Жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғылыми ұйымдарының ғалымдары агробизнес өкілдерімен және әкімдік қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Асқар Наметов, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директоры Серік Кененбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және азықтандыру ҒЗИ» ЖШС директоры Әбдірақман Омбаев, Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының кеңесшісі Бөрібай Жексембин, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасунов, Алматы өңіріне қарасты тоғыз ауданның әкім орынбасарлары…