Жұма, 12 Ақпан 2021 10:03

Мейрамбек МЕРЕКЕҰЛЫ: «Жaн дүниемді ұлтымның мүддесіне бұрдым»

Мен – қазақпын, қазақпын деп мақтанамын!

Ата-бабам салт-дәстүрінен аспаған.

Ел шетіне қауіп төнсе, тік тұрып,

Қалың қолын жаудың лезде таптаған.

Иә, бұндай патриотизмге толы өлең шумақтары кімді болмасын, тебірентері анық. «Толғaнсaм, сaнaмдaғы сұрaқтaрдың сaны көп, көкірегімде мол aрмaн бaр. Тaрaу жoлдың тармақталған бaғытындa жaн дүниемді ұлтымның мүддесіне бұрдым» дейді, менің кезекті кейіпкерім.

Әскерге барып, елдің тыныштығын қорғау ісіне машықтану, шыңдалу, Қазақстан қарулы күштерінің қатарын толықтыру – азаматтық парыз. Бірақ қазіргі жас буын әскерге баруды емес, қашу жолдарын көбірек іздейтін сынды. Оған себеп көп, әрине. Дегенмен, әскери қызметі мен өмірін ұштастырып, институт пен әскери борышын өтегеннен кейін де осы салада тыңғылықты еңбек жолында жүрген азаматтарымыз да бар екенін айту керек. Солардың бірі өз ісінің маманы, сарбаздарға жол сілтеп, патриоттық тәрбие беріп жүрген Мейрамбек Талапкер. Қаракемер ауылындағы №6654 әскери бөлімінде батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Мейрамбек Мерекеұлымен жақында тілдесіп қайтқан болатынбыз.

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдаумен пара-пар. Жастардың біреуі ауырған жанның жарасын емдейтін дәрігер болуды армандаса, бірі ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру жолында ұстаздықты қалайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Әскери институтын тәмамдаған  Мейрамбек Отан алдындағы борышын өтеп, халық тыныштығын сақтауды өмірінің мәні деп біледі. Мейрамбек Мерекеұлы өз ісінің майталманы. Өйткені, мемлекетіне деген мaхaббaты, туып өскен өңіріне, әскери бөліміне деген сезімі ерекше. Отан алдындағы қызметін атқаруды, рота сарбаздарының бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыруды тікелей міндеті деп санайды. Әр сарбазды өз бауырындай көріп, тыныштығын қадағалауға тырысады.

Мейрамбек Талапкердің әкесінің патриотизм жайындағы әсерлі әңгімелері нағыз азаматтың бет-бейнесі мен мінез-құлқын танытып, жастайынан жігерлендірген. Әскери адам болуды армандап өскен ол алдына нақты мақсат қоя білді. Бүгінде өзі де алдына келген сарбаздарға психологиялық қолдау көрсетіп, патриоттық тәрбие беріп жүр. Күн-түн демей, еңбек етіп, үйін жұмысына алмастырып, қарамағындағы 100-ге тарта сарбазды бар білгеніне үйретуі –  оның бастапқы баспалдақтары саналды. Бірақ, лауазымы өскен сайын артылған жауапкершілік те арта түспесе, кеміген емес. Оған мысал, қарамағындағы сарбаздар санының 300-ге жетуі. Сондықтан таңмен таласа тұру, саптық дайындыққа қол астындағы сарбаздарды даярлау, жауын-шашын, қарлы боранға қарамастан ел тыныштығын абыроймен қорғау, апталап-айлап үйінен жырақта, бейтаныс жерде түнеу ол үшін таңсық дүние емес. Таңның атысы, күннің батысы кез-келген жағдайға сақадай сай болуы шарт. Ал ол үшін қырағы-лық, тапқырлық, білімділік қажет. Мейрамбек Мерекеұлының бойында осы үш қасиет ұштасып жатыр.

Бүгінде жастарға Отан алдындағы міндетін түсіндіру маңызды. Әскерге бару – ер жігіттің ел алдындағы қасиетті борышы. Жалпы әскери жарғымен танысып, қару ұстап, саптық даярлықты меңгеруді мектеп қабырғасында алғашқы әскери даярлық пәні үйретеді. Ал әскери парызын өтеуге келген әрбір жас жігіт мектепте алған білімін әрі дайындығын әскери бөлімдерде жетілдіре түседі. Отан алдындағы борышын өтеген сарбаз кез келген жағдайда шапшаң қимылдап, тез әрекет етіп, шешім қабылдайды. Әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, техниканың тілін меңгереді. Ең бастысы – әрбір сарбаздың туып-өскен жеріне деген махаббаты күшейе түседі. Бауыржан Момышұлының: «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскер қызметінен жалтарса, онда ол патриот емес», – деген сөзін өмірлік ұстанымы еткен Мейрамбек, антына әрдайым адал болуды азаматтық борышы санайды.

Маржан АҒЫБАЙ,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Журналистика» кафедрасының 4-курс студенті.

Оқылды 6200 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет