басы – ұраным,

Бөрілі – менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым» – деп, тудың алаш рухын аспандататын  қасиетін жырға қосады. Өйткені дүркіреген ту дүйім жұрттың рухын көкке көтеретін  болған. 

«Менің Отаным, менің Туым» челленджіне қатысықан Қайназар аулының тұрғыны Нұркелді Бекенұлы: «Мен бұл шараны жас ұрпақты патриоттықа тәрбиелеудің ең өнімді тәсілі деп білемін. Байырғы бабаларымыз да тұлпар мініп, ту алып туған жерін қорғады емес пе?  Мына шерудің салтанаты ел қорғаған ерлердің айбынын еске түсіреді»,  –  дейді.

Біз қашанда «Мәңгілік елдің» мұраты үшін халқын сүйген ұлдарды ту астына жинап, тарихтың алтын парағын жазған жұртпыз.  Ғасыр бұрын қазағын әлемдік  өркениетттің жолына    бастап, ұлтына теңдік сұраған алаштың аймаңдай ақындарының бірі  Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз,  –  деп  жырламап па еді? Қасиетті қазақ жерін шарлап бара жатқан көк Тудың жорығы – күн сөнгенше сөнбейтін рухымыздың алауы іспетті.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 1381 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет