Жексенбі, 02 Шілде 2023 21:49

«Қазақ тілі — ұлттың қасиетті бойтұмары»

«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒАЖАП ТІЛ»... БҰҒАН ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ШАРЛАҒАН ЕУРОПА МЕН АЗИЯНЫҢ ЖИҺАНГЕЗ САЯХАТШЫЛАРЫ, ТІЛ САЛАСЫН ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМ-ЖАЗУШЫЛАРЫ БАЯҒЫДА-АҚ БАҒАСЫН БЕРГЕН. ҚАЗАҚ ЕЛІ ЕГЕМЕНДІГІН АЛҒАНЫНА ОТЫЗ ЖЫЛ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ ТІЛІНЕ АЙНАЛАДЫ ДЕГЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІ КҮНГЕ МЕШЕЛ БОЛҒАН БАЛАДАЙ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕ АЛАР ЕМЕС» АНА ТІЛІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ДА НАМЫСЫ ЖОҚ ӨЗ ҚАЗАҒЫНАН ӨЗІ ЖЕРІГЕН ҚҰЛАНДАЙ, АНАСЫНЫҢ АҚ СҮТІМЕН БОЙЫНА ДАРЫҒАН АНА ТІЛІНЕ ЖАТЫРҚАЙ ҚАРАП, МҰРНЫН ШҮЙІРГЕН «МӘҢГҮРТ», «ШАЛА ҚАЗАҚТАРДЫҢ, САНАСЫНА  ӘЛІ ЖЕТЕР ЕМЕС.

«Қазақ жерінде қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне іштей қарсылық білдіріп, бұрынғы өткенін аңсап, қазақ ұлтының екіге, үшке бөлініп, жік-жік болып, ырылдасып, алауыздық күн кешуін тілейтін «мысық-тілеу» топтардың бар екені айқын. Саясаттанушы Дос Көшім 2008 жылы «Жас Алаш» газетінде жарияланған «Ресей постимпериялық синдромға шалдықты» деген мақаласында: «1989-1991 жылдары Шығыс Қазақстандағы жағдайды еске алайық. «Қазақ тілі» мемлекеттік тіл болып бекіген тұста Шығыс Қазақстандағы 3 аудан мен 1 қалада тұратын өңшең славян өкілдері жік шығарып, Қазақстанның құрамынан шығып, Ресейге қосылуға бекінгенін әлі ұмыта қойған жоқпыз. Қазақстанда сеператистік бағыттағы топтар әлі де бар» деген сөзі «Жау жоқ деме, жер астында» дегенді меңземей ме? Сорлы қазақ ел болып, еңсесін тіктеп, ана тілін биікке көтерудің орнына қазақ тілін ит жеген терідей тартқылап жатыр. Ұлт зиялысы, ғалым А.Айталы бір еңбегінде «шала қазақтар туралы»: «Адамдарды ұлтқа біріктіретін шешуші күш – ұлттық сана-сезім. Осы сана-сезім сөнген кезде ұлттық қасиет те қалмақ емес. Ол сенің болмысыңда, табиғатыңда, жан-дүниеңде. Социализмнің Кеңестік түрі – ұлт болмысын ұлтсыздыққа қарай бейімдеп, ақ сүт берген анасының омырауын кесетін ұлтсыздар ұрпағын өмірге әкелді», – деп қазақ қоғамындағы шындықты өткір сынап еді.

Батыстың үлкен ойшылы Э.Томсон «Отаршылдыққа түскен ел отарлық қамыттан құтылғаннан кейін міндетті түрде отарсыздануы керек. Отаршылдардың өздері елден кетсе де, олардың көлеңкесі қалады. Отаршылдық – азаттық алған елдің барлық саласында төбе көрсетіп отырады. Саяси жүйе өзгерсе де, отаршылдардың ойран салуынан әбден зардап шеккен ұлттық сана көп уақытқа дейін ойрандалған қалпында қалады. Оның өзгеріссіз қалуы – ең алдымен, тілінде көрінеді. Бұл – «қоспа-мәдениет», – деп жазыпты. Э.Томсон бүгінгі қазақ республикасындағы болып жатқан жағдайды тап басып отыр. Қазір Қазақстанның тілдік кеңістігінде бірнеше тілдік орта қалыптасып үлгерді. Олар – қазақ тілді кеңістік, қазақ-орыс тілді кеңістік, орыс тілді кеңістік және орыстардан кейінге диаспоралардың тілдік кеңістіктері. Қазақ тілінің кеңістігіне келсек, ол қоғамның ең аз қорғалған және орташа табысты ортасы. Қазақ тілінің үстемдеу ортасы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстары және кейбір қазақ көп шоғырланған алыс аудандарды ғана санатқа алсақ, қалған үлкен қалаларда орыс ұлтының саны көп жерлерде орыс тілінің мерейі үстем. Қазақ тілі өркен жаймаған жерде қандай тәуелсіздік болмақ? Қазір барлық жерлерде қазақ балабақшалары, қазақ  мектептері, жоғары оқу орындарында қазақ топтарының саны көбейгені рас. Бірақ орыс тілді мектептерде 300 мыңнан астам қазақ балаларының оқып жүргені, ал қазақ мектептерінде 3 мыңға жуық өзге ұлт өкілдерінің оқып жүргені көңілді көншіте ме? Мемлекет қазақстандық балалардың қазақ тілінде тәрбие мен білім алуын қамтамасыз ететін батыл қадамдар мен кешенді бағдарламаларды жедел қолға алмаса, көш түзелмейтіні айдан анық болып тұр. Онсыз мемлекеттік тілдің мәселесі 100 жылда да оңалмайды. Республикадағы балалардың миллионға жуығы орыс тілді мектептерде білім алуын жалғастыра берсе, елімізде мемлекеттік тілді білмейтіндердің саны азаймайды. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, енді республика көлемінде жас сәбиге алғашқы сыныптан бастап ағылшын, орыс, қазақ тілінде білім беру әлі де жалғасуда. Әлі миы қатпаған, балқыған қорғасындай нәзік ағза мүшелері қалыптасып үлгермеген 6-7 жасар бүлдіршіндер мұндай «эксперименттерді» көтере ала ма? Енді жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде ой айтқан ұлы ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың ой-пікірлерін тыңдап көрелік. Украинаның лингвист-ғалымы А.А.Потебня бір еңбегінде: «Жас жеткіншектің екі тілді білуі оның ойлау жүйесін екіге бөледі және қақ жарылған көзқарастың біртұтастануы қиындайды. Бұл ғылыми абстракция жасауға да кедергі келтіреді. Егер мектептегі тіл отбасындағы тілден бөлек болса, екі түрлі «Сана» пайда болып, үйлесімділік қатынас бұзылып, отбасылық өмір мен мектеп өмірінің арасында моральдық қақтығыс туындайды», – деп ой түйеді. Бұл ащы шындық. Кешегі Кеңес Одағы кезінде орыс тілінде білім алып, енді-енді тәуелсіз ел болсақ та, өзінің ана тіліне ызақорлана қарсы шығып жүрген мыңдаған «шала қазақтар» – сол күндердің ащы жемістері. Ұлы педагог Н.Д.Ушинскийдің «Родное» слово» кітабындағы мына бір тұжырым тіпті керемет. «Халықтың тілі – тарихи тамырын тереңнен алатын, ешқашан солмайтын және халықтың рухани өмірін мәңгілік жайқалтып тұратын – гүл». Тіл арқылы халық пен ел рухтанады. Тілдің айнадай мөлдір, тұнық тереңінде ұлттың бүкіл рухани өмірінің тарихы сәулеленіп тұрады. Туған тіл – адамның ұстазы. Ана тілінде айтылған сөз адамның кеудесін жаңғыртып, жүректің «пинкодын» теріп, рухани сезімін түртіп оятады. Жат тілде құлаққа құйылған сөз – баланың жанына жасалған басқыншылық. Оның сан ғасырлық болмысына көрсетілген қысастық», – дейді ұлы педагог. Қазақтың үлкен ғалымы, ойшыл-педагог жазушы Тұрсынбек Кәкішев өзінің «Көзқамандар» деген мақаласында: «...Адам өз болмысының терең эмоциясын өз тілінде ғана айтып көрсете алады. Ойын туған тілінде  жеткізе алатын  дәрежеге жеткен кезде ғана келесі тілді үйренуге болады. Жансарайын тіл арқылы сыртқа шығара алмаған жағдайда ішкі көңіл-күй жеңіліс тауып, ой құрылысы бұзылады. Қос тілді меңгерген адамның бойында болмыс пен келімсек пиғылдың күресі басталады. Өйткені тілмен бірге ой-сана мәдениеті де еріп келеді», – деп өзінің ұзақ жылғы ғұмырындағы көрген-білгені мен ойға түйгендерін кейінгі ұрпақ білсін деп жазған екен. Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов сонау ХХ ғасырдың басында ұлт үшін шырылдап-ақ бағыпты. Осы бір ұлтжанды жазушы бір мақаласында: «Оқығандар өзін-өзі тәрбие қылу керек, қара халықтан жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өз ұлтын сүюге, халқына өзін сүйгізуге жиһат қылу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды», – деген пікіріне таңғалмасқа болмайды.

Қазақ небір зарлы замандарды басынан өткеріп, «мың өліп, мың тірілген» халық. Тарихшы М.Қойгелді: «Біз жеңілген ұлтпыз, сондықтан бізде кемшілік көп» деп еді. Қазақ халқы бір емес, талай-талай жеңілді. Ол жеңілістер Ресей империясының отарлық саясатының кезеңдерімен тығыз байланысты. Қазақ халқы отаршыл Ресейдің әскери отарлау, саяси-әкімшілік отарлау, яғни, өзіне бағындырудың бірнеше сатысын басынан кешірді. Бірақ отарлау саясатының бұл кезеңдерінде қазақ халқының ұлттық рухы сынған жоқ. Үнемі қарсылық көрсетумен болды. Бұған тарихтағы 300-ден астам қарулы ұлт-азаттық көтерілісі айғақ бола алады. ХХ ғасырдың соңында Ресей империясы отарлық саясатының жаңа кезеңі – мәдени-рухани отарлау үдерісін бастады. Яғни, сананы отарлауды қолға алды. Бірақ қазақ халқының рухы бұған да сынған жоқ. «Қазақтың саяси билігін алдық, жерін алдық, салық салып қанадық, сонда да рухы неге сынбайды?» – деген орыс отаршылдарына ең қастерлі, жымысқы ойды Сталиндік кезеңде әлемдік үкіметтен толық тәуелсіздік алған Ресейдегі Қазақ төңкерісін жасауға бағыт-бағдар берген екі миллион еврейдің ақылды ойшылдары еді. Олар тек қазақ халқы ғана емес, бұрынғы Ресей империясындағы барлық ұлттардың рухын сындырудың жаңа жүйесін ойлап тапты. Ол жүйе – адамды жеке меншіктен айыра отырып, құлдық психологияға үйрету жүйесі болатын. Қазақтың рухын сындыру XX ғасырдың 20-30-шы жылдары қолындағы барлық меншігі мен қорасындағы малынан айырып, өздерін аш-жалаңаш  қалдырып, ашаршылық апатына итеріп жіберген кезде басталды. Қазақтың осы кезде сағы сынды. Сорлы халықты үрей арқылы билеп-төстеді. Жаппай қуғын-сүргін арқылы рухын тұқыртты. Қазақтың соңғы күші 1941-1945-ші жылдардағы Ұлы  Отан соғысы кезінде ұлттың марқасқа азаматтары түгелге жуық майдан даласынан елге оралмай қалған кезде сарқылды. Қазақ ұлты барлық қабілет-қарымынан жұрдай болды. Соғыстан соң бірден орыстандыру саясатының темір қақпанына түскен ұлтымыздың жас буыны мүлдем ұлттық келбетінен айырылып шыға келді. Бірақ жаны сірі халық ұлт перзенті Димаш Ахметұлы Қонаев басқарған 25 жылда тез көбейіп, рухын көтеріп алды. Дүниені дүр сілкіндерген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ұлттық дүмпудің алапат жарылысы, қазақ ұлтының сағы сөнбегендігін бүкіл әлемге айғақтап берді. Тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Сәбит Шілдебай өзінің баспасөз бетінде жарқ көрген: «Түрік танырлық балаң, кәне?» деген  мақаласында: «Қазіргі биліктің «Тілдердің үш тұғырлығы» дегенінен асқан қауіп жоқ. «Үш тұғырлы» деген ұғымның өзі арам ойдың туындысы! Тұғыр адамда біреу ғана болуы тиіс. Ол тұғыр – ана тілің! Ана тіліңде іргетасыңды бекітпей тұрып, өзге тілдерге оқытып жатқан жапондар ақымақ болмаса керекті» деген ойы көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басқаны анық. Қазір осыған қазақтың оқығандары өз ойларын білдіруде. Бәрі де әлі ұлт болып ұйысып үлгермеген қазақ ұлтының жаны – ана тілінің болашағы жайында алаңдаулы.

Батыстың  ұлы ойшыл-ғалымы Дэвид Кристал деген кісі: «Тіл ажалы» деген кітабында «Бір ұлтты жоқ қып жіберу үшін  оларға қостілділікті, яғни, екі тілде сөйлеп, екі тілде іс-қағаздарын жүргізуді енгізсе, сол жетіп жатыр», деп Қазақ елінің басына түскен жағдайды дөп басып болжапты. «Революцияны халық жасайды, бірақ оны буржуазия пайдаланып кетеді», – деп Ресей пролетариятының көсемі В.И.Ленин айтпақшы, Қазақ ұлты 1991 жылы тәуелсіздік алған соң Үкімет басында ұлтжанды, жігерлі азаматтар емес, ана тілінде сөйлей алмайтын қазақ өкілдері пайда бола кетті. Міне, енді соның кесірінен тәуелсіз ел – Қазақстанда ана тілі бейшара халге жетіп, жетім баланың күйін кешуде.

Батыстың белгілі өкілі, космополит Сорос: «XXI ғасырдағы  ең мықты және өміршең идеология – ұлтшылдық», – деп өте тамаша пікір айтыпты. Әрбір қазақ баласы рухы жоғары, ұлтшыл болуы керек. Кезінде түркі елінен шыққан Афроснаб деген ақын: «Түркілер – өз жерінде тек малшы болады, ал жат жерлерде раушан гүліндей жайнап, алмас тастың сәулесіндей  нұрланып ел билейді», – деген  асқақ үні  әрбір қазақ баласына жігер беріп тұрғандай емес пе?

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЙ,

Ардагер, журналист. Талғар ауданы.

Оқылды 6753 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Баспасөз мықты ма, тикток мықты ма?

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет