Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2022 11:21

Үздіктер үлгі болсын

Еліміздің болашағы әр шаңырақта қаланады, ал экономикамыз әр отбасының жағдайымен өлшенеді. Сондықтан отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын құру мен гендерлік саясатқа мемлекет тарапынан қашан да көп көңіл бөлінеді. Осы орайда республикалық деңгейде өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының орны бөлек.

Оның мақсаты – халыққа үлгі-өнеге болатын, отбасы құндылықтарын атадан балаға мұра қылып, дәстүрді дәріптеп, салтты берік ұстанған отбасыларын қоғамға танытып, жастарға үлгі қылу.

Әрине, бұл байқау біздің ауданда да жылда ұйымдастырылады. Мысалы, былтыр Еңбекшіқазақ ауданынан шыққан Исабековтер отбасы облыста үздік танылып, байқаудың республикалық кезеңінде лауреат атанды. Ауданымызда биыл да сол деңгейге талпынған 28 отбасы аталған байқауға қатысуға өтініш білдірді. Комиссия шешімімен олардың төртеуі – Асы ауылдық округінен қатысқан – Кебекбаевтар, Тескенсу ауылдық округінен – Сейсенқұловтар, Қырбалтабай ауылдық округінен – Тәукебаевтар, Бәйтерек ауылдық округінен – Казимир отбасы ауданда үздік деп танылса, олардың алғашқы екеуі байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Үлгілі отбасыларды «Отбасы» күні мерекесіне орай аудан әкімі Алтай Досымбаев қабылдады. «Ауылдағы жолдар салынар, жарық жүргізілер. Олар кезең-кезеңімен іске асады. Бірақ адами құндылықты, тәрбиені кейінге ысыра тұруға келмейді. Атадан балаға мұра болып келе жатқан «ұят болады», «жаман болады» деген тәрбие өзегі өміршең болуы керек. Оны үзіп алуға болмайды. Өкінішке қарай, тұрмыстың қамымен рухани құндылықты материалдық өлшемге айырбастап алғанымыз көп. Жиын-тойда «Адам бол!» дегенді емес, «Ақшалы бол! Әкім бол!» деген тілекті жиі еститін күнге жеттік. Мұның бәрі – тәрбиеге түскен сызат. Сондықтан сіз болып, біз болып осы мәселеде күш қосайық. 40-45 жыл отасып, ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере сүйіп отырған үлкен өмірлік тәжірибелеріңіз бар. Осы тәжірибемен, көрген-білген, ойға түйгендеріңізбен жастармен бөлісіңіздер», – деп қазақтың «Ауылына қарап, азаматын таны» деген жақсы сөзін мысал еткен Алтай Машикұлы қарияларды үйдің тірлігімен шектелмей, қоғам жұмысына араласып, белсенділік танытуға шақырды. Бұл тілектерге аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов те қосылды.

Аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев пен ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерболат Сарабеков ауданда үздік танылған төрт отбасына Алғыс хаттары мен сый-сияпат тапсырды. 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,

ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің маманы.

Оқылды 3824 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Қарулы күшті бірінші болып қолданбау…

Конституция жобасында бұл тұжырымның жеке көрсетілмеуі Қазақстанның бейбіт саясаттан бас…
Ақп 03, 2026

Орыс тілінің мәртебесін сақтау қазақ…

Конституцияның жаңа редакциясында қазақ тілі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде нақты және…
Ақп 03, 2026

Жариялау арналары барлық азаматтарды…

Конституция жобасының ресми басылымдар мен Конституциялық соттың сайтында жариялануы –…
Ақп 03, 2026

Үшінші Конституция құжаттың…

Конституцияны жаңарту оның құндылығын жоққа шығармайды, керісінше, мемлекеттің даму…
Ақп 03, 2026

Конституцияны жедел әрі жабық…

Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу процесі қысқа мерзімде жүзеге асырылды деу…
Ақп 03, 2026

Халықаралық шарттардан бас тарту…

Жаңа Конституция жобасында Қазақстанның халықаралық міндеттемелерден бас тартуы туралы…
Ақп 03, 2026

Мемлекеттік тілді меңгеру туралы…

Мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жасау міндетінің Конституцияның жаңа редакциясында…
Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет