Ай тығылып, күн шыққанын тоқтатпаса, тіршілік те жалғаса бермек. Сұрапыл соғыстан жараланып келген әке жүрегі елжіреп туыстарын іздейді. Әттең, таба алса... амал жоқ, үкілі үміті үзіліп, ет жақындарына деген шексіз сағынышын соғыс өрті басады. Қарағанды топырағында асыр салған сол бір бала кез бұлдырап сағымға айналды. Ақылды Іңкәр ана болса жолдасының тон қалтасынан табылған бір жапырақ суретті алып, құлыпты сандықтың түбіне жасырады. Балаларыма өз елін көрсетіп, атасының мәңгілік сапарға аттанған жері Қарағанды топырағына бір аунатып, балалық шағымның бел жоталарына бурадай мінгізіп келсем деген әкенің арманы еріксіз қара жер қойнына кіреді.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны аңсай тосқан ғой. Жаңа мыңжылдық жеткенде сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылған қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға да жеттік», – деп қуаныпты. Сөйткен жаңа мыңжылдық та орнады. Сол ғасырдың қызығы мен шыжығына куә болған біз де бір пендеміз. Әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орнынан атып тұр. Күн орнына батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ. Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын нешетүрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрына, еліре аттапты. Сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей... Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін өткенді қазып, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеу қажет.
2014 жыл. Астана қаласы «Алтын адам» мейрамханасында өткен ғалым Қайрат Сақовтың елу жасқа толған мерейтойында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Сейіт Қасқабасов, Сағымбай Қозыбаев, Қойшығара Салғараұлы, Сұлтан Оразалинов, Дихан Қамзабекұлы, Болат Көмеков тәрізді ғалымдармен дастархандас боп, рухани нәр, ләззат алғанымды ешқашан ұмытпаспын. Әрқайсысы бір-бір тұлға бұл азаматтарымыздың өздерін ұстауы, бір-бірін құрметтеп, сыйлауы, айтқан ой-пікірлері мені қатты тебірентіп, ризалық сезімге бөледі. Ішімнен: «Өскен елдің өрендері осындай болу керек. Ұлтымыздың ар-намысын, абырой-мерейін өсірер бүгінгі ерлеріміз осы кісілер» деген сенім құшағында көңілді күй кештім.
...Москва. Жанкүйерге қала толы,
Миллион көздер: қызыққа қарат оны.
Бес мың жүйрік, желаяқ жолға шығып,
Өтіп жатты мерейтой марафоны...
...Алпыс аға ұмтылды, сала жанды,
Топтан озған тұлғасы дараланды.
Еуропалық чемпион Мосеев пен
Американ Роджері қала берді...
...Көкіректе қуаныш әні есіле,
Тосқауыл сап өзгенің дәмесіне.
Жетті осылай «бес мыңды» артқа тастап,
Құлагері қазақтың мәресіне...
Жақында Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов ауданымызда болып, құрылыстарды, әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралады. Ауданымыздың жеткен жетістіктерімен аудан басшысы Бинәлі Ысқақ таныстырды.
Ақын атаулылардың абызы Абай: «Есектің артын сүртсең де, жаныңды бақ» деп адал еңбек етіп, күн көруді меңзеп айтқан-ды. Қазіргі нарық заманында кәсібінің нәсібін көруден гөрі, «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүріп, амалын асыратындар жетіп артылады. Алға қойған мақсаты – арзанға алып, қымбатқа сатып, ақша табу.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, бүгінгі жастар – жарқын болашаққа апаратын алтын көпір. Сол көпірдің тұғыры бекем болуы жастардың өз қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та жыл сайынғы Жолдауларында жастар мәселесін ұмыт қалдырмай, мемлекет тарапынан оларға деген қамқорлықты ұлғайта түсті. Осы орайда жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын насихаттау, талқылау мақсатында облыстық ақапараттық-насихат тобы мен аудан жастары арасында отырыс өтті. Жиынға облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкері Ерлан Матай және аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Айбек Ілебай қатысты.
Буквально на днях в районе появилось новая организация – Енбекшиказахское районное общественное объединение ветеранов и инвалидов в Афганистане «Кахарман». Его возглавил Куралбай ЖУМАШЕВ.
«...Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың!
...Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
Ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
Ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!»
Ұстаздықтың ұлы жолымен жүріп, шәкірт санасына білім шуағын шаша білген мұғалімдеріміз ешқашан жадымыздан кетпек емес. Оған дәлел – аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың аудандық мәдениет үйінің төрінде барша аудан ұстаздарын дәріптеп, құттықтауы. Ерекше көңіл-күймен гүлдей құлпырып келген ұстаздар қауымы залдан орын алып, мерекелік концерттің құрметті қонағы әрі көрермені болды.