Жақында аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметовтың төрағалығымен аудандық депутаттардың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Биылғы жылғы мұндағы басты өзгешелік – тұрақты үш комиссия емес, оның саны төртке жетті. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды: экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2017-2018 жылдарға жоспарлаған жұмыстары туралы, депутаттық сауалда көрсетілген мәселелерді орындау мақсатындағы аудандық ветеринария бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі, биотермиялық мал қорымдарын күтіп ұстау деңгейі мен тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, ауыл шаруашылығы ет-сүт өнімдерінің қозғалысын қадағалау, үшінші, аудан бойынша мемлекеттік кірістер…