Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025 10:33

Менингококк инфекциясының алдын алу

Менингококк инфекциясы –бактерия тудыратын,  жіті жұқпалы ауру.  Науқас не болмаса тасымалдушы жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі.  Эпидемиялық тұрғыдан  қауіпті болып аурудың клиникалық белгілері жоқ,  менингококк тасымалдаушылары саналады.

Аурдың жасырын, инкубациялық кезеңі орташа есеппен 2-4 күн, жұқтырған сәттен бастап аурудың басталуына дейін, кейде бір күннен он күнге дейін жетуі мүмкін. Менингококкты менингит кезінде ауру кенеттен басталып, бас ауруы, құсу, денеде жұлдызша секілді бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының +39+40С0 қа дейін көтерілуі,  дененің  қалтырауы пайда болады. Науқастың терісі бозарып, жалпы әлсіздік, денесінде және аяқ қолдарында ауырсыну байқалады. Ауру айқын белгілерсіз, бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингит түрінде, әлсіз көрінетін уыттану және ринофарингит түрінде өтуі де мүмкін. Аурудың белгілері жиі жағдайда жіті респираторлық вирустық инфекциялардың белгілеріне ұқсас өтеді.

 Менингококкты менингит  кезінде бірінші кезекте назар аударатын белгі, ол – бөртпе.

 Менингит нақтамасы науқастың мұрын - жұтқыншағының шырышты қабатынан алынған жағындыны бактериологиялық зерттеуден оң нәтиже шыққанда қана расталады. Менингит өкінішке орай асқынған, жайылмалы (генерализацияланған) түріндегі менингит және менингококцемия (менингококты сепсис) түрінде өтуі мүмкін.

  Менингококк инфекциясы кезінде келесі асқынулар болуы мүмкін:

-инфекциялық-токсикалық шок;

-жіті бүйрек үсті безі жетіспеушілігі;

-жіті бүйрек жетіспеушілігі;

-мидың ісінуі;

-және екіншілік инфекция қосылуы мүмкін;

      Менингококк инфекциясы циклділігімен және маусымдылығымен сипатталады. Сырқаттанушылық қыс және көктем айларында (желтоқсан-мамыр) жоғарылауы байқалады, себебі бұл кезде  мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабығының төзімділігінің төмендеуімен, вирустық аурулардың жоғары жиілігімен түсіндіріледі.

      Науқастың медициналық ұйымға ерте қаралып, емі уақытында басталмаса  менингококк инфекциясы өлімге әкелуі мүмкін.

      Аурудың жұқтыру және өршу қаупін болдырмау үшін мынадай қарапайым алдын-алу шараларын ұстану қажет.

  • Қол жуу. Бұл қағиданы өзіңіз сақтаңыз және балаларға үйретіңіз. Тамақтанар алдында, дәретханаға, қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.
  • Жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз. Басқа адамдармен бір стақаннан ішпеңіз, жеке асхана аспаптарын қолданыңыз, гигиеналық ерін далабын, тіс щеткасын ешкіммен бөліспеңіз.
  • Жиі демалыңыз, жеткілікті ұйықтаңыз, жаттығулар жасаңыз, дұрыс тамақтаныңыз: көкеністер, жемістер, дәнді дақылдарды пайдаланыңыз.
  • Маусымдық сырқаттанушылық көтерілуі кезеңінде адамдар көптеп жиналатын шараларға баруды шектеуге тырысыңыз. Барған күннің өзінде бетперде киіңіз.
  • Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз.

Есіңізде болсын! Менингококк инфекциясы кезінде үй жағдайында өз бетінше ем жасауға болмайды!

 

Д.Бақберген, Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары.

Оқылды 686 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет