Сейсенбі, 28 Шілде 2020 14:23

Шәмшиден Әбдіраманов, «Әл-Машани атындағы халықаралық қордың» президенті, профессор: МАШАНИДІҢ ФАРАБИТАНУ БОЙЫНША 10 ТОМДЫҚ ЕҢБЕГІ ҚОЛЖАЗБА КҮЙІНДЕ ҚАЛҒАН

 

– Әл-Фарабиді қазақ елімен қауыштыруға көп еңбек сіңірген Ақжан Машани Дамаскідегі әл-Фараби зиратына қашан және қалай барған?

– Ақжан Машани – әл-Фараби зиратына елімізден тұңғыш барған адам. Ол 1968 жылы Сирия мен Ливанға шыққан туристік топ құрамында болады. «Елшілік қызметкерлерінің бір көмегі тиер» деген оймен Сирияда сол кездегі елшіміз Нуридтин Мухитдиновке Қазақстан ғылым академиясының атынан хат жаздырып алады. Ол кісімен тілдесе алмағанымен елшіліктен әл-Фараби зиратына апаратын машина жіберілетіні туралы хабар алады. Ақаң өзінің «Әл-Фараби және Абай» деген кітабында ол көліктің әбден кешқұрым келгенін және онда үш адам болғанын – «Известия» газетінің тілшісі Н.В.Кобров, қалған екеуі елшіліктен екенін жазған. Сондай-ақ бұл сапарды кітабында былай суреттеген: «Қаланың солтүстік-шығыс жақ бетіндегі бір биік қақпаның алдына келіп тоқтадық. Іздеген Баб-ас-Сағир – Кіші қақпа осы. Алдында кішірек әдемі мешіт, оның бір жағына мрамор тастан жасалған жуынатын орындар. Мешіт ішінде кітапхана сияқты қаланған папкалар, кітаптар... Күзетшісі бізге әл-Фараби қабірін көрсетті. Айналасы сәл ашықтау жерде жатқан жұпыны сұпы, сыртын цементпен сылаған. Басқа ешнәрсе жоқ. «Мұның әл-Фарабидікі екенін сіз қайдан білесіз? Ешбір белгі жазу жоқ қой?» – деп сұрадым күзетшіден. Оның айтуынша белгі басында бұрын болған. Жер сілкінген кезде құлап қалыпты. Одан кейін оны түзеткен кісі жоқ. «Айналасында тұрған мынау қабірлердің бәрінің де белгілері құлаған, бірақ сіз мұның әл-Фарабидікі екеніне шүбә келтірмеңіз. Өйткені бұл зиратта жатқан адамдардың бәрі дәптерде тіркеулі, кімнің қай жерде жатқаны белгілі», – деді күзетші.

Бб-ас-Сағир зираты белгілі адамдарға арналған династиялық жай көрінеді. Онда тек патшалар, пайғамбар нәсілдері, әмірлер немесе солардың ұстазы болған ғұламалар ғана қойылады екен. Сирия әмірі Сайф ад-Дәула әл-Фарабиді өзіне ұстаз тұтқан. Сол себепті ол кісі оны өз қолымен осы жерге қойдырған. Олай болмаған күнде мың жылдан бұрынғы жалпы зираттар жермен-жексен болап кеткен, онан табу мүмкін де емес. Баб-ас-Сағир бір кезде қаланың шетінде қоршау қақпада болған. Кейін қала өскен соң ол ортада қалып қойыпты. Содан кейін  оның айналасын темін шарбақпен қоршап, бұрынғы қалпында сақтаған. Әл-Фараби қабірін, зиратты дереу суретке түсірдік. Өйткені сол кезде күн батуға жақын еді». Бұл 1968 жылдың 23 қыркүйегі болатын.

– Естуімізше, сол тұста әл-Фараби зиратына белгі орнатылуына себепкер болған да Ақжан Машани көрінеді...

– Сапар соңында Дамаск қаласында қоштасу қонақасы беріледі. Ақаң сөз сөйлеп тұрып, дүниежүзіне әйгілі ұлы дананың басында ешбір белгінің жоқ екенін сөз етеді. Сонда арабтар жағынан Дадуш есімді бір азамат алдағы уақытта әл-Фарабидің басына ескерткіш орнатуға уәдесін береді. Кейін өзін Ақаңның шәкіртімін деп санайтын Әмір-Бек Есенбайұлы Бүкіл ислам қауымы жиналысына Дамаск, Иерусалим. Бағдад қалаларына баратын болады. Ұстазы ретінде батасын алуға келгенде Ақаң одан әл-Фарабидің зиратына барып, арабтардың айтқан сөзінде тұрған-тұрмағанын біле келуін өтінеді. Әмір-Бек Есенбайұлы уәденің орындалғанын айтып, жақсы хабар жеткізеді.

– Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та, әл-Фарабидің кез келген ғылым саласына сіңірген еңбегі мол...

– Әл-Фараби – шын мәнісінде, төрт «тағаны» тең тұрған ғалым. «Бүкіл ғылым тарихында арифметика, геометрия, астрономия, музыка саласынан бірдей жаңалық ашқан әл-Фарабиден басқа ғалым жоқ. Птоломей, Аристотель, Платондар өзінің музыканы білмейтіндерін жазып кеткен», – дейді Ақаң. Аристотелдер астрономия, арифметикадан еңбек қалдырғанымен, музыканы білмеді. Ал әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» – музыканың энциклопедиясы. Өкінішке орай, әлі күнге дейін Құрманғазы атындағы консерваторияда әл-Фарабидің музыкалық теориясы оқытылмайды. Тағы бір өкініштісі, әл-Фарабидің жасап кеткен көптеген дүниесі қазіргі күнге дейін басқаның «еншісінде» жүр. Мысалға айтар болсақ, әл-Фараби: «Күннен адам бетіндегі қалдай бір дақ көрдім. Ол Шолпан еді», – дейді. Кейін астрономдар есептегенде әл-Фараби тұсында, расында да, Шолпанның Күнді кезекті рет айналып өткенін біліп отырмыз. Ғалым телескопқа келетін ойыс айнаны сол кезде жасап кеткен. Ал бұл – әл-Фарабиден 600-700 жыл кейін Галилей жасаған телескоптың негізі. Ойыс айнаны жасауда әл-Фараби «мухарак» деген термин енгізді. Мұны Кеплер «фокус» деп аударып алған. Кеплер де, Коперник те – Еуропа әл-Фарабиді өте жақсы білген. Оның еңбектерімен өскен. Бірақ біз әлі күнге дейін әл-Фарабиді өз деңгейіне көтере алмай отырмыз. Әл-Фараби – ұлы коментатор, түсіндіруші. Ол Птоломей мен Аристотель еңбектеріндегі жоқты толықтырып, ғалымдар екіге бөліп отырған Аристотель мен Платонның арасын жалғап, біріктіреді. Әл-Фараби –Еуропа елдеріне ренессанс тудырған үлкен ғалым. Гректер Аристотельді әл-Фараби еңбектерінен кейін түсінді. Ақжан Машани: «Жұрт әл-Фарабиді философ дейді, бірақ әл-Фараби – музыкант. Жұрт Абайды ақын дейді, бірақ Абай – философ» деген аксиомалық анықтама беріп кетті.

– Ақжан Машанидің әл-Фараби мұраларын зерттеу, зерделеу тұрғысында еңбегі қаншалықты?

– Ақжан Машани 1973 жылы «Аль-Фараби и современная наука» деген монография жазған. Бірақ онда Құдайдың бар екені және оны әл-Фарабидің қолдағаны туралы жазғандықтан қолжазба жарыққа шықпай қалды. 2004 жылы оны қазақшаға аударып, «Әл-Фараби және бүгінгі ғылым» деген атпен жарияладық. Алдыңғысы – Кеңес одағы кезіндегі жағдай. Ал одан бері қанша уақыт өтті?! Қазір өз билігіміз өз қолымызда, бірақ әлі де болса, әл-Фарабиді өз биігіне көтере алмай отырмыз. Оны іздеп жатқан ешкім жоқ. іздесе, «Әл-Фарабиді зерттеген Ақжанда не бар?» деп сұрау салмай ма? ондай да жоқ. мысалы, Машанидің фарабитану бойынша 10 томдық еңбегі қолжазба күйінде қалған. Жазғандарын «Машинкаға бастыршы» деп маған беретін. Мен төрт дана қылып бастырсам, біреуін өзіме алып қалатынмын. Осылай Ақаңның бір зжазбасы менде сақтаулы тұр. Ақжан аға әл-Фараби туралы мәліметтер қарастырып, зерттеуін бастап жүргенде «Әй, Ақжан, мына сәлде киген кім? Қай молдаң? Жаратылыстану ғылымының адамысың ғой, дәл айтшы осыны, руы кім екен өзінің?» деген сияқты келемеж пікірлерді тіпті академия жиналысының өзінде де талай адамның аузынан естідім. Солардың қайсыбірі қазір әл-Фарабиді өздері ашқандай болып жүр...

Сұхбаттасқан Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,

«АҢЫЗ АДАМ» журналы

№ 17 (29) қыркүйек 2011 жыл

 

Оқылды 1030 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 06, 2025

Зимние Кубки на пороге весны

На лыжно-биатлонном комплексе «Алатау» в г.Талгаре 21-25 февраля состоялись первенства на…
Нау 06, 2025

Әлемнің мәні – әйелде

Жаймашуақ ғажайып көктемнің сырға толы мерекесі – халықаралық әйелдер күні екені сөзсіз.…
Нау 06, 2025

Білікті басшы, қарапайым әйел

«Отбасының жүрегі, алтын діңгегі – ана» деп бұрынғы даналарымыз бекер айтпаған. Сондықтан…
Нау 06, 2025

Уркыз ИЛИЕВА: «Защита женщин – в…

Более тридцати лет назад в Казахстане стартовало антиядерное движение «Невада – Семей»,…
Нау 06, 2025

Сағызша созылған мектептер құрылысы…

Білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу «AMANAT» партиясының күн тәртібінен…
Нау 06, 2025

Жақсылықты ұмытпау – адамдықтың…

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде жер-жерде Алғыс айту күні аталатыны белгілі. Кеңестік…
Нау 06, 2025

Аудан әкімі Талғат Байеділовтің …

Құрметті ақжаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен…
Нау 06, 2025

Сібір жарасының алдын алу туралы

Сібір жарасы дегеніміз– зооноз тобындағы, адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ аса…
Нау 06, 2025

Балалар ойыншығын қалай таңдауға…

Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен де жо­ға­ры. Ба­лаға ойыншық таңдау…

Күнтiзбе

« Наурыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет