Сейсенбі, 02 Маусым 2020 13:25

Жаппай қыру мақсаты – ұлтты жою болған ба?

Тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей өшкенді жаңғырту, ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға мүмкіндік беретіні ақиқат. Сол ақтаңдақ қазақ халқының тарихи беттерінің бірі - саяси қуғын-сүргін. Көз жүгіртсек, ресейдегі азамат соғысы кесірінен шаруашылықтың күйзеліске ұрынуы және  орын алған жұттың салдарынан Қазақстанда  халық 30 пайызға  азайып кетті. 

И.Сталин 29.12.1929  жылы аграршылар конференциясында колхоздастыру науқанына кедергі келтірген бай-кулактарды тап ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 15.01.1930 жылы Орталық комитет В.Молотов басқарған арнайы комиссия құрды. Қазақстандағы “үштік” құрамына  Ж.Құрамысов (төраға), А. Альшанский, А. Асылбеков  енді.

23.01.1930 жылы 20 аудан белгіленіп, 20 мың бай мен кулактардың шаруашылықтарын тәркілеп,  көшіріп, темір жолдан шалғай  аудандарға  қоныстандыру, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулак отбасыларын орналастыру көзделді. Науқанды жүзеге асыру ОГПУ органдарына жүктелді. КСРО-ның Заң халық комиссары төрағасы Н. Янсеннің 3.01.1930 жылғы нұсқауында “кулактардың контрреволюцияшыл белсенді тобы” тез арада қамауға алынып, “қастандық актілерін ұйымдастырушы” ретінде ату жазасына кесілетін болады делінген. Қазақстанда 22 мың адам қамауға алынып, 1930 жылы 1 шілдеде 12 мыңы (кедей мен орташа) түрмеден босатылып, 4 мыңдайы жер аударылды. Қазақстанда  54 625 шаруашылық бай-кулакқа жатқызылып, тәркіленіп, 1931 жылы елден  тыс жерлерге 5500 кулак  жер аударылды.

ҚР мемлекеттік архивінде 1928 жыл қыркүйек 1929 жыл ақпан айы  аралығында заттары тәркіленіп, жер аударылғандардың  іс-қағаздары  сақталған. Солардың  ішінде №195 іс бойынша Алматы  округі  Еңбекшіқазақ ауданы  №9 ауылдан Бейімбетов Шеру, оныншы бумада №259 іс бойынша Ахмет Дәулетбеков,  №1 ауылдан  №265 іс  бойынша Дәркенбаев Дәулетханның,  №303  іс бойынша Дәркембаев Дәулетбек және т.б. отбасылардың  заттары, малдары, құрал-саймандарына дейін тізім жасалып  тәркіленгені  және жер аударылғандары туралы  мәліметтер бар.                     

1928 жыл Алаш қайраткерлерін тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл», «басқаша, бөтен ойлайтындар» айыбы тағылып, түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды.

1930-1933 жылғы Голощекиндік бастама бойынша  ет, астық және т.б. 16 түрлі салық белгіленіп, жартылай көшпелі  шаруаны  күшпен отырықшыландыру науқаны басталады. Ауыл халқының ашаршылықтан келген шығыны 2 млн. 200 мың адамнан асып түскен.

«Нұрлы жол»   кітабында Хұсайын  Бижанов: 1932 жылы қыстың ортасынан аштықтан тұлыптай ісіп-кеуіп, тарамыстай тыртиып, әулеттер қырылып,  үйлерден түтін шықпай қалғанын, жолшыбай  бет-аузын  ит-құс жеген адам денесін және Шелекте асхана жанында сүйек кеміріп жатқан адамды көргенін есіне алады. Асысаға  ауылында  аштық жылдарында ұйымдастырылған «ортақ қазан» күніне бір рет бір ожау қара көжемен тамақтандырған. Аштарға Б.Бошаев, Ә.Атамбеков бастаған  мерген  топ  ұйымдастырып таудан аң атып әкеліп, Бектемісов Сары мен жұбайы Қатипа туған қойларды сауғызып сүтін аштарға таратып көмек көрсеткенін, халық ашаршылықтан қиналып отырғанда  Балқаш ауданынан келген адамдарға да пана болғанын  келтіреді. (196 бет). 

Ахмет Байтұрсыновтың кіші інісінің баласы Самұрат Кәкішевтің естелігінде: «Көктем уақыты, ағайындар түрмеге жабылды. Халық тамақсыз, киімсіз  үйлерін тастап тамақ іздеп қаңғырып кетті. Ауылда аштан өлген адамдар күн сайын көбейе берді. Әлсіреп жатқан кісілерге жабайыланған иттер бас салып, қасқырлар өлікке таласып, жолдың екі жағында шыбындай шалып, аштан өлген кісілер, әр өліктің үстінде бір-бір құс шоқып жеп жатыр. Итті ұстап алып, сойып  жеп, қалғанын алып жолға шықтық. Сарышұнақтың ініне су құйып ұстап, пісіріп жеп отырған адамдар.. Бір жағы аштық қысса, екінші жағы аурудан шыбындай қырылып жатқан қазақтар”...(Ақаң туралы ақиқат кітабынан).

Одесса қалалық партия комитеті  хатшысы Кириченко бір хуторға барғанда бір семьяда  әйел стол үстінде өз баласының денесін пышақпен паршалап «вот Манечку мы съели, а теперь Ванечку засолим, и нам хватит на какое-то время» деген екен. Бұл Украинадағы да сол кездегі жағдайды нақты көрсетеді.  

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті архивіндегі құжаттар бойынша Алматы округі Шелек селосынан  № 11-27 тізім (3-6 бет) 1929 жылы 26 маусымда ОГПУ-дың айрықшы отырысында  РСФСР Қылмыстық Кодексі  58 бабы 10 бөлімі  ІІ тармақшасы бойынша 3 жылға сотталған,  білімі жоқ, партияда жоқ, негізінен ауылшаруашылығы саласында жұмыс атқаратын Беспалов Арсентий Осипович 1880 жылы туған.  Бортников Павел Гаврилович 1872 ж.т, Буханцов Дмитрий Васильевич 1898 ж.т,  Москва, Ленинград басқа да қалаларда тұруға  болмайды.  Вихрев Егор Михайлович 1884 ж.т, Воронов Павел Иванович 1880 ж.т,  Гвоздев Иван Григорьевич 1884 ж.т,  Лапшин Глеб Николаевич 1883 ж.т,  Локтев Василий Дмитриевич 1879 ж.т,  Локтев Терентий Дмитриевич 1875 ж.т,  Пожидаев Нефедий Дмитриевич 1887 ж.т, Ромохов Георгий Сысоевич 1886 ж.т,  Четверкин Андрей Иванович 1879 ж.т, Черняков Дмитрий Василиевич 1889 ж.т. Бұл азаматтар  «қылмыстық әрекеттері болмаған» деген негізбен ақталған.

Қаражота ауылында 1890 жылы туған  Босымбеков Абай,  Дмитров атындағы колхозды ұйымдастырушылардың бірі  1929 жылы 26 маусым айында ОГПУ-дың айрықшы отырысында  РСФСР Қылмыстық Кодексі  58 бабы 10 бөлімі  ІІ тармақшасы бойынша 10 жылға сотталып, Қарлаг түрмесінде (20.08.1935 ж. куәлік №109 749) мерзімін  өтеп келіп, колхоз жұмысына араласып, 1944 жылы  республикалық ауылшаруашылық саласының үздіктері  кеңесіне қатысқан. 8.07.1947 жылы «Ерен еңбегі үшін медальмен» марапатталған.

Шелек ауданы Сартыау ауылында  жылқышы Бегалы Жангелдіге үш баукеспе ұры келіп, «3 айғыр 2 күнге бере тұр, Қырғыз еліне кіріп біраз жылқы айдап келейік» деп қолқа салады. Бегалы  беттерін қайтарады. Ауыл  маңындағы  арпаға  ұрылар от салып,  Бегалыға  жала жауып, соттатып жіберіпті.

Қолшоқпар болған газеттер шешімдерді жарыса, «Халық дауысы» айдарымен жариялап, кез келген сын-пікір соңы  қуғын-сүргінмен аяқталған.

Қазақстанда алғаш рет Қарағанды, Үржар мен                         Пресновта ашық сот процестері жүргізілген. Ақмола облысында қуғын үлесі 1930 жылдарда 3360 адам, 1940 жылдарда 160  мыңға жеткен. 22.05.1937 жылы НКВД  Преснов ауданы басшылары үстінен қылмыстық іс қозғалып, 2 қазанда облыстық соттың арнайы коллегиясы істі қарап, ауданның бірінші хатшысы В.Конюховқа,  атқару комитеті төрағасы К.Капаровқа, оқу бөлімінің меңгерушісі  Н. Уразбаевқа,  аудан прокуроры  Қ.Фазыловқа, халық соты  Ә.Майкотовқа ату жазасын кескен. Жер қатынастары бөлімінің бастығы  С.Калугина, колхоз төрағалары  А. Гоменюк пен И.Гребешканы әр түрлі жылға соттаған.  Айып: контрреволюция және ұлттық фашистік әректер, Совет үкіметін құлату болса, 58-ші бап бойынша 5400 адам сотталып, 1600 адам атылған. (мем.архив Қ.954, б. 1, іс.52).

Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932,34,36,37 жылдары«Социалистік меншікті нығайту», «Отанды сату», «Террористік актілер», «Зиянкестік пен диверсия туралы» заңдар шыққан. Колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жас-тан асқан бала  10 жылға сотталады.Террористік актіні тергеу ісіне 10 күн мерзім белгіленді. Қамауға алынғандарға «физикалық əсер ету шараларын» қолдануға рұқсат берілді. Ерекше жиналыс, «Үштік», одан кейін «Екілік» деп аталатын соттан тыс орган құрылды. Партия ұйымдарына жіберген сақтық пен жауды тани алмауды жоюды талап еткен жабық хат бойынша Қазақстанда бір аптада 43 контрреволюция өкілдері табылып, жұмыстан шығарылған.

Бір-бірінің сыртынан арыз жазу, домалақ арыздар нақты дəлелдері болмаса да, негізгі құжат ретінде қарастырылды. Қазақстандағы репрессияны жүзеге асырған Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары С.Реденскінің «рұқсат бұй-рығына» сай  4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і атылды. Жеке билік орнату барысында қарсыластарын ғана емес, бəсекелес, режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі рөл, атқарады.  И.Сталиннің кез-келген сөзі заңға айналды.

1937 жылы шілдеде республикалық, облыстық «Үштіктер» құрылады. Төраға ішкі істер халық комиссары, мүшелікке партия комитетінің бірінші хатшысы мен прокурорлар енгізілді. «Үштіктер» ату, жер аудару, 8-10 жыл мерзімге лагерге жіберу, түрмеге қамауға шешім қабылдап отырды. 30.07.1937 жылы  ҚКП ОК хатшысы Л.И.Мирзоян И.В.Сталинге Қазақстанда «ұлттық фашистік ұйымдардың»  қамауға алынған 14 лауазым иесінің тізімін, мекемелерде жұмыс істейтін 400-дей адам қамауға алынғандығын жеткізді.

Жалған жала жауып, халық алдында қаралау саясатын мерзімдік басылымдар ерекше қарқынмен жүргізіп, негізсіз мақалалар көбейді. 1937 жылы 22 қыркүйекте «Казахстанская правдада» К.Пуховтың «На поводу у буржуазных националистов» мақаласы репрессияның жаңа толқынын туғызды. Л.Мирзоян мен  республика басшыларын «халық жауларын» қорғайды жəне бүркемелейді деп айыптады. Нағыз ұлтжанды азаматтарды «Отанды сатушы» және «зиянкестер»деп айыптады. 1938 жылы ақпан айының 13 наурызынан 10 күн ішінде Қазақстанның барлық басшылары ең жоғары жаза – ату жазасына кесіледі. Əскери Алқа арқылы 650 адам атылып, Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасынан бастап, оның орынбасарлары, барлық облыстық жəне қалалық, аудандық партия комитеттері хатшылары атылды. Репрессияға  ғалым, жазушы, ақын, мəдениет жəне өнер, білім қызметкерлері ілікті.

Шешімдерді жүзеге асыру, режимді нығайту үшін ГУЛаг,  23 жалпы жəне 11 ішкі түрмелер орналастырылды. Қамауға алынған, атылған «халық жауларының» əйелдері 5–8 жылдан кем емес мерзімге лагерлерге қамалды. Ал, балалары еңбекпен түзету лагерлері мен түрмелерге, балалар үйлеріне жіберілді.  

Торғaй уeзі бaсшылары Ә.Жәнкелдин атынан қолы қойылып, мөрi бaсылғaн хатында Кeйкi батырдың  бар «күнәсi» кешірілетіндігі және Торғайдан қызмет берілетіндігі жазылады.  Н.Тoкарев  пен С.Мaғзұтов  Кeйкіні қaпыда қoлғa түсіріп, 1922 жылы 29 нaурызда eкі қoлы мeн бaсын кeсіп aлып, бaсын бiр aй бoйы Тoрғай қaласы oрталық aлаңына сырыққa шaншып қoйып, aйы-күнi жетiп отырғaн әйeлі Ақжaнның iшін жaрып, нәрeстесін eтік тaбанынa тaптап жәнe iнісі Түскeнді азaптап өлтiреді. Дәл осы әдіспен 1938 жылы 15 мамырда республика басшысы Л.Мирзоянға  И.Сталиннен жеткен жеделхатта «жұмысты Скворцовқа тапсырып, жаңа қызметке тағайындалу үшін Кремльге келіңіз» делінеді.  Мəскеуге бара жатқан жолында Л.Мирзоян Коломнада 23 мамырда қамауға алынып, 1939 жылы 26 ақпанда Лефортов түрмесінде атылады.

Бүгінде өңі сарғайған құжаттардан  Қазақстан «алпауыт əлеуметтік эксперимент» полигоны  болғанына  куә боласың.

 

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,

Журналистер Одағының мүшесі

Оқылды 1235 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет