Дүйсенбі, 04 Қазан 2021 14:21

Шелек мектептерінің озат ұстаздары

Кубенбаева Айгүл Тұранқызы. Білімі жоғары, мамандығы педагог-психолог. Еңбек жолын 1986 жылы Шелек ауылы 6-шы балабақшадан бастаған. 1997 жылдан Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернатқа тәрбиеші болып, 2006 жылдан бастап интернат меңгерушісі. Интернатта 120 бала жатып тәрбиеленуде. Мақсатымыз – осы балаларды адамгершілікке, имандылыққа және жан-жақты үйлесімді дамыған білімді тұлға тәрбиелеу. Балалар әр түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Мәдениет үйі және кітапхана ұжымымен бірлесіп жұмыстар атқарады. М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтудан жүлделі орындарға ие болған.  Шелек орман шаруашылығында «Жас орманшылар» клубының мүшелері. Тәрбиеленушілер 100 пайыз спорт үйірмелеріне  қатысады. Қыздарымыз би және қолөнер үйірмелеріне барады. Интернатта жоспар бойынша тәрбие сағаттары өткізіліп отырады. Ата-аналармен үнемі байланыста боламыз. Облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының алғыс хаттары, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

С.БЕКҚОЖА, мектеп директоры.

 

Палтушева Мехриван Абдурашитқызы Розыбакиев атындағы орта мектепте биология пәнінің мұғалімі. Негізгі мақсаты – оқушылардың шы-ғармашылық қабілетін, танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған және мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Оқушылары С.Ашимбаева, Р.Жамалов, Н.Маметова республикалық және облыстық МАН ІІ және І жәрежелі дипломдарды жеңіп алған. М.Палтушева «Жас дарын»  орталығының «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері.

Ч.АЛИМОВА, мектеп басшысы.  

 

 

Киселёва Любовь Николаевна окончила Ивановский государственный университет по специальности «Математика». Она 30 лет проработала в средней школе им.Ленина (ныне СШ им. К.Бижанова). Ее уроки отличались научностью, логической последовательностью и легкостью восприятия учебного материала. Применяла различные методы и приемы обучения, способствующие развитию функциональной грамотности ее учеников. Ее ученики участвовали в различных олимпиадах и конкурсах и занимали призовые места, победители предметных олимпиад, конкурсов научных проектов, предметных дистанционных  олимпиад, Республиканской заочной школы «Дарын». Ученик 6 класса Радомир Батурбаев стал призером Республиканского конкурса «Мың бала» и был зачислен в интеллектуальную заочную школу «Инновация». Авторы программы элективного курса «Практикум по решению текстовых задач» (10-11 классы). Была награждена почетной грамотой областного департамента образования, грамотой районного отдела образования, грамотой МАН. Л.Киселева сейчас на заслуженным отдыхе.

Ж.АБДЫКАДЫРОВА, директор школы.

 

 

Анапияева Салтанат Абдилдақызы Шелек гимназиясының 28 жылдық еңбек өтілі бар жоғарғы санатты музыка пәнінің мұғалімі. Өзінің авторлық бағдарламасына сай «Домбыра», «Хор», «Вокал» үйірмелелерінде домбырада ойнайтын 100, басқа аспаптарда 10, хорда ән орындайтын 80, жеке және дуэт, вокалдық топта  40 оқушыға жетекшілік етеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 100 оқушыдан құралған «Атамұра» оркестрінің шығармашылық жұмысын ұйымдастырып, гимназия басшысы Ардақ Қырықбай демеушілік жасап 10 домбыра сыйға тартқан. Ұстаздың оқушылары халықаралық, республикалық байқауларға қаты-сып, аудан мақтанышына айналып отыр. 

К.ӘБДІҚАСОВА, директордың орынбасары.

Оқылды 1336 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет