Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2022 12:04

Отбасы институтын нығайту – тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу

Отбасы институтын нығайту – тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу Сурет интернеттен алынды

Мемлекет іргетасының беріктігі жанұядағы жарасымдылыққа тікелей байланысты. «Отан отбасынан басталады» дейтін халқымыз отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге ерекше қарап, осынау үлкен институттың маңызына мән берген.

Дегенмен, соңғы жылдары қоғамда ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әлімжеттік, жасөспірімдер арасындағы суицид, әйелдер мен балаларға күш көрсетудің көбейіп кеткені жасырын емес. Осы орайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйін талдау жұмыстарына көз жүгіртсек, еліміздегі әрбір екін­ші қылмыстың азаматтардың мас күйінде жасалатынын, заңсыз әрекеттердің 70-75 пайы­зы тұрғын үй-жайларда тіркелетінін байқай аламыз. Сондай-ақ отбасылық-тұр­мыстық құқық бұзушылықтың 80 пайызында зорлық-зомбылық субъекті­ле­рі – ерлі-зайыпты немесе азаматтық неке­де тұрған адамдар екен. Бұл көрсеткіштер отбасы институтына қолдау қажеттігін аңғартады. Мұны саралап-сараптап отырған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демография жөніндегі ұлттық комиссия осыдан 4 жыл бұрын «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» деген пилоттық жоба бастаған еді. Аталған жоба аясында отбасы институтына қатысты біраз проблема да анықталған-ды. Дегенмен, халық арасынан түпкі мақсатын жіті түсініп, нақты проблемаларды зерттеместен, бұл заң жобасына қарсылық білдіріп, қарсы петицияға қол жинағандар болды. Сондықтан оның орнына «Отбасы институтын нығайту» жобасы дайындалып, Мəжіліске талқылауға ұсынылды.

Бұл заңнамада отбасылық зорлық-зомбылық орын алғандағы қылмыстық жауапкершіліктен гөрі сол мәселенің алдын алуға көбірек көңіл бөлінген. Осы заң қолданысқа енген жағдайда әр облыста құрылатын Отбасын қолдау орталықтары отбасылық зорлық-зомбылық кезінде жапа шеккен әйелге қорған болады, жан-жақты қолдау көрсетеді делінген. Сондай-ақ Заң жобасы қабылданса, отбасы саясатын жүргізуде жергілікті атқарушы органдардың құзыреті де артпақ. Мәселен, қолданыстағы Заңда айқындалмаған халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мемлекеттік денсаулық сақтау саласындағы орталық органдардың да қызметі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңда нақты көрсетілетін болады. Жаңа заңнамаға сәйкес жастар ресурстық орталықтарының құзыреті бұрынғыдан да күрделене түспек. Себебі жаңа заң жобасында бұл жолдар былай редакцияланған: «Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік отбасылық саясат және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы салаларындағы шараларды іске асыру үшін құрылады». Бұрынғы редакцияда тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алғаннан кейін жауапкер жәбірленушінің пікірін ескере отырып, онымен тілдесуге, ізіне түсуге, байланыс жасауға құқылы болса, жаңа заңнамада бұл жердегі «жәбірленушінің пікірін ескере отырып» деген сөз толығымен алынып тасталды. Демек, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам жәбірленушімен байланысуға «кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, жәбірленуішінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға болмайды» делінген.

Бұл заң жобасының қолданысқа ену-енбеуі, әрине, көпшіліктің дауысымен шешіледі. Дегенмен, жанұя жарасымдылығын сақтап, зорлық-зомбылықтың алдын алуда үлкен маңызға ие құжатты атүсті қарап, елдің бос сөзіне ермей, шешім шығарарда әрқайсымыздың азаматтық танытуымыз маңызды.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 3894 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Отансүйгіштік отбасынан басталады Үздіктер үлгі болсын »

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет