Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2022 15:29

Азаматтық таныт! Зорлыққа жол берме!

Жыл сайын әлем бойынша жарты миллионнан астам адам зорлық-зомбылықтан қайтыс болады. Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлерінің бірітұрмыстық зорлық-зомбылық.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – Қазақстан Республикасының отбасылық-демографиялық саясатының өзекті тақырыбы. Зорлық-зомбылықтың өсуі қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осылайша, өткір әлеуметтік проблеманың негізі болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2021 жылғы қарашадағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында сөйлеген сөзінде осы мәселені шешудің маңызын атап өтіп, алдын алу шараларының тиімділігін арттыруды, агрессорлармен әлеуметтік-оңалту және тәрбие жұмысының жүйесін әзірлеуді, құқық бұзушыларға тағайындалған жазаларды орындау және қолданысқа енгізу жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды.

Бүгінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік пен қоғамдық айыптау атмосферасын құра отырып, заңнаманы жетілдіру және зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын тиімді жүргізу арқылы осындай кешенді тәсіл негізінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік міндеттер деңгейінде аталған мәселені шешу қажеттілігі туындап отыр. Қазақстандық қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықты, қысым көрсету және сексуалдық бопсалауды, некелесу мақсатында әйелдер мен қыздарды күштеп ұрлауды қалыптастырмау үшін мұндай құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ахуалын құру қажет. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық аясында қалыптасқан мұндай жағдайды оңтайландыру үшін тек мемлекеттік органдар ҮЕҰ мен дағдарыс орталықтары, аналар үйлері және АҚҚ-дан зардап шеккендерге көмек көрсететін өзге де ұйымдар ғана емес, БАҚ, әр азамат – жалпы қоғам болып жұмылу маңызды.

Бүгінде жылдағы дәстүрмен 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция өтіп жатыр. Бұл 16 күндік белсенділік дегеніміз – азаматтарды әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылыққа жол бермеуге әрекетке шақыру. Сондықтан егер де өзіңіз немесе жақындарыңыз отбасында зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының 102 телефонына хабарласу керектігін ұмытпаңыз.

Айдын БАЙТІЛЕУОВ,

Есік қаласы әкімі аппаратының бас маманы.

Оқылды 2949 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет