Дүйсенбі, 11 Шілде 2022 11:47

Отансүйгіштік отбасынан басталады

Оксфорд сөздігіне сәйкес, патриотизм – «өз еліне деген сүйіспеншілік және оны қорғауға деген ұмтылыс». Коллинздің ағылшын тіліндегі сөздігі бұл терминге «өз еліне деген сүйіспеншілік пен адалдық» деген анықтама береді. Демек патриоттық сезімді «өз елі үшін мақтаныш сезіну ғана» деп топшылау жаңсақ пікір. Патриотизмді дамытуда, әсіресе, жас азаматтардың туған жеріне, тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметі мен сүйіспеншілігінің іс жүзінде көрініс табуы маңызды. Данқты батыр Бауыржан Момышұлы «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз!» деген. Кішкентайдан ұлттық құндылықтарын бойға сіңіріп, ел тарихын біліп өскен баланың “Отан” деген киелі ұғымның парқын түсінері хақ.

Отансүйгіштіктің бастау бұлағы – отбасы. Әсіресе бұрындары баланы ізгілікке баулу үрдісінде “ата-әже институты” зор рөл атқарған еді. Атаның асыл өнегесін тыңдап, әженің аялы алақанында тәрбиеленген адамның күнделікті іс-әрекетінен де үлкен кісілердің аманатына адалдық менмұндалап көрініп тұрады. Абайды өсіріп, Тобықтының ғана емес, бүкіл қазақтың анасына айналған Зере әже, Шоқанды өсіріп, парасат пен тектілікті дәріптеген Айғаным әжелердің тағылымы барша жұртқа үлгі. Ал қазір бесік жырын шет елдің даңғазасы, ата ақылын теледидар, әже тәлімін әлеуметтік желідегі кеңестер алмастырып барады. Ұлттық мінезімізге осылайша там-тұмдап өзгеріс еніп, өзгелерге еліктеу белең алып жатқан уақытта жер тағдыры үшін алаңдайтын, ел келешегі үшін аянбайтын ұрпақ керек. Бұл мәселенің шешімін табуға әр отбасы өз үлесін қосады, дегенмен қоғамда патриотизмді қалыптастыру мемлекеттің міндеті.

Әлем елдерінде патриоттық тәрбиеге ресми деңгейде айтарлықтай көңіл бөлінеді. Міне, енді Қазақстанда да 2022-2023 оқу жылынан бастап мектептерде «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты пән енгізілетін болды. Ол парасаттылық және әдеп, экология мәдениеті, азаматтық және патриотизм, өмір қауіпсіздігі, медиа және қаржылық сауаттылық салаларын қамтиды.

Мұндай тәжірибе шет елдерде бұрыннан қолданысқа енген. Мәселен патриоттық сезім американдықтардың бойында бала кезінен қалыптасады. Патриотизмді кеңінен насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет және қоғам институттары: мектептер, университеттер, скауттар мен жастар ұйымдары ат салысады. Сол арқылы мемлекеттік рәміздер насихатталады, Америка азаматтығының мәртебесі көтеріледі, заңдар мен қоғамдық тәртіптің маңызы көп айтылады. Балалар ата-аналарына еріп 4 шілде Тәуелсіздік күні мерекесінде АҚШ-тың рәміздері бейнеленген жейдемен көшеге шығып, жалауларын желбіреткенде нағыз отансүйгіштік рухтың қандай болатынын күллі әлемге көрсетеді.

Сол сияқты қоғамда патриоттық тәрбиенің рөлі айқын байқалатын тағы бір мемлекет – Жапония. Экономикалық қуаты бойынша жер жаһанда АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынға табан тіреп тұрған бұл елде «Тұлғаның қалыптасу бағдарламасы» (Хитозукури) қабылданған. Мән-мазмұны мынада: жеке тұлғаның қалыптасу жолында тәрбие мен білім үйлесім табуы керек. Интеллектуалды даму, саламатты өмір салты арқылы тән мен жан саулығына баса назар аудару, адамгершілік қасиеттерді ұмытпау, мәдени талғамды жоғарылату – мұның барлығы осы бағдарламаның негізгі аспектілері. Бұл ретте «жастардың бойына ізгілік пен отансүйгіштікті сіңіру», «өзің үшін ғана емес, өзге үшін де еңбек өнімділігін арттыру» басты мақсат ретінде қарастырылады. Соған байланысты 2006 жылы Жапонияның білім беру саясатында реформа жүргізіліп, одан кейін жаңартылған білім туралы заңға сәйкес мектептерде патриотизм сабақтары енгізілген. Басты мақсаты ұлттық қадір-қасиетті сезініп, жапон дәстүрлеріне деген құрметті нығайту болған екен.

Мыңжылдық тарихы бар Үндістанда да «Естелік сабақтары», «Медитация сабақтары», «Күлімдеу сабақтары» сияқты қызықты пәндермен қатар «Патриотизм сабақтарын» оқыту кең таралған тәжірибе. Мұндағы оқушыларға рационалды және эмоционалды ойлаудың алғышарттары түсіндіріледі.

Демек түрлі елдердің мектеп бағдарламасында патриотизм туралы пән ерекше орын алады. Ал Қазақстандағы мұндай тың бастамалар оң өзгеріс көрсетеріне сенім мол. Өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілген 5-11 сынып оқушыларына арналған «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» пәні баланың ақпаратты талдау қабілеті мен шеберлігін дамытып жатса, бұл білім саласындағы жаңа серпіліс болмақ.

 

Анель Аянқызы

Оқылды 4751 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет