Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025 10:27

Көкжөтелдің алдын алу

 Көкжөтел – интоксикация көріністерімен сипатталатын, өзіне тән қатты (қалшылдаған) жөтел және құсу ұстамалары болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральдық көріністерімен қоса жүретін, ауа-тамшы жолы арқылы берілетін антропонозды,  жіті респираторлық бактериялық инфекция.             Ауруды қабылдағыш болып 5 жасқа дейінгі балалар саналады, ал 10 және одан  үлкен жастағы балалар көкжөтелмен сирек ауырады.        Ересектер арасында да бұл ауру сирек кездеседі, жұқтырған күннің өзінде аурудың белгілерісіз өтеді.          

Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия.        Бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы қоршаған ортаға тарап, дені сау балаға жұғады. Бактериялар науқастың тыныс органдарында өсіп-өнеді.         Ауру қоздырғышы сыртқы орта  әсерлеріне төзімсіз келеді, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың қолданған заттары (ойыншығы, ыдысы т.б.) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін адамның ағзасында осы ауруға қарсы тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 4 тен 21 күнге дейін, жиі жағдайда 14 күнге созылады.           Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Біртіндеп жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай). Жөтел жиі ұстағанда бала тұншығып, қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады.  Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Ұстамалы жөтел болмаған аралықта баланың дені сау болып көрінеді. Көкжөтел әдетте 3 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Көкжөтел, әсіресе, бір жасқа дейінгі емшектегі балалар үшін қауіпті.   Көкжөтелдің алдын алу ерте анықтауға (диагностикалау), науқастарды оқшаулауға және белсенді иммунизацияға негізделген.

Көкжөтел – бұл вакцинациялау арқылы алдын алуға  болатын ауру.  Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес көкжөтелге қарсы вакцинация баланың 2,3,4 және 18 айында жасалады.  Вакцинациялау  арқылы ауруды және оның асқынуын болдырмауға болады.

                     

Д.Бақберген,

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

                                                      басшысының орынбасары.

Оқылды 885 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет