Сейсенбі, 15 Маусым 2021 15:59

Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа ұлағат

Шоқан Уәлиханов 18 ғасырдағы батырлар туралы тарихи мағлұматтарда  Абылай хан ақылы мен батырлығымен дараланған Уақ  Баянды атаған деп жазады. Баян батырдың серіктесі, аты аңызға айналған батырдың бірі –  Қантай Мықтыбай батыр. Мықтыбай 1720 жылы қазіргі Баян ауылы қонысында туған. 18 ғасыр ортасында Есіл бойында 19 жасар Мықтыбай батырмен жекпе-жекте қалмақ батыры Едгонжук жеңіліп, найзаның ұшына ілінген. Батырдың ұсақ темір шығыршықтардан бір-біріне өткізіп тоқылған тордан, қысқа жеңді ақсауыт жағасы бар, қос қабатты салмағы 24 кг. сауыты  сақталған.

Мықтыбайдың:

«Майданда алдаспанға ерік беріп,

Дұшпанның азын-көбін тексермедім.

Сауыт киіп, ту ұстап, тұлпар мініп,

Жорыққа сан аттандым, сескенбедім.

Жүйрікпен желдей жүйткіп ескен едім,

Сынаққа қамал бұзып түскен едім,

Көп шығып қан майданда жекпе-жекке

Найзамен жау өкпесін тескен едім» деген өлең жолдары ел есінде.

Мықтыбай Орталық Қазақстанда,  Нұра өзені бойында 29 жасында соғыста қаза болған деген хабарды малшы қауым жеткізген. Өз кезінде Жайлыбай бабамыз Мықтыбайдың Сары, Жабаймен үзеңгілес болғанын естіген екен. Бүгінде Мықтыбай атында ауыл, көше, қыстау, қорым бар. Өткен жылы батырдың 300 жылдығына Мықтыбай қыстауындағы қорымға ескерткіш орнатып, дұға жасаған. Танымал 6 ақын Мықтыбайға өз өлеңдерін арнаған.

Мықтыбай мен оның серіктестерінің қалмақтармен соғысқа қатысып, қаза болған жері жайлы мәлімет алу үшін мақала авторы Қарағанды облысына барып қайтты. Өңірге аяқ басқан адамның Ұлытауға соғып, тәу етіп, бас иіп, аруақтар рухына құран бағыштауы – міндеті ғой.

Әр өлкенің өз тарихы бар. Ол ұлттың, ел тарихын құрайды. Ұлытау – көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған  қасиетті жер. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы орналасқан. Жошы хан мен Алаша ханға кесене көтерілген. Алтыншоқы тауында 1391 жылы ұлы Ақсақ Темір жазба қалдырған әйгілі тас Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Алтын Орда ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы Едіге де осында жер қойнына берілген. Сарысу өзені бойындағы Таңбалытас та үш жүздің рулары кеңестер өткізіп, таңбаларын салған. Көне ескерткіштер, қорған, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениеті кесенелері, тастағы таңба, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын балқытқан металл қорыту пештері және басқа деректер Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның, барлық даланың орталығы болғанын куәландырады. Ұлытау өңіріндегі қасиетті жерлерге тәу етіп, Жезді қаласындағы және Жезқазғандағы музейлерді араладық.

Ұлыларды  ұлықтауда алған бетіміз Ақсу Аюлы болды. Ақжал кентінен 15 шақырым жерде «Кіндіктөбе» аталған жотада ұзындығы  90 метр, ені 30 метр қорымда Баян бабамыз сарбаздарымен мәңгілік тыныстап жатыр. Киелі орын ел жадында «Сары-Баян жотасы» ретінде сақталыпты. Зиратына екі найзаны шаншып, қабірінің үстіне тас үйгізіп, белгі қалдырыпты. Ақжалдық ақын Самат Мұсабековтің «Есей достың ерлігі» дастанында жауды ойсырата жеңіп, елге келе жатқан кезде дұшпандар у сеуіп кеткен құдықтан су ішіп, мерт болғандары баяндалады.

2016 жылы 30 шілдеде Қарабұлақтағы Сары-Баян жотасындағы қорымға биік темір қоршау тұрғызып, қара мрамордан құлпытас орнатқан. Батыр мен оның 41 сарбазы басына құран бағыштадық. Содан «Бұл қорымда Мықтыбай батыр да жерленген бе?» деген сұраққа жауап іздедік. Сол өңірде тұратын Арғын руы Қаракесек бұтағынан тараған Керней баба ұрпақтарымен кездесіп, жөн сұрастық.

Жаугершілік заманда қалмақтармен соғысқа теріскейден келген азаматтарды  Қарабұлақ өзенін жағалай отырған Жар болыс ауылы қарсы алып, орналастырған екен. Сол кезде Құтымбет атаның келіні босанып, нәрестеге есімді келген қонақ жігіттерге қойғызыпты. Керейдің жігіті сәбидің есімін Өмірұзақ қойған. Келесі бір шілдехана тойына қатысқан Уақтың батыры Құтымбет немересі ел қорғайтын батыр болсын деп тілек тілеген. Кейін қонақтардың айтқаны келіп Елеген ел қорғаған батыр болған екен.

Ақжал кентінің тұрғыны Тұрбет Сартаев қарияның айтуына қарағанда Қарабұлақ қыстауында «Мықтыбай төбесі» аталған жер болған. Ертеде Көсе тауының етегінде шаруашылығын жүргізіп отырған жерде «Мықтыбай бұлағы» болғанын, жылдар өткен соң бұлақ атауының өзгергенін Балта батыр ұрпағы Ғалымжан Анықбаев және Мәжит Әбдіров айтқан екен. Бүгінде бұл өңірде жерленген теріскейлік сарбаздар арасында Мықтыбай батыр болғанын нақты ешкім айта алмайды.

Өңірде жоңғар қалмақтарына қарсы күреске қатысқан  Қара Шор руынан шыққан Сәңкібай батыр Талды ауылы шығысында 8 шақырым жерде, Ақсу Аюлы кентінің солтүстігіндегі Шерубай Нұра өзенінен 50 шақырымдағы Жидебай батыр, Қаракесек руы Сарым бұтағынан Дербісалы батыр, киесі – алтайы қызыл түлкі, Ту ұстаған Жарылқап батыр (Түркістанда жерленген), киесі – қыран бүркіт Жаман Сарысу өзені «Батыр басы» аталатын жерде Байғозы батыр, ат көтере алмас Сазанбай, Кенесары ханның қолбасшысы Ағыбай батыр осы өңірде мәңгі ұйқыда екен. Ерте кезде ел қоныстанған орта шиде Баян, Жеке дуанда Өскенбай қажы, Аққұдықта Орманбет баба, Ақжал кенті жанында Елеген батыр да мәңгі қоныстанған. Көсе тауында қалмақтарды ойсырата жеңген Қабанбай батыр қызын Жарылғап батырдың ұлы Қырбасқа қосқан  жерде болып, 7 қыстақты аралап, әр қыстақтағы бейіт басында аруақтар рухына құран бағыштадық. 

Баян Қасаболатұлы мен оның серіктестері жайғасқан қорымда еңбек ардагері  Нұрбет Сартаев тебірене сөз сөйлеп, теріскей боздақтары жатқан жерден  уыс топырақты құтыға салып, маған ұсынып, Баян ауылындағы Мықтыбай батыр ескерткіші жанына қоюды аманаттады. Ақжал руднигінің атқарушы директоры Жеңісбек Қасқатаев, қайраткер Өмірсерік Баешов тілектерін айтты.

Бұл қазақ халқының бірлігін көрсетеді. Ата-баба дәстүрін құрметтеу – абыройлы борышымыз.  Елдігімізді, ерлікті дәріптеп, батыр рухына  бас иіп ұлықтап, жас ұрпаққа ұлағат боларлық  игі істер жалғаса берсін демекпіз.

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,

Журналистер одағының мүшесі

Оқылды 2822 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет