Жұма, 08 Сәуір 2016 10:37

Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

Бүгінгі виртуалды жастар қоғамында пасық пейілді топтардың алдын орау оңайға соқпай жүр. Сауатсыздық салдарынан әлдекімнің етегінен еріп, жиһад деп желіп, көзсіз тәуекел, негізсіз ұрыстарға ұрынуда. Салдары, жанкеш болып өзін жарды, лаңкес болып түрмеге тоғытылды. Білімсіздіктен басынан бағын тайғызып, бақытын ұшырған сан түрлі тағдырлар жайлы Қаракемер мәдениет үйінде көрсетілген бейнефильм облыстық форумның шымылдығын түрді. Алқалы семинар «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» деп айдар тақты. Оған асыл дінімізді зерттеу жолында самайын ақ шалған зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап өтсек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Қайрат Затов, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті проректорының дін істер жөніндегі көмекшісі Рақымжан Әкімбеков, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Нұржан Манапбаев, Алматы облысы ішкі істер департаментінің өкілі, полиция майоры Бату Букумбаев, облыстық Дін істері басқармасының бас маманы Бауыржан Ниет. Сондай-ақ, аудан имамы Сапархан Төреқұлов бастаған ауыл имамдары, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесінің жетекшілері, әкімдік қызметкерлері және жастар мәжіліс залынан орын алды. Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов жүргізіп отырды.

Алғаш боп мінберге облыстық Дін істері басқармасының бас маманы Бауыржан Ниет көтерілді.

– Алматы облысы бойынша 559 діни бірлестіктер мен филиалдар жұмыс істейді. Жыл басынан 20 ақпараттық топ құрылып, олардың қатысуымен 90-нан астам түрлі бағыттағы іс-шаралар өтті, – деп  облыс  көлеміндегі   діни  ахуалды жан-жақты таразылады. Сондай-ақ,  Бауыржан Амангелдіұлының айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 490 бабымен жұмыс жүргізу қазір басқарма құзырына берілген. Яғни, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу фактісі байқалған жағдайда басқарма өкілдері сотқа жүгінуге құқылы.

Ал Рақымжан Әкімбеков әңгімені әріден қозғады.

– Қазіргі түрлі келеңсіздіктердің себебі не? Біріншісі – сауатсыздық. Кеңес өкіметі кезінде «Барлық қоғамдағы мәселені шешетін түйін ол – маман» деген ұран бар-тын. 70 жыл кеңестің бұғауында болып, санасына сіңірген сол идеологиядан босап шыққан жас мемлекетке теріс пиғылдар ентелеп енді. Естеріңізде болса, бастапқы жылдары ауылдарда екі ауыз құраны мен намазын оқып, жаназа шығаратын адам таппай қалдық. Сол уақыттарда бұл саламызды әлсіретіп алдық. Әйтеуір тездетіп білім бердік, шала білетін имамдарға мешіттің есігін аштық. Екінші, тәуелсіздік алған жылдары басқа салаға басымдық берілді де, дін саласына білікті кадрлар дайындалмады. Оған дәлел, Әлиасқар университетін бітіріп келген білікті кадрлар республика бойын-ша саусақпен санарлық. Ал медреседен шыққан бала не бітіреді? Мысалы, бұл мектеп бітірмегенді университетке жетектеп барғанмен тең. Дәл сол секілді діни мектептік бағдарламадан өтпеген халық қазіргі қоғамда болып жатқан академиялық деңгейдегі күрделі мәселелерді түсінбейді, – дей келе, есте жоқ ескі заманнан санамызға сіңіп қалған осал тұсымызды да белгілеп берді:

– Бағзы заманнан санамызда қалыптасып қалған психология бар. Айталық, екі балаңыз алдыңызда отыр. Біреуі мектепті өте жақсы оқиды. Ал екіншісі бұзық. Қай балаңызды ҚазҰУ-ға бересіз? Әрине, жақсы оқитынын. Ал бұзықты: «Сен медресеге бар, түзелесің, тәубеңе келесің, жаман болмайсың» деп медресеге жібереді.

Дін – ұстара. Онымен ойнауға болмайды. Ал кім ойнайды, соның отына өртенеді. Сондықтан бұл салаға да қағілез жастар керек. Білікті маман мәселесін шешпей, бұл теріс ағымдардан құтыла қоюымыз екіталай.

Ия, жас мемлекеттің өркендеуі білікті мамандардың қолында екені ақиқат. Ал ол үшін жас өркенге жағдай жасау керек. Бұл турасында да: – Кез келген ауыл, округтерде білімді жастар жетерлік. Солардың біреуін медреседе оқытып, білімін толық жетілдіріп, ауылға қайтаруға жергілікті әкімдіктер жағдай туғызса құба-құп еді, –  деген ниетін де жасырып қалмады Рақымжан Әкімбеков.

Ал доцент Қайрат Затов «Қазақстанда-ғы діни жағдай және зайырлы мемлекет пен дін арақатынасының негізгі үлгілері» деген тақырыпта баяндама оқыды.

– Қазір әлемде көптеген мемлекеттерде зайырлылық принципі кең таралған. Одан да өзге теократиялық қағидатын ұстанған мемлекеттер бар. Оларда бір дінге басымдық беріледі. Мысалы, Сауд Арабиясында, Иранда.

Зайырлы мемлекеттің ерекшелігі – діни бағыттарға басымдық берілмейді. Ал неге әлемнің жартысынан астамы зайырлылық принципін ұстанып отыр? Себебі, тарихтан байқағанымыздай, діндер арасындағы жанжалдар ең ауыр қантөгістерге, аяусыз соғыстарға әкеп соқтырады.

Дін мемлекеттен алыстағанымен қоғаммен біте-қайнас. Оны ешкім де ешнәрсе де ажырата алмайды. Сол себепті, ата дінімізді қараусыз сақал мен қара жамылғандарға қаралатпауымыз керек. Осы және діннің ұлт тұтастығындағы орны жайлы Нұржан Манапбаев кеңінен әңгімеледі:

– Ел тыныш болсын десек, ең алдымен басшыға бағынуымыз керек.  Сәйкесінше, басшы да сол елдің парасатты жетекшісі бола білуі ләзім. Аллаға шүкіршілік айтайық, бүгінде мемлекет тізгінін көрегендікпен, даналықпен басқарып отырған Нұрсұлтан Әбішұлындай Көшбасшымыз бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Патша – Алланың жер бетіндегі көлеңкесі. Кім оны құрметтесе, Алланың құрметіне ие болады» деген хадисінде. Сондықтан бірлігіміз бекем болу үшін, ең алдымен ұлт тізгінін ұстаған азаматқа бағынуымыз керек. Абай атамыз «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген еді. Әрдайым бірімізді бауыр, бірімізді дос санап, адамгершілік тағынан түспейік!.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) «Шынайы мұсылман адамдар тілі мен қолынан зиянын келтірмеген адам» деген екен бір хадисінде. Осыны басшылыққа алсақ, бағытымыз түзу, бағдарымыз айқындалары хақ. Ең бас-тысы, қылыштан гөрі қаламға, сойылдан гөрі ғылымға жүгіне білейік. Бейбіт күнде айқын жолдан адаспай, әліміз жетсе, іштегі нәпсімен, сауатсыздықпен күресейік.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3328 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет