Сенбі, 01 Мамыр 2021 13:40

Бақ-дәулет бірлікте!

Қазақ топырағына XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында және 60 жылдары тағдыр тәлкегімен, кеңестік солақай саясаттың ықпалымен әртүрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Айталық, бір ғана тың игеру кезеңінде Қазақстанға КСРО-ның өзге республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Солардың көпшілігі тұрақтап қалды. Жергілікті халықпен тату-тәтті, ауызбіршілік жағдайында өмір сүріп, ұлан-ғайыр далада бейбіт ғұмыр кешіп келеді. Қазақстанда әр ұлт өкілдерінің тіршілік жасауына, кәсіппен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Қазақстаннан басқа мемлекеттерде дәл біздегідей терезесі тең еңбек етіп, қалаған ісімен айналысып жатқан диаспоралар жоқ. Сондықтан Қазақстандағы әрбір ұлт бақытты өмір сүруде.

Осы орайда, барлық этнос өкілдердің тіліне, дініне қарамастан, бір мүдде аясында әлеуметтік-экономикалық даму жолына жұмылдыра білген қазақ даласы әлемдік кеңістіктегі тұрақтылық пен бірліктің символына айналды. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның ішінде, этно-мәдени бірлестіктер ел бірлігін нығайтуда  маңызды рөл атқарып келе жатыр. Осы арқылы елімізде барлық этностың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты механизмі жүзеге асырылып келеді .

Мен жер жәннаты – Жетісу топырағында, яғни Шелек өңіріне қарасты Қайрат ауылында дүниеге келгенмін. Ауыл халқы көпұлтты. Тағдыр тәлкегімен қоныс аударған ұйғыр, түрік және тіршілік көзін көруге келген өзбек-қырғыз ағайындар қазақ халқымен тату-тәтті, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып өмір сүріп келе жатыр. Ауыл шаруашылығын нығайтуға, әлеуметтік ахуалын жақсарту үшін сонау Кеңес дәуіріндегі совхоз-колхоздар бар кезден-ақ аға-апаларымыздың еңбегі зор. Табиғатта ұрпақ алмасатын заңдылық бар ғой. Олардың игі істерін бүгінгі жастар жалғастыруда. Ауылдағы жұмыстарды, ресми және бересми меркеке-іс-шараларды «сен-мен» демей, қоян-қолтық болып атқарамыз.

Біздің  ауылдағы кей үлкендер  ата-бабаларының  соғыс жылдары қазақ еліне жер аударылып келгендігін,  қазақ халқы жылы жүздерімен қарсы алып қолұшын бергендігін жиі айтады.

Асы ауылдық округінің әкімі Ұлан Сағынбеков «Қазақстанның байлығы – халқы, сол халықтардың бірлігі мен ынтықмақтастығы!» – дейді. Бұған алып-қосарымыз жоқ.

Қазақстан – менің Отаным, менің өсіп-өнген жерім! Шаңырағымыз биіктеп, күн нұрына бөлене берсін!

Абдулжан АЗНАБАҚИЕВ,

Мәдениет және спорт министрлігі

жанынан құрылған жас ақын-жазушылар

 кеңесінің мүшесі

Оқылды 16408 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет