Сәрсенбі, 20 Шілде 2022 12:31

Бүгін – Халықаралық шахмат күні

 

Шахмат күні кездейсоқ таңдалған жоқ: 1924 жылы 20 шілдеде Парижде Әлемнің түрлі елдерінің ұлттық шахмат федерацияларын біріктірген халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) құрылды. Бүгінде оған 191 ұлттық федерация кіреді. Көптеген елде шахмат спорт түрі ретінде танылады.

Үндістан – шахматтың отаны, "чатуранга" ойыны – қазіргі шахматтың негізін қалаушы. Ойын бұл елде V ғасырда пайда болды. Оның атауы парсы тілінен аударғанда «шах мат» – «билеуші өлді» деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанда шахмат шамамен XI-XII ғасырларда пайда болған. Бұған археолог И. Копылов Алматы маңындағы Талғар қалашығын қазған кезде піл сүйектерінен жасалған шахмат фигураларының табылуы дәлел бола алады. Бұдан басқа мұрағат құжаттары қолымызда жоқ. Тек XIX ғасырдың аяғында бір телеграфта, Верный - Пішкек, Верный (Алматы) - Омбы шахматшыларының арасында ойын өткені туралы айтылған. Осыған қарағанда XIX ғасырда Қазақстанның кейбір қалаларында жергілікті ғана мәні бар шахмат ойындары өтіп тұрғанға ұқсайды. XX ғасырдың басында әсіресе сол кездегі үздік шахматшылардың қатысуымен Мәскеуде халықаралық турнирдің өтуіне байланысты ойын Қазақстанда да жақсы қарқынмен дами бастады. Шахматшылардың алғашқы ресми жарысы 1933 жылы өтті. Осы жылы Бүкілқазақстандық спартакиаданың бағдарламасына шахматтан жарыс еніп, оның бірінші чемпионы атағын белгілі мемлекет қайраткері Г. Меңдешев жеңіп алды. Келесі 1934 жылы республиканың ресми чемпионаты өтті. Ұлы Отан соғысына дейін ерлер және әйелдер арасындағы чемпионаттар 6 рет өтіп үлгерді. 1946 ж. Алматыда Н. Дроздев, А. Нагорный және А. Гескин басқарған шахмат секциясы ашылып, кейін ол шахмат бірлестігіне айналды. Апғашқы бірлестікті шахматтың өркендеуіне үлкен үлес қосқан академик С. Бейсембаев басқарды.

Республиканың VII чемпионаты 1947 ж. өтті. Осы жылдары чемпион атағын Қостанайлық А. Уфимцев бірнеше рет жеңіп алды. Елде Е. Браун, К. Коханов, А. Реут, И. Голяк, Е. Бенкович, В. Муратов, А. Носков, К. Сиверцов сияқты талантты шахматшылар пайда болды. Украинадан Б. Каталымовтың Алматыға көшіп келуі олардың қатарын нығайта түсті. 1960 ж. Республиканың бір топ шахматшылары В. Винкель, Г.Мовшович, В. Муратов, А. Носков, В. Середенко, А. Синявский, Константиновтар, Орта Азия республкалары Қазақстан әйелдерінің арасынан А. Мүсілімова бірінші болып КСРО нормасын орындады. Келесі жылдары олардың қатарына М. Мухин, Б. Анетбаев, О. Дзюбан, Е. Владимировтар, оларға іле-шала С. Темірбаев, А. Ибрагимов, Р. Ержанов, П. Коцур, В. Ткачевтар қосылды. Әйелдер де ерлерден қалысқан жоқ. Т. Коган (кейін Клинк), Л.Тәжиева, Г. және Э. Сахатовалар көзге түсті. Мысалы Гүлнәр Сахатова 3 рет республиканың чемпионы атанып, КСРО чемпионатының финалында 7-ші орынға ие болды. 1989 жылы жазда Алматыда халықаралық турнир өтті. Осында жеңіске жеткен В. Владимиров халықаралық Гроссмейстер атанды.

1991 жылы КСРО халықтарының X спартакиадасының бағдарламасы бойынша турнир Азов қаласында өтті. Кұрамында Г. Сахатова, Э. Сахатова, Л. Тәжиевалар бар Қазақстанның әйелдер құрамасы осы жолы командалық есепте жеңіске жеткен Украина құрама командасынан небәрі 0,5 ұпайға ғана ұтылып, үлкен күміс медальға ие болды. Бірақ осы жарыстан кейін алып империя КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты да Қазақстан Республикасы жеке тәуелсіз даму жолына түсті. Бұдан кейінгі жылдары ел шахматшылары Бүкілдүниежүзілік олимпиядаларға жеке қатыса бастады. Осы сынға қатысқан әйелдер командасы әлемдегі ең мықтылардың бірі екенін танытты. Бірақ апалы-сіңілілі Сахатовалардың шетелге көшіп кетуі мен өте талантты Л. Тәжиеваның мезгілсіз ажалы Қазақстандағы әйелдер шахматын біраз әлсіретіп кетті. 1990 жылдардың ортасында жаңа толқын пайда болды. Б. Асанов, В. Ткачев, Р. Иржанов, П. Коцур (Астана), С. Темірбаев (Көкшетау), М. Кажығалиев (Орал) шахматтың беделін биікке көтерді. Астаналық Д. Садуақасов 1999 ж. 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. 2008 ж. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік олимпиядада республиканың бір топ шахматшылары бұл спорт түрінің үлкен ізбасарлары бар екенін көрсетті. 

 

Дереккөз: Wikipedia ашық энциклопедиясы

Оқылды 5368 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет