Жұма, 25 Ақпан 2022 15:35

Айтары бар ақын болады

Ақын  – жүйрік, ойнап қаны тасатын,

Ой – жарыста, шаң жуытпас шашасын.

Сөз – маржаны өлеңменен өрілген,

Поэзия патшалығы жасасын!, – деп ақындықтың ауыр жүгін арқалаған Иминжан Исмайылұлы «болар бала болмысынан»  екенін әу баста-ақ танытқан. Бойындағы туа біткен түймедей талантын, таудай талабының арқасында танытып, ақын атанған азамат 60 жасқа толды.

Өлең десе ішкен асын жерге қоятын, ерінбейтін еңбекқорлығының арқасында «Ғасырлар әуені», «Жүрек тербегенде», «Мен сені сағынғанда, «Тұмарым», «Күзгі бақтар», сонымен қатар «Дәрвиши» әншілер тобымен бірлесе 200-дей жаңа әндердің сөзін жазған, өлеңдер жинақтарының иесі Иминжан Тоқтияровтың биыл 60 жасқа толуы мен қатар таңдамалы жыр жинағының 1-томының тұсаукесері өтті. Шелек ауылының мәдениет үйінде. Бұл салтанатты басқосуға мектеп оқушылары мен ұстаздар, ақынның жерлес жақындары, жазушылар, өнер саласының өкілдері жиналды.

Жүзінен жылулық нәр төгеді,

Туған елдің атанып мәрт өрені.

Қырандай самғайтұғын биігінде,

Абыройы  артты бүгін мәртебелі.

Сиы артып жұртына, достарына,

Алпыстың шығып, міне, асқарына.

Ізбасар ұл, өрісті қыз өсіріп,

Жеткенде қазыналы шаққа мына, – деген шақта шаттықтың шымылдығын Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасов ашып, ақынды қос қуанышымен құттықтап, ақынның өмірбаянымен таныстырды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделханұлы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Авут Мәсимов, ұстаз, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Иминжан Юнусов, «Іле өңірі – Или вадиси» газетінің бас редакторы Абдуманап Аблезов, «Дәрвиши» әшілер тобының мүшесі  Райм Хамраев, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары Қанағат Әбілқайыр, аудандық ұйғыр мәдениет орталығы төрағасының орынбасары  Нұржамал Хасанова, тағы басқалар сөз сөйлеп, өлеңдерін оқып, сыйлықтарын тапсырып, шапандарын жапты. «Адасқан арман» атты жаңа шыққан таңдамалы жыр жинағының тұсаукесер рәсімі болды. Жиын соңы концертпен аяқталды.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 2085 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сыйлаған сұлу өлең халық үшін Сан қырлы саңлақ »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет