Сейсенбі, 02 Тамыз 2022 12:38

Көкбөрi Керней батыры Елеген

Қазақ тарихында ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, жанын аямай елі мен жерін жаудан қорғап, намысын арымен қатар қойғандар аз болмаған. Әділ сарапшы уақыт болса, ғасырлар бойы бүркемеленген талай шындықтың беті ашыла, тарих ел намысын ер намысына ұштастырған ерлерді іріктеп, сомдап шығарады.

ХVІІІ ғасырда белгілі батыр, би, жыраулар Абылай ханды жоңғарларға қарсы азаттық күресін басты ұйымдастырушысы, жер тұтастығы мен елдігін сақтап қалатын тұлға ретінде қолдап, көмек көрсетті. Онымен үзеңгілес қазақ даласын азат етуде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян, Мықтыбай, Олжабай сынды батырлар болғаны белгілі.

Одан кейін Кенесары заманы Ресей патшасы отаршылдық саясатына қарсы ұлтазаттық қозғалыста С.Датұлы, Исатай, Махамбет, Есет, Жанқожа, Иман,  Баубек, Жәуке, Назарғұл т.б. есімі тарих бетінде жазылды. Бұл патша үкіметі қазақ елін отарлауды тереңдетуге реформалар жасаған кезең еді. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Устав», 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару ережелері»,  1867 жылғы «Жетісу және Сырдария облыстарын басқарудың уақытша ережесі»  т.б. хандық билік жойылып, басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады.

Елімізде тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты түрлі іс-шаралар өтілуде. Бұрын болған оқиғаларға жарық түсіруге, қазақ халқының тарихи өткенін қайта жаңғыртуға мүмкіндік туды. Ер азаматтың өмірі қоғамда орын алған оқиғалармен тығыз байланысты болуы заңдылық.

1824 жылы округтің құрылуы патша өкіметінің бұғаулау ісінің басталуы рөлін атқарды. Есіл өзені бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алымсалықтың өсуі көтерілістің шығуына да қатты әсер етті.

1824 жылы 8 ақпанда Қарақаралы округінде 18 болыс, 147 ауыл барлығы 18320 шаңырақ болған. 1827 жылы  майор Мингриев 200 әскермен келіп, Шұбыртпалы ауылының 58 адамын өлтіріп, дүние-мүлкін тонап, бүкіл малын  айдап кеткен еді. 1830 жылы 120 адамын өлтірді, бауырынан, малынан айырылған азаматтар отаршылармен ашық соғыс майданына шыққан еді.

Округке қарасты Қарпық болыстығы қазақтарының қарулы жасақтары Саржан  сұлтан басшылығымен округтік приказға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билікті әбігерге түсірді. 1826 жылы тамыз айында Ағыбай батыр қолы Қарқаралы бекінісіне шабуыл жасады. Көтеріліске Шет өңіріндегі Бесата жұртының Қашқынбай, Бодық, Баубек, Елеген сияқты батырлары да қатысты. Бұл көтерілісте отарлаушылар барымталаған мал қайтарылып, азапталып тұтқында жатқан адамдар азаттық алады.

Елеген мектебі – ата-баба, отбасы үлгісі. Көшпелі қазақ тұрмысы адамды ерте есейтеді, әлеумет өміріне ерте араластырады. Аталары Қазыбек би азулыларын тұзақтап, әлсізін сүйегенін Құттымбет бабасы айтатын. Қол бастайтын батыр, жол бастайтын көсем, ел тағдырын шешетін шешен болу қиын. Жауды алмас қылышпен де, өткір сөзбен де көндіруге болады деген принципті ұстаған биді пір тұтқан Шабанбай, Аралбай, Таңыбай, Жаңыбай, Бекболат, Жайық, Алшынбай еді.

Елеген Қонысбайұлының өмір жолы, қоғамдағы өзіндік орны ҚР ОМ мұрағатта, Қарқаралы округі бойынша деректер, ел есіндегі естеліктерден белгілі болды. Атасы Өмірзақ «Батаменен ер көгереді» деген қағиданы тұмар ғып, «Ұлым ел танысын, жер танысын» – деп, Елегенді белгілі адамдарға қосып жіберіп, тәжірибе жинатып, бата сұратқан. Ол ысылған сарбаздарға еріп жылқы күзетіне, барымташыларға қарсы әрекет жасауға дағдыланады. Ат үстінен шоқпар сілтеуді, садақ атып, найза түйреп, қылыштасу тәсілдерін меңгереді. Елеген 17 жаста жылқыны жауға алғызбайтын дәрежеге жетеді. Қазағым: «Ұяда не көрсең, ұшқанда  соны ілерсің» деген. Талды өзені бойында Бұқар жырына іліккен Сеңкібай батыр мазары тұр. Нұра өзені бойында Абылай ханның ту ұстаған батыры Жидебай батыр жатыр. Жасыл тулы Жарылғап батыр, ат көтере алмас Сазанбай, Дерібсалы ел есінде сақталған. Ресей империясына қарсы қару көтерген Кенесарының ағасы Саржан осы Бұғылы бойында жыл жарымнан аса уақыт орда тігіп, елді күреске дайындаған. Кенесары қамалы, су ішкен құдық та, Манақа бойындағы Қарасу да, атасы Абылай хан демалған орын да осы  өңірде. Кенесарымен үзеңгілес Жанғұтты, Бәйсейіт би, Дүйсенбай, Қара би, бөлесі Ағыбай да қарулас болып келеді. Ағыбай қолы 182649 жылдары патша әскерлеріне күйрете соққы берген. Өңірінің баға жетпес символдық капиталы, Кенесары бастаған ұлтазаттық күресте Көпбай, Есберген, Сарбас, Ағыбай , Ботантай, Бөрімен бір  қатарда болған Елеген Баянауладан Тайжан, Сейтен Азнабаевтармен, Сандыбай  Шегіровпен бірлесіп, төңіректегі Есбай, Жәңгір, Адамбай, Тұрсынның көмегімен әскер жабдықтау, көтерілісшілердің мұқтаждықтарын шешуге жағдай жасауға көп  атсалысқан.

Сол кезде отаршылдар қиянатынан гөрі Елегеннің жанына батқаны шен, шапан, қылыш, кесе, қасық сияқты сыйға мәз қазақ баласының патша өкіметіне қызмет жасап, ата-бабамыз аманаттап кеткен ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуды аяқ асты етті. 

Мысалға, Баймұхамед Айшуақов патшаға жағымды қызмет жасағаны үшін  1819 жылдан бастап күміс мөр, сукно кафтан, алтын сақина, қосауыз мылтық, алтындалған қылыш, алтын медаль, 3 дәрежелі Станислав орденін, полковник шенін, алмазбен қоршалған 2 дәрежелі Анна орденін, 1847 жылы генерал-майор атағына ие болған. Ал жер үшін, бостандық  үшін күрескендер көздері жойылуға, Сібірге каторгаға айдалуға ұшыраған.

Кенесары бірнеше рет Николай І  патшаға, Орынбор генерал-губернаторлары В.Перовскийге, В.Обручевке, Сібір  генерал-губернаторы П.Горчаковқа хат жолдады. «Біздің ата-бабамыз, – деп жазды Кенесары, – бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау Өртау, Қарқаралы,  Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Абылай заманындағы жердің өзгеріссіз қалуы, алымсалық алынбауы, бекініс салмау туралы хаттарға жауап алынбады, отаршылар қарапайым халыққа қиянат жасай берді. Сол себепті қазақ жасақтары Ресей империясының тірек орталықтары болған Қарқаралы, Ақмола, Ақтау, Екатеринбург бекіністеріне шабуыл жасап, Ырғыз, Тобыл бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқас тарында соққы бергені белгілі.

Ақтау бекінісі Атасудан оңтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерде, Манака  өзеніне таяу орналасқан. Бекініс жан-жақты бақылауға ынғайлы дөң үстіндегі  тегістікке төртбұрышты үлгіде тұрғызылған және жал үстінде мұнара мен зеңбіректер  орнатылған үшбұрышты тегістіктер болған. 1836 жылы Ақтаудан 400 орыс әскері  шығып 250 адамды өлтіргені халық арасына тараған. Кенесары сарбаздары  қамалдарға баратын жолдардын бойындағы бекеттерді жиі мазалап тұрған.  Кенесары старшина Симоновтың қосынын жойып жіберіп, қару-жарағын қолға түсіріп, Ақтау қамалын алуы 1838 жылы жазда болған. Көк майықпен қаруланған орыстың  оғы өтпес үшін қараған тобылғыдан бума-бума оққағар дайындап, шабуылға шыққан  қазақ қолы ашық далада айқас салып, садақ оғын жаудырып, бекініс ішінен өрт шығады. Өзен бойында өрлеп өскен ағашты тасалап, жағалай Наурызбайдың 50 шақты атты әскері, Ағыбай, Мәнжі, Елеген, Шөмшібай, Қашқынбай сұғына енген. Бекіністің алынуы тәуелсіздікке деген ұмтылыстың бір белгісі.

ҚР Орталық мұрағат құжаттарындағы деректерде отаршылдыққа қарсы Ағыбай қолы 1824-38 жылдары Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасаған. Елеген көтеріліске де қатысып, мініс ат, мал беріп көмектескен, орыс әскері жағдайын хабарлап, қызмет атқарған. 

«1837-44 жылдары патша шенеуніктерінің жасаған тізімінде Ағыбай батыр бастаған Қояншы-Тағай, Жалықпас, Надан Тобықты, Алтай, Темеш, Төлеңгіт, Керей,  Кәрсөн-Керней, Шұбыртпалы, Қара-Айтымбет, Дүйсенбай-Шекшек, Байбөрі,  Әлтеке Сарым руларының патшалық билікке қарсы шыққаны көрсетілген. Ақтау  бекінісіне жасалған шабуылшылар – Кәрсөн Кернейдің үлкен бөлігі» – делінген.

Патша отаршылығына қарсы жүргізілген Ақмола шайқасы және Түркістан үшін болған қантөгісте Кене жасағының  құрамында үш жүздің айбалтадай жар қылдаған сұлтан Наурызбай, шұбыртпалы  Ағыбай, табын Бұқарбай, Басығара, сүйіндік Жанайдар, қыпшақ Иман, табын Жоламан, шапырашты Бұғыбай, дулат  Байсейіт, атығай Аңғал, Жеке батыр, қырғыз Балбай батырлар болған. 1838  жылы 7 тамызда Ақмола бекінісінде Кенесары сарбаздарымен жанқиярлықпен  мұздай қаруланған патша әскерімен шай қасты. Бекініс алапат отқа оранды. Осы  көтерілісте шейіт болғандарды жерлеген  Ақмоланың «Көкбел» зираты «Баһадүрлер қорымы» деп аталып кеткен. Кенесары  бастаған баһадүрлердің Ақмола үшін бір күнгі соғыс дүбірі – мыңжылдықтардың еншісі, ұлт тарихының алтын парағы, рух сабағы. Басын өлімге тігіп, шаһит кешкен бабалар күресі болашақ ұрпақ, қазақ мемлекеті үшін болды.

Елеген Қонысбайұлы 20 маусым 1844 жылы Тобыл өзені сағасы Ұлқояқ бойында  А.Жантөрин отрядымен қақтығыста жарақат алған. Мергенбай емшінің көмегімен  жазылған.

1861 жылы Сазанбай ұрпақтары сауын айтып, Саржан қолына, Кенесары әскеріне жан-жақты көмек беріп отырған  Есбайдың асын берген. Ақ орданың босағасына ілінген қара туды Бөде алып Бесатаның үлкені Боранқұлға береді, Ағыбай сәл иген қалпында Боранқұлға қайтарды, қаралы ту жығылды. Рысжан жоқтау айтты. Толғау айтқан Орынбай ақынға Есбайдың қамқа тонын, құндыз бөрігін, көк атын береді.

Бұғылы тауы күншығысында Есбай асын өткізуде Байсейіт би бастап, Әділ Кәдір, Есберген қостап, Елеген, Ескене, Тәмамбай т.б қызмет жасаған. Асқа 1500 жылқы, 3000 қой сойылған. Қармыс өзені су ағысына жуылған.

Асқа үш жүздің белгілі адамдары, қырғыз Шабден болыс, өзбек Бекдербек бек т.б қатысқан. Ас соңында бәйге өткізіледі. Бәйгеге қосылған 150 ат Шөладырдан Қайрақтыны өрлеп, Былқылдақты бойлап, Аққоянның ту сыртымен Тұмсықтыны айналып, Сайлаутасқа жетуі тиіс. Барлығы 15 атқа жүлде беру жоспарланған. Бесата аты бәйгеде алда келсе де, ас берушілер бірінші орынды ұлы жүз атына, екінші орынды кіші жүз атына беріп, ата жолын сақтаған еді.

Тұлғаның ел санасында қалыптасқан бейнесін өзгертуге бағытталған ниет алысқа бармайды. Халық айтса, қалып айтпайды. Елеген Қонысбайұлы саналы өмірін өз халқының болашағына арнаған. Хан Кене ел азаттығы жолында арпалысса  да, қандастарын біріктіре алмады. Қарсыласпен арадағы күштің салмағына да тікелей байланысты болды. Хан Кененің ұлы мүдде жолындағы істерін бағалаған  үш жүздің халқы 1841 жылдың қыркүйегінде қазақтың ханы етіп сайлаған екен.

Елеген Қонысбайұлы 1808 жылы Қарабұлақта туып, 1893 жылы сол жерде қайтыс болған. Елеген отыратын төбе, бұлақ та бар. Елекең жасы келіп, төбе үстінде отырып, өткенді еске алуды әдетке айналдырған екен. Ал жолшыбай өткен керуен тоқтап сәлем беріп, батырға сыйын беріп кетіп отырған.

1847 жылы екатеринбургтік көпес Н.Ушаков малшы Батыр Бақасынның жерін 400 сомға жалдап, мыс кәсіпшілігін бастағанда Елеген бабамыз: «Жер асты байлығын қалай алсаңдар да, жердің үсті ешкімге берілмейді» – деген.

Ел ішінде Елекең айтты деген әңгіме, оның ерліктері жайлы аңыз көптеп кездеседі. 1849 жылы 25 мамырда Қоянды жәрмеңкесінде жігіттер арасында мергендік жайлы әңгіме көтеріледі. 40 тан жасы асқан Елеген келісілген 40 метр жерден садақпен күмәнданған адамның төбесіндегі бөрікті атып түсіреді. «Бөрікті атып түсірген батыр ма, әлде садақтың оғына кеудесін қойған адам батыр ма?» деген сұрақпен биге жүгінгенде: «Оққа басыңды тосқан сен де, адамның басындағы бөрікті атып түсірген Елеген де батыр» деп, Ормамбет би екі жақты теңестірген екен.

Елеген Қонысбайұлы ХІХ ғасырдың  ортасында Ресей патшасы отаршыл саясатына қарсы қозғалыстарға белсенді  араласқан тарихи тұлға. Шет ауданы Ақжол кентінің бір көшесіне «Елеген көшесі» деп батырдың есімін берген. Қарабұлақтағы қорымда басына белгі қойылған. Халқымыз дана ортақ, батыр ортақ, ардақты адам, парасатты би ортақ деген. 

 

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ, Журналистер Одағының мүшесі.  

Оқылды 1762 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет