Бейсенбі, 04 Тамыз 2016 14:42

Жол қадірін жүрген білер

Жол – қарым-қатынас құралы. Сондыққтан болар Елмен елді, жермен жерді жалғайтын ұзын-сонар жолдардың сапасы жоғары болуына бүгінде сұраныс артып келеді. Бұрынғыдай атпен жүру жоқ енді. Жүйткіген көлікпен зымырап өте шығады. Сәйкесінше, жолдардың мінсіз тегіс болғанын қалайды жүргізушілер. Қалаулары да орынды. Себебі, жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне бөлінетін қаражатқа өз қалтасынан үлес қосады. Қазақта «Жол жаман болса, атаң да сүрінеді, атан да сүрінеді» – деген тәмсіл бар емес пе? Ал бүгінде ауданымыздағы жолдардың жайы қандай? Жолаушыларға қаншалықты жағдай жасалған? Осы сұрақтарға жауап іздеген болатынбыз...

 

«Ауданымыздағы респуб-ликалық, облыстық, аудан-дық маңызы бар жолдарды жалғап, бір тізбекке қойғанда, Қазақстанның басы мен аяғын байланыстырады» – деген еді аудан әкімі Бинәлі Ысқақ бір сөзінде.

Осыдан-ақ, ауданымыздағы жолдардың қаншалықты ұзын екендігін шамалай беріңіз. Бірнеше мыңдаған шақырымды алып жатқан жолдарымыздың басым бөлігі заман талабына сай жөнделді, жөнделіп те жатыр десек артық айтқандық емес. Десе де, жарты немесе ширек ғасыр бойы жөндеу көрмеген жолдарымыз да баршылық.

Алысқа бармай-ақ, кеше ғана көзімізбен көрген Асы жайлауына көтерілетін жолдың өзі жетіп жатыр. «Жайлауға жайылу үшін төрт түлік қана көтеріледі ғой. Оларға жолдың қажеті қанша?» дерсіз. Бірақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивеситетінің Асқаров есімді профессоры менің аудандық газеттің тілшісі екенімді білгенде:

 «Неге Еңбекшіқазақ сынды табиғаты тамаша өңірлерде туризм саласы дамымай тұрғанын білесің бе? Өйткені, туристік аймақтарға баратын жол жоқ. Бар болған күннің өзінде, шұрқ тесік асфальттар. Ал өздерің әнге қосып жүрген Асы жайлауы-на апаратын жолды айтпасаң да белгілі. Шетелдік туристер табиғат аясында, мыңғырған малдың арасында тыныққанды құп көреді. Асы жайлауы – осындай демалушыларға таптырмас мекен. Ал осыны дұрыс жолға қойған Австралия бүгінде туристік саламен экономикасын көтеріп отыр» – деген сөзі еріксіз еске түседі. Расында да, Батаннан Асы жайлауына дейінгі жолдарды асфальттайтын болсақ, бірнеше жылда жолға кеткен шығынды ақтап алуға болар еді. Осы сұрақты аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Ысқақовқа тікелей қойған болатынбыз.

– Түрген ауылына кіре-берістен Асы жайлауына апаратын облыстық маңызы бар «Түрген-Обсерватория» жолының ұзындығы 41 шақырымды құрайды.  2013-2014 жылдары облыстық бюджет тарапынан қаржы бөлініп жолдың 25 шақырымы, яғни, Батанға дейінгі аралық  күрделі жөндеуден өтті. Қалған 16 шақырымына  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындауға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс енгізілді – дейді. Айтуынша, қаржы бөлінсе, бұл аралық та жөндеуден өтпек.  

Ал Есік көліне баратын жол бүгінде тәп-тәуір. Бірақ, бір-екі жерде ой-шұқырлар кездеседі. Бұл таулы аймақта көліктің жүруіне қауіпті. Бейбіт Құлжамайұлының айтуынша, жолдың 5 жарым шақырымына ақау актілері жасалып, жобалық-сметалық құжат дайындауға облыстық басқармаға сұраныс жіберілген. Тек қаржының бөлінуі күтілуде.

Жыл сайынғы ағымдағы жұмыстарды айтпағанда бүгінде қаладағы М.Әуезов атындағы жол күрделі жөндеуден өту үстінде. Мердігер «ДСУ-13» АҚ жұмыстың басым бөлігін бітіріп те қойған. Оған қоса саяжайлықтар үшін қуанышты жаңалықты да атап өткен жөн. Жақында, саяжайдағы 600 орындық мектептің құрылысы басталды. Білім ордасы пайдалануға берілгенше сол маңнан, яғни, жолдың 5-ші және 6-шы шақырымдарында жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өткелі болмақ. Бөлім басшысының айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 14,3 млн теңгеге сұраныс жіберілген. Сондай-ақ, көлік кептелісін азайту мақсатында, Набережная көшесі 800 метрге ұзартылмақ.

Хош, жол мәселесіндегі кем-кетікті түгендеп, жасалып жатқан жұмыстарды тізіп бердік. Ендігі мәселе, қалалықтар аялдайтын аялдамалар жыры. Баршамызға аян, көктемнен бастап аудан орталығында қалалық қоғамдық көліктер іске кірісті. Қуанышты жаңалық, әрине. Алайда, аптап шілдеде қоғамдық көлік тұтынушыларының көлеңке таппай, жақын маңдағы ғимараттың немесе ағаштың саясында тұрғанына қарап жаның ауы-рады. Жаңбырлы күндері тіпті қиын. Аудан орталығында саусақпен санарлық қана аялдама бар. Бірі қала орталығында, енді бірі жоғарғы жағында (Площадка) және төменгі жағында (ПМК). Олардың өзі өткен ғасырдан қалған естеліктер. Ескіріп, құлаудың сәл-ақ алдында. Ең құрығанда, қала орталығында қала әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан аялдаманы бояп қойса сәні кіріп тұрар еді (1-суретте). Бірақ, ол жағы да қарастырылмаған. Жақында Қызылжар (Көктөбе-2) ауылының тұсынан өтіп бара жатып, қираған аялдаманы көзім шалды. Осы күнге дейін тұрғындарға қызмет етіп келген аялдаманың сау-тамтығы қалмапты. Бұл жағдайды бөлім басшысы былай түсіндірді: «Қызылжар ауы-лына кіре-берістегі автобус аялдамасын маусым айында О.Ишпекбаев есімді азамат түнгі мезгілде көлігімен жаншыған. Ол өз кезегінде аялдаманы  қалпына келтіруге қолхат берген.  Бұл оқиға жөнінде республикалық маңызы бар Алматы – Талғар – Бәйдібек би автокөлік жолын күтіп-ұстауға жауапты мекеме «Қазавтожол» АҚ-ның Алматы облыстық филиалы басшылығына, аудандық ішкі істер басқармасына хабарлама берілді. Телефон арқылы сөйлескенімізде аялдама жуық арада қалпына келтірілмеген жағдайда жауап-ты мекеменің өкілдері кінәлі азаматтың үстінен сотқа шағым түсіретіндерін жеткізді» – дейді Бейбіт Құлжамбайұлы. Сонымен қатар, бөлім басшысы жалпы аялдамалардың мәселесі бүгінгі таңда шешімін тауып келе жатқандығын айтты. Сөзіне сүйенсек, бұрынғы орнатылған аялдамалар моральдік және физикалық жағынан тозуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Есік қаласының аумағында бірнешеуі алынып тасталды. Қазіргі күні аялдамалар орнын жеке кәсіпкерлерге жалға беріп, заман талабына сай бірегей типтегі жеңіл конструкциялы аялдамалар құрылысын жүргізу қолға алынуда. Сондай-ақ қоғамдық көлік тоқтауына қолайлы болу үшін «Аялдама» белгілерін орнатуға қаржы бөлінген. Аудандық емхананың маңында осындай аялдаманың құрылысы бүгінде аяқталуға жақын (2-суретте). Демек, таяу арада қалалықтар заманауи аялдамалардың көлеңкесінде қоғамдық көліктерін күтетін болады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3230 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жол қадірін жүрген білер Жерлестеріміз жүлделі оралды »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет