Отбасы – жарастық орнаған кішкентай Отан. Бұлай дейтініміз, сыйластығы асқан, берекесі тасқан әулеттің шаңырағында шаттық орнайды. Осындай мерекелі де берекелі ошақтан Отан құралады. Бұл қоғам шындығы. Міне, осынау қасиетті құндылықтарды жас отбасыларға насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұғындыру мақсатында аудандық жас отбасылар байқауы өтті жақында. Түрген шатқалының көз тартарлық сұлу табиғатында бой түзеген байқауға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 4 команда іріктеліп шықты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған «Салауатты ұлт – үлгілі отбасы» деп арнайы айдар да тақты. Байқауды ұйымдас-тырушы-лар: «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы. Ал қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі.
В преддверии Дня Конституции Республики Казахстан акимат Каракемерского округа совместно с каракемерским Домом культуры, школами округа подготовил обширную праздничную программу. 20 августа в актовом зале Дома культуры состоялся концерт, посвященный 25-летию Независимости Казахстана, а в спортивном зале ДК в тот же день прошло межрайонное первенство по волейболу среди ветеранов спорта. В качестве гостей также были приглашены руководитель районного отдела внутренней политики Момунжан Исламов, военнослужащие Каракемерской части Национальной гвардии РК. На площади дома культуры акимат округа организовал для сельчан благотворительный обед.
Өркениеттің өлшемі, білім керек бұл елге, түсірмеу үшін еңсені һәм ардақтау үшін ел сені. Биік белес баспалдағы, рас-ау, білім керек бұл елге, орындалу үшін үздік отыздық – басты арманы. Бұл кеңестің көксегені де сол: ауданның білім сапасын жақсарту. Мақсатқа барар жол біреу: өткенге көз тастау, сөйтіп, болашақты бағамдау. Бұл жол оң нәтижесін де беріп келеді. Айталық, былтыр 79,5 ортақ балмен облыста үздіктер қатарынан көрінсек, биыл жалпы көрсеткіш бойынша 82-ні межелеп, өткен жылмен салыстырғанда тағы да 2,5 балға өрледік.
«Баланы жастан» демекші, жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей емес пе. Бұл заман өскін ұрпақты ата-әже емес балабақша тәрбиелейтін заман. Сол себепті бүгінгі «бәрін біліп туатын» бүлдіршіндерді тәрбиелеу де күрделене түскен.
Мірдің оғындай сөз маржанын теріп айтатындығы мен жүйріктігіне сөз жетпейтін әйгілі ақпа айтыскер ақын Құлмамбет Құланаян биыл 190 жасқа толады. Құлмамбет 1881 жылы жыр жампозы жамбыл Жабаевпен 55 жасында – нағыз кемеліне келген кезінде айтысқан. Ол кезде Жәкең орда бұзар 35 жасқа толған кезі. Осы айтыстан кейін бірін ұстаз, бірін шәкірт тұтып, жыр додаларында бірге жүрген екі алып ақын өле-өлгенше сыйласып өтіпті. Өйткені, Жамбыл: «Құлмамбетпен айтысқаннан кейін атақ-даңқым дүркіреп жүре берді» деп, айтыстарының ішінде Құлмамбетпен айтысын ерекше санаған.
Жақында Шелек әкімдігінің мәжіліс залында «Діни теріс ағымдардың жастарға әсері» тақырыбында кеңейтілген кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жиынға Алматы облысы Дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» оңалту бөлімінің басшысы Тимур Нүсіпханов, Алмалы ауылдық «Есенбай ата» мешітінің имамы Бағдат Дауытхан, сонымен қатар аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, ауылдық округтердің ішкі саясат саласының мамандары, жастар және спорт нұсқаушылары, округ тұрғындары мен учаскелік инспекторлар қатысты. Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.
Жақында аудан әкімі, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ пен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бастаған топ Есіктегі құрылыс жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Ондағы атқарылған жатқан ауқымды істерді көзімен көрді, лайықты бағасын да берді. Сонымен...
Бүгінде аудан ғана емес, дүние жүзінде қоқыс полигондарының мәселесі өзекті тақырып болып тұр. Қоқыстарды төгеміз, алайда оны залалсыздандыратын немесе қайта өңдеуден өткізетін зауыт жоқ. Осылайша, тау-тауболып үйілген қоқыс полигондары ашық аспан астында қала береді.
Жол – қарым-қатынас құралы. Сондыққтан болар Елмен елді, жермен жерді жалғайтын ұзын-сонар жолдардың сапасы жоғары болуына бүгінде сұраныс артып келеді. Бұрынғыдай атпен жүру жоқ енді. Жүйткіген көлікпен зымырап өте шығады. Сәйкесінше, жолдардың мінсіз тегіс болғанын қалайды жүргізушілер. Қалаулары да орынды. Себебі, жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне бөлінетін қаражатқа өз қалтасынан үлес қосады. Қазақта «Жол жаман болса, атаң да сүрінеді, атан да сүрінеді» – деген тәмсіл бар емес пе? Ал бүгінде ауданымыздағы жолдардың жайы қандай? Жолаушыларға қаншалықты жағдай жасалған? Осы сұрақтарға жауап іздеген болатынбыз...
Бұндайда қазақ бәрекелді, демей қоймас. Жерлесіміз Б.Майлин атындағы орта мектептің түлегі Надира Маратова қос бәйгеден бірінші келді. Нақтылап айтсақ, Қазақстан бойынша бокстан өткен ҚР мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы спартакиаданың жеңім-пазы атанды. Бұл бәсеке Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өткен-тін. Екіншіден, 17-24 шілдеде Сербия мемлекетінің Суботица қаласында жалауы желбіреген 34-ші «Алтын қолғап» халықаралық турнирінде де чемпион атанды.