Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 11:17

Жас өркен, жат ағымнан сақтан!

Жақында Шелек әкімдігінің мәжіліс залында «Діни теріс ағымдардың жастарға әсері» тақырыбында кеңейтілген кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жиынға Алматы облысы Дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» оңалту бөлімінің басшысы Тимур Нүсіпханов, Алмалы ауылдық «Есенбай ата» мешітінің имамы Бағдат Дауытхан, сонымен қатар аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, ауылдық округтердің ішкі саясат саласының мамандары,  жастар және спорт нұсқаушылары, округ тұрғындары мен учаскелік инспекторлар қатысты. Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.

 

Шыны керек, бүгінгі жастар әлеуметтік желілердің жетегінде кетті.  Діни сауатсыздықтан ерлеріміз жиһад деп өзін жарды, қыздарымыз экстремистердің етегінде кетті. Бәрі де әлгінде айтқан интернеттің «сиқыры». Өйткені, мамандардың айтуынша, интернет желілеріндегі намаз үйрететін сайттардың 99 пайызы дәл осы экстремистік пиғылдағылардың дәрісі. Оны сайттан алып тастауға ат төбеліндей 50 жылдан астам уақыт керек.

Сонымен адасушылар қайдан келді? Орынды сұраққа Тимур Нүсіпханұлы ұтымды       жауабын да берді жиын барысында:

– Экстремизм мен терроризм белгілі бір дінге қатысы жоқ нәрсе. Адасушылар Исламда да,                                                                        Христианда да, тіпті, Яхуди дінінде де бар. Сондықтан экстремизм дегенде тек Ислам дінін қаралау – әбестік. Қазіргі уақытта ең қауіпті боп отырған уахабизм, тәкфир-уәл-Хиджра мен сәләфистік ағымдар. Тәкфир-уәл-Хиджра – сонау Пайғамбарлардың заманынан бері келе жатқан хауариж деген ағымның негізгі сеніміндегі топ. Ал хауариж деген не? Араб тілінен аударсақ, бөлініп шығушылық дегенді білдіреді. Пайғамбарлардың заманынан кейін ел басқарған Халифа Әли деген кісі өмір сүрген. Сол кезде Әлидің өзіне қарсы шығып бөлінген 12 мың топ хауариж болған. Олардың да бөлінуіне негізгі себеп бар: Шам қаласында арандатушылардың кесірінен орын алған Сыффин деген жорықта 30 мыңнан астам мұсылман қайтыс болады. Сол кезде данагөй Амырбин Асс деген кісі Құранның парақтарын жыртып, найзаның ұшына көтеріп, соғысты әділ жолмен шешеміз дейді. Аралық сот өтіп, екі тарап бітімге келеді. Сол кезде Әлидің өз адамдарының 12 мыңы «Үкімді беруші тек Алла ғана. Бұлай деп Құранда айтылған. Ал сендер екі тараптан төреші сайлап, үкім шығардыңдар. Адамдардың үкімін алдың» деп Халифаның өзіне қарсы шығып, бөлініп кетеді.

Хауариждердің өзі ішінара бірнеше топқа бөлінеді. Алайда, бәріне тән бір сипат: намаз оқымаған, мешітке бармағандар мұсылман боп есептелмейді. Ал біздің Әбуханифа мәзһабында Алланың құлы, Пайғамбардың үмбетімін деген кез келген адам мұсылмандар қатарында. Ал намаз оқымаса, мешітке бармаса жауабын Алланың алдында өзі береді. Дәл сол хауариж сеніміндегілерден анам намаз оқымады, әкем мешітке бармады деп тастап кетіп жатқандар шығады, – деді.

Ал Бағдат Дауытханұлы                жастарымызды жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу керектігін баса айтты. Сонымен қатар жұртты жойып, егемендік іргесін ірітер жемқорлық індетінен жастар санасын алыстатуды күн тәртібіне қойды:

– Ақты ақ, қараны қара дейтін кезең келсе, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман болар еді. Омар (Р.А) бір күні кеште ешкінің майынан шырақ жағып, мемлекеттің жұмысын жасап отырғанда, бір адам қабылдауын өтінеді. Содан ол рұқсат етіп, әлгі адам алдына келгенде, жағып қойған шырағын өшіріп, үстелінің бір бұрышына қойып, жаңа шырақты тұтатады. Сонда кірген адам: «Сіз бір шырақты өшіріп, екіншісін алуыңызда не себеп бар?» дейді. Сонда: «Әлгі жанып тұрған шырақ мемлекеттің ақшасына алынған. Ал сіз жұмыстан кейінгі уақытта келдіңіз. Бәлкім, жеке жұмысыңыз болуы бек мүмкін. Сондықтан оны мен пайдалана алмаймын. Ал мына жаққан шырақ өз ақшама алынған» депті. Міне, осыны жастарымыз ұғынса екен. Тіпті, «сүйікті қызым Фатима ұрлық жасаған болса, қолын кесер едім. Алланың хақ дінінің алдында туған қызыма да бүйрегімді бұрмаймын» деген Пайғамбарымыздың өсиеті бар. Қысқасы, жастарымызды жақсылыққа тәрбиелеу керек, – дей келе: – Бұл әлем төрт түрлі себептен тыныш тұр. Бірінші, әділ басшының әділ билігімен, екінші байлардың Алла жолында жұмсаған игі ісімен, үшінші, ғалымдардың таратқан пайдалы ілімімен, төртінші кедейлердің жасаған дұғасымен, – деп еліміздегі тепе-теңдік қағидасын да түсіндіріп өтті. Ал қоғамдық қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді.

– «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана қазақ.  Сондықтан мәселені есіктен емес, бесіктен іздеу керек. Қазіргі уақытта ата-аналардың басым көпшілігі баланың материалдық қажеттіліктерін өтеумен айналысып кетті. Оны оқытып, білім алуға жол ашсам деп күйбең тіршілік жетегіне жегілді. Ал баланы қолындағы телефон тәрбиелеуде. Салдарынан қолына қару алып, қаныпезер атанды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезов. Тәрбиені оң жолға қоя білейік, құрметті ата-аналар.

Кеңейтілген кездесу соңында Ж.Мұхамедов пен Қайсар Асқарұлы округтегі түрлі шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, жастар бойына патриотизмді дамытуда ерекше еңбегі үшін Шелек селолық округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасовты Алғыс хатпен наградтады.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4268 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет