Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың ең сұранысқа ие тәсілі – электрондық әдіспен Жеке кабинет арқылы алу
Жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) аударымдарды қадағалау қажеттілігі бар ма? Мұны қаншалықты жиі және қалай жасау керек?
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйін тұрақты негізде қадағалауды, оның ішінде Қордағы жеке зейнетақы шотына жұмыс берушіден жалақыңыздан 10% мөлшерде ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы түсуіне назар аударып отыруыңызды ескертеді. Өкінішке орай, жұмыс берушінің өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан өз жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін жүйелі түрде тексеріп отырғаныңыз артық етпейді.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу – бұл салымшылардың (алушылардың) заңнамалық бекітілген құқығы және оны төмендегі тәсілдермен алуға болады:
- электрондық:
– БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжай бойынша электрондық пошта арқылы;
– Жеке кабинет арқылы;
- тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш жасаған кезде;
- пошта қызметі арқылы.
Қазір зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың ең сұранысқа ие тәсілі – Жеке кабинет арқылы электрондық әдіс. 2022 жылдың 1 қарашасына 6,4 млн-ға жуық адам БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасында Жеке кабинет арқылы әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 тәртібінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу мүмкіндігін таңдады.
Зейнетақы қызметтерін цифрландыру – Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Мысалы, 2014 жылы (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға беруді аяқтау кезеңі) жинақтар туралы ақпарат алудың осы әдісін 330 мыңнан астам адам пайдаланды. Демек, бүгінде олардың саны шамамен 20 есе өсті.
2022 жылғы 1 қарашада 3,2 млн салымшы мен алушыда хабарлау тәсілі БЖЗҚ кеңселеріне жеке жүгіну ретінде айқындалды. Аталмыш статистика Қорда автоматты түрде ашылатын шоттар есебінен толықтырылады. Бұл ретте олар бойынша «Өзі келіп, өтініш беру» хабарлау тәсілі айқындалған. Сіз оны enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте ЭЦҚ пайдалану арқылы өзгерте аласыз, не Қордың кез келген бөлімшесіне немесе «Қазпошта» АҚ-ның 376 бөлімшесінің біріне бару арқылы хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісім жасасуға болады.
750 мыңнан астам адам ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдаған. Естеріңізге сала кетейік, осы ақпараттандыру әдісі таңдалған жағдайда салымшы (алушы) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені БЖЗҚ базасында тіркелген өзінің электрондық мекенжайына enpf.kz сайтындағы электрондық қызмет арқылы шексіз рет жіберуге мүмкіндігі бар.
ЖЗШ-дан үзінді көшірмелері салынған конверттерді әлі де 1 миллионға жуық адам күтуде. 2014 жылы олардың саны шамамен 4 млн болатын.
Мұнымен қатар, пошта арқылы хабардар етуді таңдаған салымшылар (алушылар) қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес Қорға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз.
Сондықтан БЖЗҚ төмендегідей өзгерістер туралы уақытылы хабарлауды сұрайды:
– электрондық мекенжай («электрондық пошта (e-mail)» арқылы хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда);
– пошта мекенжайы («пошта байланысы арқылы» хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда).
Егер мұны уақытында жасамасаңыз, сізге ескі мекенжайға жіберілген ЖЗШ-дан үзінді көшірмесі бар конверт БЖЗҚ-ға кері қайтарылады. Ал Қор өз кезегінде, зейнетақы заңнамасына сәйкес келесі жылға үзінді көшірмені жібермеуге құқылы.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
__________________________________________________________________________________________
Самым востребованным способом получения информации о пенсионных накоплениях является электронный способ через личный кабинет.
Есть ли необходимость в отслеживании отчислений на своем индивидуальном пенсионном счете (ИПС)? Как часто это нужно делать и каким образом?
ЕНПФ на постоянной основе рекомендует своим вкладчикам (получателям) отслеживать состояние своих пенсионных накоплений на ИПС, в том числе обращать внимание на своевременное поступление от работодателя 10% удержанных с Вашей заработной платы обязательных пенсионных взносов на ваш ИПС в ЕНПФ. К сожалению, бывают случаи, когда работодатель не исполняет или исполняет не в полном объеме свои обязательства. Поэтому будет не лишним систематически проверять состояние пенсионных накоплений на своем ИПС.
Получение выписки с ИПС – это законодательно закреплённое право вкладчиков (получателей) и получить ее можно следующими способами:
- электронными:
– через электронную почту на адрес, представленный в ЕНПФ;
– через личный кабинет;
- при личном обращении непосредственно в офис ЕНПФ;
- через услуги почтовой связи.
Сегодня самым востребованным способом получения информации о пенсионных накоплениях является электронный способ через личный кабинет. На 1 ноября 2022 года порядка 6,4 млн человек предпочли возможность получения выписки с индивидуального пенсионного счета в режиме 24/7 из любой точки мирачерез личный кабинет на сайте ЕНПФ или в мобильном приложении БЖЗҚ/ЕНПФ.
Цифровизация пенсионных услуг является одним из важных направлений в деятельности Фонда. К примеру, в 2014 году (периода завершения передачи всех пенсионных активов в ЕНПФ) данный способ получения информации о накоплениях использовали чуть более 330 тысяч человек. Следовательно, на сегодня количество выросло почти в 20 раз.
На 1 ноября 2022 года у 3,2 млн вкладчиков и получателей способ информирования определен как при личном обращении в офисы ЕНПФ. Данная статистика пополняется за счет счетов, которые в ЕНПФ открываются автоматически и при этом по ним по умолчанию определяется способ информирования «личное обращение». Изменить его можно в личном кабинете на сайте enpf.kz с использованием ЭЦП, либо посетив любое отделение ЕНПФ или одно из 376 отделений АО «Казпочта», где можно заключить соглашение об изменении способа информирования.
Более 750 тыс. человек выбрали получение выписки с ИПС по электронной почте. Напомним, что при наличии данного способа информирования вкладчик (получатель) имеет возможность самостоятельно направлять выписку с ИПС на свой электронный адрес, зарегистрированный в базе ЕНПФ, неограниченное количество раз посредством электронного сервиса на сайте enpf.kz.
Заветные конверты с выписками с ИПС все еще ждут порядка 1 млн чело-век. В 2014 году их количество составляло около 4 млн.
В тоже время выбравшим информирование через почту напоминаем, что согласно действующему пенсионному законодательству вкладчики (получатели) обязаны сообщать в ЕНПФ обо всех изменениях, влияющих на выполнение ЕНП Фсвоих обязательств.
Поэтому ЕНПФ просит своевременно сообщать об изменениях:
– электронного адреса (в случае выбора способа информирования «по электронной почте (e–mail)»);
– почтового адреса (в случае выбора способа информирования «посредством почтовой связи»).
Если этого не сделать своевременно, например, конверт с выпиской с ИПС, направленный вам на старый адрес, вернется в ЕНПФ, который, в свою очередь, имеет право согласно пенсионному законодательству на следующий год выписку не отправлять.
Пресс-центр АО «ЕНПФ».