«Тарихта біз ұялатын ештеңе жоқ» деген еді Елбасымыз. Расында да солай, біз – тағдырымызды тасқа қашап қалдырған елміз. Білегінің күші алтын, найзасының ұшы алтын баһадүр бабаларым Ұлы дала елін жаудан аман сақтау жолында талай жойқын жорықтар жасады. Ымырасыз шайқастарға шықты. Оған дәлел, керегесін Керей мен Жәнібек қалаған 550 жылдағы қазақ халқының басынан өткен небір күнгейлі күндер мен теріскейлі түндер. Иә, шындығы да сол, бірде бағымыз үстем болса, енді бірде басымыз бұғауда, бармағымыз шайнауда қалды. Отаршылдық дәуіріндегі Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы арпалыстар қаншама. Патшалық Ресейдің 1916 жылғы бірінші дүниежүзілік соғысты желеу етіп, әділетсіз жасаған әскери бағытқа қарсы шыққан көтеріліс Орта Азияны түгелдей қамтыды. «Берсек бала өледі, бермесек шал өледі, бала өлгенше шал өлсін» деп ұран тастаған Ұзақ батыр мен Жәмеңке би ерлігі де жадымызда. Батыс пен шығысты тоқайластырған, ұлы Жібек жолы бойындағы ең ірі сауда орталығы болған жәрмеңке бір-ақ сәтте қанның қазанына айналды. Сол Қарқара қасіретінің жалыны шарпымаған, ошағы ортасына түспеген отбасы бұл өмірде некен-саяқ. Бас көтерер тұлғаның бәрі атылды, аңыраған ана, шыңғырған бала даусынан даланың дегбірі қашты. Ол аз десеңіз, тас жас-танып, тау жамылған жетім ұл мен жесір ана ашаршылыққа ұшырады. Сонау Ереуілтөбеде босқаны бар, қашқаны бар 35 мың адам құрбан болды деген дерек те тарихта таңбаланып қалды. Нәубет жылдардың жаңғырығын Мұхтар Әуезов «Қилы заманға» сыйдырды. Ғасырды артқа тастаған сол қасіретті күндердің өткеніне де міне, 100 жыл толыпты. Қарт тарихтың қойнауына Қарқара көтерілісі деп енген осынау сұрапыл жылдардан біз тек сабақ аламыз. Бабаларымыздың ерен ерлігімен сусындаймыз. Өсер елдің өркендері жақында Қарқарада бас қосты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Алатаудың төрінде, Райымбектің жерінде, Ереуілтөбенің белінде жүзеге асқан іс-шаралар топтамасы ауыз толтырып айтарлық. Бастамасы, Нарынқол-Қарқара жол айырымындағы «Тарихқа тағзым» мемориалды кешенінің ашылуы болды.
1916 жылы Жаркент уезінде барлығы 30 болыстық басқарылымдар/ Волостное управление/ болған. Оның ішінде 14-болысы Албандар, 6-болысы Суандар, 10-ата басқа, аралас аталардан құрылған.
Ал Верный уезінде 3 болыс Албан атаның балалары болды. Соның ішінде Түргеннен бері, Далашыққа дейінгі жердегі елдің басын құрап, патша үкіметі Қызылбөрік болысы деп құрылым жасапты.
Жақында Алматы қаласында Қазақ-стан Республикасының және Алматы облысының «Мектеп лигасы» ресми ойындары өтті. Байрақты бәсекеден ауданымыздың құрамасы жүлделі оралды.
Үлкен кісілеріміз тілек айтқанда «халқыңа қалаулы, еліңе елеулі азамат бол» деп жатушы еді. Сол сөз бүгінгі депутаттарымызға қарата айтылған сыңайлы. Олай дейтініміздің жөні бар. Ел қалаулылары жұмсақ креслода отырып емес, халық арасында жүріп мұң-мұқтажын тыңдау керек. Тыңдап та жүр. Айтпағымыз, жақында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Зағипа Яхянқызы Балиева ауданымызға келіп, жұртшылықпен жүздесті. Салынып жатқан нысандардың жұмыс барысымен танысты. Аудандағы жетістіктер мен кем тұстарын депутатқа облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Бектасов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев пен облыстық мәслихат депутаты Едіге Жарықбасов көрсетті.
Бүгін Асы жайлауының төрінде дүбірлі той. Кезінде Шопандар слеті деп аталған жиын қазірде қанатын кеңге жайып, мал шаруашылығының дамуына жол ашатын келелі кеңес алаңына айналды. Ондағы мақсат – көрікті аймағымыздың көркіне көз жүгірту емес, ауыл шаруашылығын дамытудың тетіктерін түгендеу. Осы орайда аудан әкімі Бинәлі ЫСҚАҚТЫҢ қабылдауында болған едік. Әдемі әңгіме жапырағы қамқадай, топырағы торқадай ауданымыздың малшаруашылығы
саласы аясында өрбіді...
Бүгін Асы жайлауының төрінде дүбірлі той. Кезінде Шопандар слеті деп аталған жиын қазірде қанатын кеңге жайып, мал шаруашылығының дамуына жол ашатын келелі кеңес алаңына айналды. Ондағы мақсат – көрікті аймағымыздың көркіне көз жүгірту емес, ауыл шаруашылығын дамытудың тетіктерін түгендеу. Осы орайда аудан әкімі Бинәлі ЫСҚАҚТЫҢ қабылдауында болған едік. Әдемі әңгіме жапырағы қамқадай, топырағы торқадай ауданымыздың малшаруашылығы
саласы аясында өрбіді...
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – деп хакім Абай жырлаған жақсы әннің құдіреті өз биігінен түскен емес. Тамылжыта салған орындаушының даусы мен әуезді әннің ырғағына тамсанып, елжіремейтін жан кемде-кем шығар. Жақында Малыбай жұртшылығы осындай күйді бастан кешті. Ауылдық мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Voice» байқауы өтті.
Өтпелі кезеңнің ең бір ауыр жылдары «анау жоқ, мынау жоқ» деп қабағымыз түсіп, көбірек қыңқылдап жүрген шақта бір әріптесімнің егде жастағы анасы мүгедек арбасында отырған екі аяғы, екі қолы жоқ қара нәсілді азаматтың суретін көрсете қойды. Қазақша айтсақ ол негр жігітінің екі езуі екі құлағында, қоп-қоңыр бетіндегі жарқын күлкіні аппақ тістері әдемі көмкеріп тұр. «Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт» тұр жүзінде. «Өмірден бір түңілсе екі аяғы екі қолы жоқ, сол азамат түңілер еді. Ал аяқ-қолың балғадай, ақыл-ойың да, тұла бойың да сау сендерге не болды сонша жабырқап?!» деген еді өмір көрген сол апай. Бұл әңгімені және тұлдай мүгедек, бірақ өмірге тым ғашық негр жігітінің суретін есіме түсірген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев болды.
Аудандық мәслихат сессиясының алдында тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Экономикалық даму, туризм және спорт мәселелері жөніндегі комиссия аудандағы жолаушыларды тасымалдау және автокөлік инфрақұрылымдарын дамытудың жағдайы туралы осыған жауапты бөлімнің басшысы Бейбіт Искаковтың және Есік қаласындағы автокөлік жолдарын жақсарту бойынша атқарылып жатқан және жоспардағы жұмыстар жөнінде қала әкімі Бауыржан Бименовтың есебін тыңдады. Заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия алдында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бейсенғали Бименов қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, сондай-ақ, түрлі мал ауруларының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайында сөз тізгінін алды. Ал әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссия аудан аумағындағы жастар саясатының жүзеге асуын саралады. Онда аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебай есеп берді. Отырысты аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізді.
Общественный транспорт Есика в середине июля может прекратить свою работу. Такое предупреждение делает исполнительный директор ТОО «Акжол Агротранс» Руслан КАЛИЕВ. Причина тому - отсутствие условий для пассажироперевозок на городских маршрутах, которые ведет данная компания.