Сейсенбі, 27 Шілде 2021 17:23

Өзбекстанда тарихи-ақпараттық тур барысында не көре аласыз?

«Өзбек – өз ағам» деген көршілес ағайындарға деген еліміздің ізеттілігін еске түсіріп «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры президентіНәзия Жоямергенқызының шақыруымен Жетісу журналистері Өзбекстанға іссапар  барып қайтты.

Ежелден көрші, әрі бауырлас Өзбекстан туралы не білеміз, нені білмейміз? Туризм мен жеңіл өнеркәсіптегі, мәдениет саласындағы жетістіктері,  төл руханиятын сақтауы мен мемлекеттік тіл мәртебесін тиісті деңгейінде қандай?

Сан ғасырлық тарих пен жаңа мәдениет тоғысқан Ташкентте орта ғасырдың құнды ескерткіштері мен небір құнды жәдігерге толы мұражайларды міндетті түрде көру қажет. Шеберлердің  әлемдік қолөнер қоржынына қосқан үлесін бағалап, сан ғасырда сызат түспеген орта ғасыр ғимараттарын тамашалау бір топ қазақ журналистеріне де бұйырды.

Өзбекстанның Елордасы Ташкентке жолыңыз түссе, төменде 10 нысанды мысалға келтіре аламын.

  1. Ташкент метрополитені

Ташкент метросының бірінші желісі 1977 жылы ашылған. Қазір метрода жалпы ұзындығы 36 км болатын үш желі және 29 станция бар. Метроны безендіруге ең жақсы суретшілер мен дизайнерлер шақыртылған. Станциялардың дені өзбек халқының ұлттық нақышында безендірілген. Метро таңғы алтыдан кешкі он бірге дейін ашық. Күн сайын 60 мыңнан 100  мыңға дейін жолаушы келеді. Бүгінде метро жылдам көлік құралы ғана емес, соныен қатар, шаһардың басты көрікті жерлерінің бірі.

  1. Әлішер Навои ұлттық саябағы

Ташкенттегі ең үлкен ұлттық саябағына өзбек ақыны – Әлішер Навоидың есімі берілген. Аумағы 65 га. Әсем саябақта күн сайын отбасылар, зейнеткерлер, балалар, туристер демалады. Бұнда әдемі гүлзарлар, субұрқақтар, орындықтар, сондай-ақ, мәдени және рухани орталық Әбілқасым медресесі мен неке сарайы орналасқан. Ұлттық саябақта бүлдіршіндерге арналған алаңдар өте көп.

  1. Тәуелсіздік алаңы

Өзбекстан астанасының жүрегінде Тәуелсіздік алаңы орналасқан (түпнұсқа атауы Мустакиллик Майдони). Әдетте мұнда мерекелер мен фестивальдар өтеді. Саябақтағы биік субұрқақтар алаңға ерекше көрік беріп тұр. Бұнда ескерткіштер мен туристік нысандар бар. Олардың ең бастысы жер шары түрінде жасалған Тәуеліздік пен гуманизм монументі. Онда Өзбекстанның шекарасы белгіленген. Ал, қолында баласы бар әйелдің мүсіні Отанды, халықты қорғайтын ананы бейнелейді.

  1. «Ерлік» монументі

Ескерткішті 1970 жылы мүсінші Дмитрий Рябичев 1966 жылғы жер сілкінісін еске алумақсатында мүсіндеген. Бұл табиғи апат қала тарихында терең із қалдырды, өйткені қатты дүмпудің салдарынан Ташкент тұрғындарының жартысына жуығы баспанасыз қалды. Сонымен қатар, көптеген ғимараттар қирады. «Ерлік» монументі тыныштық пен тұрақтылықты бейнелейді.

 

  1. «Бунедкор» стадионы

Бунедкор стадионы – Өзбекстандағы ең үлкен футбол стадионы. Ол Ташкент қаласының Чиланзар ауданында орналасқан. Оның жанында «Мирзо Ұлықбек» метро станциясы бар. Ғимаратқа қарама-қарсы сіз Гафур Гулям атындағы үлкен балалар саябағын таба аласыз. Сонымен қатар, 200 метр қашықтықта Чиланзар сауда орталығы орналасқан. Стадион жаңа бағытта салынған. Яғни, нысан кешке және түнде түсін ауыстырып тұрады. Бұл технология «шығыс жалыны» деп аталады. «Бунедкор» стадионында алғашқы футбол кездеуі 2013 жылы өткен. Стадионға 32 мың көрермен сияды. 

  1. «Бродвей» аллеясы

Қаланың дәл орталығында, «Бродвей» лақап атына ие көркем көше орналасқан. Мұнда сіз достарыңызбен және отбасыңызбен серуендеп, керемет уақыт өткізе аласыз. Бродвей көшесінің бойында жанды дауыста ән айтатын әншілерді, музыканттарды, жеке портретіңізді салатын суретшілерді жолықтыруға болады. Көше маңында сауда орталықтары мен дүкендер, мейрамханалар мен кафелер, кинотеатр орналасқан.

  1. Ташкент телемұнарасы

Ташкенттегі теледидар мұнарасының биіктігі – 375 метр. Сәулетшілер оның сейсмикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық техникалық талаптарды ұстанып, сапалы тұрғызған. Мұнара 8 баллға дейінгі жер сілкіністеріне төтеп бере алады.  Телемұнараны салудағы басты мақсат хабар тарату. Бұнда күн сайын жүзден астам адам жұмыс жасайды. Туристер жоғары жылдамдықты лифтпен 94 м биіктіктегі бақылау алаңына көтеріліп, сол жерден Ташкенттің панорамасын тамашалай алады. Телемұнараның ерекшелігі – ұлттық тағамдар ұсынылатын «көк зал» және 104 м биіктіктегі айналмалы мейрамханасы бар.

  1. Төле би мазары

Төле би кесенесі шаһардағы көрікті жерлердің бірі боп саналады.Сондықтан бұнда Орталық Азиядан, оның ішінде Қазақстаннан және басқа да шет елдерден келетін туристердің қарасы көп. Төле би ұстазы Шейх Хаунд Тауердің жанында жерленген. Шейх Хаунд құлпытасының жанында алып сарв ағашы тұр. Ағаш 8 ғасыр бойы қурамай, тамыры жайылып тұр. Ал, Төле би мазарының құлпытасының бір жағына Пайғамбардың хадисі, екінші бір бетіне Құранның «Дұха» сүресі жазылған. Және де құлпытаста «Тәңір қазаққа елдікті де, ерлікті де, даналықты да берген» деген жазба бар.

  1. Кіші мешіт

Ақ мәрмәрден жасалған Минор мешіті «ақ» деген лақап атқа ие болған. Ашық ауа-райында, ол тіпті  жарқырап көрінеді екен. Мешітке бір уақытта 2400 адам сияды. 2014 жылы салынған ең жас сәулет ғимараты бүгіндеТашкенттегі ең әдемі нысандардың біріне айналған. Мешітте Құран сөздері, өзбек оюлары, бейнеленген.

  1. «Чорсу» базары

Үлкен көк күмбездің астында Ташкенттің қонақтары Шығыс базарларының көрінісін тамашалай алады. Чорсу базары қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Бұнда тауар түрлері өте көп. Базар туристер мен қала тұрғындарын піскен көкөністермен, кептірілген жемістермен, былғарыдан жасалған заттармен, зергерлік бұйымдармен қуанта алады. Көптеген сатушылар жеуге жарамды тауарларды көруге мүмкіндік береді және  құны бойынша сауда жасауға болады. Чорсуда сувенирлер мен сыйлықтар сатып алуға, сондай-ақ, ұлттық  тағамдардан ауыз тиюге болады.

Жалпы, Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы арқылы Ұлы Жібек Жолы, Азия мен Жерорта теңізі арасындағы негізгі магистраль өтті. Сол ежелгі дәуірден бері қала әртүрлі мәдениеттердің, конфессиялардың және өнер түрлерінің іздерін бүгінге дейін сақтап келеді. Мешіттер, католиктік және православие шіркеулері, саябақтар мен бақтар, шығыс базарлары  сынды айтылмаған көрікті жерлер бар. Сондықтан, Ташкентке жол түсіп жатса,жоғарыда айтылған туристік нысандарды аралуды ұмытпаңыз.

 

Фотоға түсірген: Талғат Мұратбаев

 

 

 

Оқылды 29570 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бақ-дәулет бірлікте! Тылсым сырлы сұлулықтың мекені »

Соңғы жаңалықтар

Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…
Там 20, 2025

Маймыл шешегі –сирек кездесетін…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылы және қарым-қатынас арқылы берілетін зоонозды, вирусты…
Там 20, 2025

Нитраттармен уланудың белгілері мен…

Нитрат (грек, nitron - сода, селитра) - дегеніміз өнеркәсіпте, әсіресе ауыл…
Там 20, 2025

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі…

Тағам қауіпсіздігі яғни бұл – сапалы өнімді тұтыну. Тамақ өнімдерін өңдеу, дайындау және…
Там 20, 2025

Кондитерлік –өнімдердің сапасына…

Кондитерлік - кремді өнімдерді өндіретін нысандар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7…
Там 19, 2025

Алматы облысында «Алатау» өңірлік…

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Алатау» өңірлік…
Там 18, 2025

Астанада тұңғыш қазақ тілді jukebox…

2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында…
Там 18, 2025

Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы…

Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикасының маңызды тірегі. Агросаланың дамуы нақты әрі…
Там 14, 2025

Шағаман батырдың балалық шағы

Бисимилләһир-рахманир-рахим! Асы жайлауының сұлулығына тамсана, таңдана тамашалаған бала…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет