Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 15:17

Вице-министр тың өзгерістер жайлы

Жақында Білім және ғылым вице-министрі Елмира Суханбердиева Есік қаласындағы орталық мәдениет үйінде орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы туралы түсінік берді. Оған аудан аумағындағы білім мекемелері басшыларынан бөлек Талғар, Ұйғыр, Панфилов, Райымбек аудандарынан да арнайы делегация ат басын тіреді. Келелі жиынды Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 15:14

Азаттық жолындағы айқас

«Тізерлеп жүріп түңілткеннен, тік жүріп өлген артық» деген елміз. «Жауға жалынба, досқа тарылма» деген де қазақ. Ендеше, дұшпанға тастай қатты болу, досқа балдай тәтті болу – қанымыздағы қасиет. Осындай құдіретті намыс сан соқпақта сүрінсе де, құламады. Қайта алмас қылыштай тас шауып қайралды. Ел мен жерге, ар мен ұжданға келгенде атқа қонды ерлерім айбарлы. Қазақ тарихында Қарқара көтерілісі атауымен қалған сонау 1916 жылғы оқиға ғасыр өтсе де жадымызда жаттаулы. Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Жаңабай Құдайбергенов, Қазыбай Шарманов, Әбубәкір Сұлтанбеков сынды батырлар,…
Жұма, 13 Мамыр 2016 15:17

Ерлікке тағзым

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың әруағының алдында қашанда қарыздармыз». Мемлекет басшысының осы бір өрелі ойы Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымыздың арман-үмітін ақтағандай. Иә, олар ел басына күн туғанда етігімен қан кешті. Сондықтан болар, ерлік – елге мұра. Сол мұраны қадірлеп, тарихын танымаған жан, текті ұрпақ боп жарымайды.
«Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт. «Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар міне, осылар» – деді Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІV сессиясында. Осыған орай жақында ел қалаулылары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Зағипа Балиева ауданға ат басын бұрды. Жұртпен емен-жарқын жүздесті, сессияда қабылданған патриоттық актіні жан-жақты түсіндірді. Кейіннен аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген отырыс өткізді. Оған аудан атқамінерлері, халық қалаулылары, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, ҮЕҰ төрағалары қатысты. Келелі кездесуді аудан әкімі Бинәлі Ысқақ жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 05 Мамыр 2016 15:09

Ардагерлерге арналған аллея

Қайғы-қасіретімен халықты зар жылатқан Отан қорғау соғысы Жеңіспен аяқ-талғанда: Қан майданды қақ жарып, Аман келсе жауынгер; Ауыл түгел қарсы алып, «Нағыз ер» деп таныды ел. Келмей қалса біліп пе ең, Өзіңдей жас арыстан. Тосып ана үмітпен, Қабырғасы қайысқан. Әр ауылда бірі әкеден, бірі баладан, бірі жардан, енді бірі бауыр-туыстан айырылып, аза тұтса да, азат күн орнаған қуанышқа тәубе айтып, бейбіт күннің берекесін беріктеуге жұмылды. Жанды жадыратқан Жеңістің шуақты нұрын шашқанына да, міне, 71 жылдың жүзі болыпты.
Бейсенбі, 05 Мамыр 2016 12:52

Білікті маман – еліне қорған

Кез келген Тәуелсіз мемлекет алдымен сыртқы және ішкі қауіптерден қорғану мақсатында қуатты әскер құратындығы белгілі. Оны күн санап түрлене түскен қару-жарақ, техника және мамандармен қамдап, қорғаныс саласын үнемі дайындық үстінде ұстайды.

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет