Әрбір қазақстандықтың төріндегі «Көк сандықтың» сәуле шашқанына жарты ғасырдан асты. Осы уақыт аралығында ол түрлі техникалық, шығармашылық өзгерістерге ұшырап, күн санап дамып отырды. Алғашқы кездері 100-150 киллограм болатын теледидарлар бүгінде жеңіл әрі қарапайым техникаға айналды. Ал оның ішінде көрсетілетін бағдарламалар, сериалдар мен кинолардың тәрбиелік мәні, маңызы өзгерді ме? Мақаламызда осы тақырыпты саралап, сараптайтын боламыз. Елімізде алғаш рет 1958 жылы 1 қаңтар күні Өскемен қаласында көгілдір экранға жан бітсе, ал ресми күн, яғни, қазақ жеріндегі алғашқы телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы…